Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Елде су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасып жатыр

Елде су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасып жатыр

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еліміздің өңірлерінде көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын барынша азайту бағытында жүйелі жұмыс істеліп жатыр. 

Фото: ТЖМ

Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстарға аэровизуалды тексеру жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтің басшылығымен құрылған жұмыс тобы ТЖД, Ертіс бассейндік су инспекциясы және «Қазгидромет» өкілдерімен бірлесіп, Ертіс және Оба өзендерінің арналарын, қар қорын және су шаруашылығы нысандарының жай-күйін бағалады. Тексеру қорытындысы бойынша гидрологиялық ахуалдың тұрақты екені және Шүлбі ГЭС-тің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны атап өтілді. Сонымен қатар су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және өңірдегі барлық жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылын үйлестіру мақсатында қосымша алдын алу шаралары айқындалды.

Фото: ТЖМ

Ақмола облысында 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында өтіп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы аясында Көкшетау қаласында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға ТЖД қызметкерлері, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары және волонтерлер қатысты. Қатысушылар зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын үйлердің ауласындағы қарды тазалауға көмектесті, сондай-ақ қаптарды инертті материалдармен толтыру жұмыстарына атсалысты.

Фото: ТЖМ

Жалпы 60 зейнеткерге, 30 көпбалалы отбасыға және 57 жалғыз тұратын азаматқа көмек көрсетілді. Жұмыстар 403 аулада жүргізіліп, 1138 адам қамтылды, оларға қауіпсіздік шаралары бойынша 583 ұсыным табысталды. Қыс мезгілінің басынан бері жергілікті атқарушы органдар 979 мың текше метр қар шығарды, жалпы көлемі 20 316 мың тонна болатын 225 400 қап инертті материал дайындалды. Жұмыстарды жедел жүргізу үшін тиегіш пен самосвал сияқты арнайы техникалар пайдаланылды.

Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында су қоймаларын тұрақты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті органдар 258 мыңнан астам текше метр қар шығарды. Су тасқыны қаупіне жедел әрекет ету үшін облыста жеке құрамнан 3677 адам, 234 мотопомпа, 75 жүзу құралы және 500-ден астам техникадан құралған күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Сондай-ақ 58,7 мың қап, 9957 тонна инертті материал және 386 тонна жанар-жағар май қоры дайындалды. ШҚО ТЖД тұрғындарға көктемгі кезеңге алдын ала дайындалуды ұсынады: аула аумақтарын қардан тазалау, арықтар мен еңістіктерді мұздан тазарту арқылы еріген судың ағуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құм салынған қаптар мен инертті материалдарды дайындау.

Фото: ТЖМ

Жетісу облысында су тасқынының алдын алу мақсатында инженерлік іс-шаралар кешенді түрде жүзеге асырылып отыр. 2025 жылы жоспарланған 26 жобаның 24-і толық орындалды: 3 км қорғаныш бөгеттер салынды және жөнделді, 14,8 км су ағызу каналдары мен арықтар қазылды, 11 км өзен арналары мен каналдар тазартылды, 13 км учаскеде өзен арнасының түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Өңірдегі гидрологиялық ахуал тұрақты, су деңгейі орташа көпжылдық көрсеткіштерге сәйкес, мұз кептелістері тіркелген жоқ. Жеке құрамнан 2965 адам, 534 техника, 193 мотопомпа және 27 жүзу құралы әзірлікке келтірілді. 130 мың қап, 5,5 мың тонна инертті материал және 82 тонна жанар-жағармай қоры, 235 эвакуациялық пункт дайындалды.

Фото: ТЖМ

Өңірлерде қабылданып жатқан кешенді шаралар су тасқыны кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және гидрологиялық ахуалды тұрақты сақтауға бағытталған. 

Айта кетелік Жетісуда су тасқыны кезеңі әдеттегіден ерте басталған еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 13:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see146

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see142

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see136

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see113

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары