Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Биыл «QazaqGaz» ұлттық компаниясы геологиялық барлау, күрделі құры­лыс жоба­ларына ден қойды. Бұл сәйкесінше газды ішкі тұтынудың артуы­на, елі­міздің газ қоры ауқымын кеңейту қажеттілігіне байланысты болды. 2025 жыл­дағы басымдықтар қатарында газ инфрақұрылымын нығай­ту, «QazaqGaz Aimaq» АҚ арқылы Астана мен оның агломерациясын одан әрі газ­дан­дыру жөніндегі жоба­ларды іске асыруды қоса алғанда, өңірлерді көгілдір отын­мен қамту көзделді.

Аймақтар – ерекше назарда

2025 жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газға қол жеткізсе, 2026 жылы тағы 41 елді мекенге газ берілетін болады. Мәселен, егер 2024 жылдың 1 қаңтарында ел тұр­ғын­дарының 62%-ы газбен қамтамасыз етіл­се, 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 64,2%-ға дейін өсті. Бұл ретте, ішкі на­рықта газ тұтыну көлемі үнемі өсіп келеді: жыл қорытындысында тиісті меже 20,4 млрд текше метрді құрады. Ірі жобаларды жүзеге асыру, жаңа магистральдық газ құбырларын қосу арқасында жүздеген елді мекенде өмір сүруге қажет қолайлы жағ­дай жасалып, қарқынды дамуға мүм­кіндік туды.

2025 жылы газ мамандары үшін ең маңыз­ды оқиғалардың бірі «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысының мер­зі­мінен бұрын, 1 жыл, 4 айда аяқталуы болды. Жобаны іске асырудың арқасында Жетісу облысының 84 елді мекені газға қосылатын болады, бұл өңірді газдандыру деңгейін 56,5%-дан 76%-ға дейін көтеруге жол ашады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Сарыарқа» газ құбырының 1-кезеңін іске асыру аясында Астананың айналасында орналасқан елді мекендерді газдандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. «QazaqGaz Aimaq» компаниясы мамандарының белсенді атсалысуымен Нұрлы, Талапкер, Қоянды, Ы.Алтынсарин, Аққайың елді мекендеріндегі 35 мың адам газ игілігін көре бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпір барысында Қосшы қаласы газға қосылды. Сөйтіп, қаладағы 31 мың тұрғын «көгілдір отынға» қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Өркендеу кілті – газ транзиті

Халықаралық газ транзиті көлемінің ұлғаюы 2025 жылы компанияның операциялық, қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға ықпалын тигізді. Жыл қорытын­ды­сында магистральдық тасымалдау көлемі жоспардан 5%-ға артық орындалды, экспорт жеткізілімдері өсті, халықаралық тран­зиттен түсетін кіріс ұлғайды.

Газ тасымалдаудың жалпы көлемі 88,3 млрд текше метрді құрап, оның 53,2 млрд текше метрі «Орталық Азия – Орталық», «Одақ – Орынбор – Новопсков», «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбырлары арқылы өтетін транзитке тиесілі болды. Бұл де­геніңіз, ұлттық компания қызметінде транзит бағытының маңыздылығын көрсетеді.

Цифрландырудағы серпіліс

«QazaqGaz» күнделікті жұмысында жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізуді берік ұстанып отыр. Компанияның басты тұты­ну­шылық өнімі – «QazaqGaz Aimaq» мобильді қосымшасы, абоненттерге есепке алу құралдарының көрсеткіштерін фото­суреттер арқылы беруге мүмкіндік туғызды. Жасанды интеллектіге негізделген алгоритм­дер есептегіш көрсеткіштерін автоматты түрде таниды, деректерді або­нент­тің қатысуынсыз өңдейді. Қазірдің өзінде 330 мыңнан астам адам осы сервисті пайдаланса, 2026 жылдың соңына дейін барлық абоненттің кемінде 10%-ын қосымшаға қосу жоспарланып отыр.

Egov порталында қолданысқа берілген газдандыру жөніндегі ЖИ-кеңесші жылдам әрі тәулік бойы жауап бере отырып, байланыс орталықтарының жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар техникалық шарттарды беру үдерісі толығымен онлайн сипатқа көшті. Қажетті құжаттар дерекқордан автоматты түрде жүктеледі. Оларды тіркеу жылдамдығы 12 есеге өсті. Қазірдің өзінде абоненттердің жартысы оны онлайн тәртіпте алуды құп көреді.

Газ қорын кеңейту

Компания геологиялық барлауды жандандырды. Жамбыл облысындағы Малдыбай учаскесінде газ қоры расталып, сейсмикалық барлау жұмысына дайындық жүргізіліп жатыр. Анабай кен орнында үш пайдалану, бір бағалау ұңғымасы бұрғыланды.

Сонымен қатар Амангелді тобының құрамында Барханная кен орны іске қосылды. Жоба жаңа жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдер жасауды көздейді. Кен орнында газ өндіру 2026 жылы шамамен 30 млн текше метрді, 2028 жылға қарай ең жоғары деңгей ретінде 65 млн текше метрді құрайды деп күтіліп отыр.

Бірнеше келісімге қол қойылды:

– ҚазАзот компаниясымен Северный-2 учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім;

– Саралжын учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім;

«CNPC» компаниясымен «Северный-1» учаскесі бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әзірлеу жобасы бекітілгенге, өнеркәсіптік пайдалануға көшкенге дейінгі барлау кезеңін қаржы­ландыру туралы келісімдер жасалды.

«Северный-1» жобасы газдың ресурстық базасын ұлғайтуда аса үлкен рөл атқармақ. Жаңа келісімдерге қол қою рәсімі Пекиндегі жоғары деңгейде өткен кездесулер аясында жүзеге асырылды.

2025 жылы «Chevron» компаниясымен КТ-III (Жәлібек) учаскесін бірлесіп зерттеу жұмыстары аяқталды. Бірлескен жобаны іске асыру жөніндегі келесі қадамдар талқыланады. Сонымен қатар «ENI» компаниясымен Батыс Қазақстанда орналасқан Каменковский блогі бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Ауқымды газ жобалары

Газға ішкі сұраныстың артуы, өңірлерді белсенді газдандыру, экспорттық-тран­зиттік әлеуетті дамыту жағдайында «QazaqGaz» бірқатар стратегиялық бастаманы іске асыруда. Олардың ішінде шикі газды өңдеуге қатысты ауқымды жобалар бар.

Мысалы, Ұлттық компания үшін қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр Қашаған газ өңдеу зауыты құрылысының салмағы зор. Жоба қазірдің өзінде белсенді жүруде: жауапты іске 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылып, 340-тан астам техника тартылған. Бұдан тыс, қуаты 2,5 млрд текше метр жаңа газ өңдеу зауыты бойынша алдын ала жобалау (Рre-FEED) кезеңі аяқталды.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісінің жобасы елді болашақ газбен жабдықтаудың тұрақты­лығы тұрғысында ерекше мәнге ие болып отыр. 2025 жылы жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, сондай-ақ құбырлар мен газ айдау агрегаттарын жеткізуге келісімшарттар жасалды. Бұл өз кезегінде құрылысты іске асыру кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.

Сығымдалған табиғи газды дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бүгінде елімізде көлікке газ құятын 24 компрессорлық станса жұмыс істейді, оның 6-уы «QazaqGaz Onimderi» ЖШС-на тиесілі. Стансалар Алматы мен Ақтөбеде жұмыс істейді. 2026 жылы «QazaqGaz» брендімен Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында, Жетісу облысында тағы бес бекет іске қосы­лады деп жоспарланып отыр.

Адам капиталы

Жұмысшы мамандықтары жылы «QazaqGaz» адами ресурстарды дамытуға баса назар аударды. Ұлттық газ ком­паниясының кадрлық әлеуетін дамыту, болашақ кадр қорын дайындау жөніндегі «QazaqGaz» көшбасшылар пулы» жобасы іске қосылды. Кадр резервіне әкімшілік, инженерлік-техникалық, өндірістік блоктардан көпсатылы іріктеуден сәтті өткен «QazaqGaz» компаниялар тобының 27 қыз­меткері кірді.

Сонымен қатар 8 мыңнан астам маман жұмысшы кәсіптері бойынша қайта даярлаудан, оқытудан өтті. Газшылар тұрақты негізде «Үздік маман» кәсіби шеберлік конкурсына қатысып, біліктілігін растайды, жалақыларына қосымша үстемеақы алады.

Еңбек жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылып, Теміртау, Жезқазған қалаларында Ұлттық компанияның «Ин­тергаз Орталық Азия» еншілес кә­сіпор­нының қолға алуымен зама­науи вахта кешендері салынды. Олардың әрқайсысында әкімшілік-тұрмыстық блок, оқу сыныбы, медициналық кабинеттер, жаттығу залы, кір жуатын бөлме, демалыс бөлмелері, заманауи қауіпсіздік жүйесі бар. Атырауда жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді. 2025 жылы әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды жақсарту мақсатында барлығы 33 нысан жөнделді.

Ұлттық компанияның биылғы 25 жылдық мерейтойына орай, газ саласын дамытуға үлес қосқан еңбек адамдарына сый-құрмет көрсетілді. Үш мыңнан астам жұмысшы мен ардагер марапат иеленіп, ел өңірлерінде газ қызметкерлерін, олардың кәсіби жолын құрметтеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Газ саласын дамыту жүйелі түрде жүр­гізіліп келеді. Алда өңірлерді одан әрі газдандырудан, газдың ресурстық базасын дамытудан бастап, инфрақұрылымды жаңғыртуға, ішкі-сыртқы нарықтарға жеткізілімдердің сенімділігін арттыруға дейінгі көптеген келелі міндет тұр. «QazaqGaz» келесі жыл табалдырығын басым­дықтарды нақты айқындаған, оларды іске асыруға дәйекті түрде кірісуге дайын күйде аттап отыр. Нәтижесі сол, ха­лықтың газ игілігіне қол жеткізуі жо­ғарылап, елдің энергетикалық қауіп­сіздігі нығайып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары