Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Елде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді

Елде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Әр бесінші қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейді. Бүгінде бұл салада 4,4 млн-нан астам азамат жұмыспен қамтылған.

Бұл көрсеткіш жылма-жыл өсіп келеді. Бұған мемлекеттік қолдау аясының кеңеюі мен азаматтардың кәсіпкерлікке деген ынта-ықыласының артуы себеп.

Менің қолымда ұстап тұрған торт мерекелік кештерде, әсіресе бүгінгі Жаңа жылда, дастархандарыңыздан табылары сөзсіз. Бүгін де дәл осылай 5 мыңнан астам торт дайындалып, осы сөреге сатылымға шығарылады. Бұл кондитерлік желі халықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, бүгінде 30-дан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстанда бизнестің 99 пайызын дәл осындай шағын бизнес құрайды, мұндай шағын бизнестер ел экономикасының маңызды тірегіне айналып отыр.

Динара Есембаева есеп қағаздарын мәзірге ауыстырған маман. Ол алғашында мемлекеттік қызметте есепші болып қызмет еткен қазір кондитерлік желінің иесі. Көпбалалы ана әрдайым жеке бизнесін ашуды армандапты. Алғаш қадам жасағанда қаражат және маман тапшылығына тап болған. Бірақ қиындыққа қасқая қарсы тұрып, шеберлік сыныптарында шыңдалып, талмай ізденіп, тәжірибе жинауға көңіл бөлген.

Динара Есембаева, кондитерлік желінің иесі:

- Кішкентай цехымды ашып бастадым. Бар жоғы үш-ақ адам болдық. Шеф кондитеріміз және админстраторым болды. Осы үшеуіміз бастаған болатынбыз. Бір күн өтті, он күн өтті ақырындап клиенттер келе бастады. Аз болса да инстаграм арқылы жарнама жасап бізді біле бастады.

Кәсібі бір дүкеннен басталды. Кейін мемлекеттен қолдау алып, кондитерлік желі мен торт жасайтын шағын цехқа айналды. Қазір 30-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол бизнеске арналған тиімді бағдарламалардың барын айтады.

Динара Есембаева, кондитерлік желінің иесі:

- Даму қорына барып, қандай көмек, қандай пайыздар, қаржыны неше жылға береді деп сол кеңес алдым. Шамамызға қарап, қаражатымызды, есептерімізді, салық декларацияларын жинап, шамамыз келіп тұр екен, неге оны қолданбасқа деп, банкке құжаттарымызды тапсырып несие алдық. Өте қолайлы шарттармен.

Кәсіпкерлер үшін екі кепілдік қоры  құрылған. Бірі шағын-орта бизнеске кепілсіз көмек беріп, мемлекеттік қаржыға тәуелділікті азайтуға арналған. Екіншісі ірі инвестициялық жобаларды қолдайды.

Дана Мамбаева,  ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің бас сарапшысы:

- Шағын және орта бизнеске арналған кепілдік қоры 7 млрд-қа дейінгі жобаларды қаржыландыруға қамтитын, ал ірі инвестицияларға арналған екінші кепілдік қоры 7 млрд-тан асатын жобаларды қаржыландыруға қамтитын қор болып табылады. Бүгінгі таңда бірінші кепілдік қоры шеңберінде 464 млрд теңге сомасында 2 779 жобаға қолдау көрсетелді. Ал екінші кепілдік қоры шеңберінде 23,7 млрд теңге сомасында екі жоба қолдау тапты.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету – Үкіметтің басым бағыттарының бірі екенін айтқан. Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 40 пайызға жуықтайды. Енді келер жылдан «іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылады.

Дана Мамбаева,  ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің бас сарапшысы:

- Бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылатын атап өтеміз. Бірінші - қаржылық шаралар шағын бизнестің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Сыйақы мөлшерлемесін біріктіру және субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру. Екіншісі - қаржылық емес шаралар яғнм ол деген кәсіпкерледі онлайн оқыту, біліктілігін арттыруға арналған сервистсік консультациялар болып табылады. Үшінші -инфрострутуркалық шаралар үй жайлары мен жер учаскелерін жеңілдетілген жалға беру болып табылады.

Биыл тоғыз айда шағын-орта бизнестен жергілікті бюджетке 2,5 трлн-нан аса теңге түскен. Бұл шағын және орта бизнестің жергілікті қазынаға айтарлықтай үлес қосып отырғанын көрсетеді.

Авторлары: Асылжан Құрманғали, Самат Қазанбаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 17:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары