Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 млрд долларға жетті

Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 млрд долларға жетті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ал экономикадағы өсім алты пайыздан асты. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтқан еді. 

Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. «Дегенмен босансуға болмайды», - деді Мемлекет басшысы. Себебі алыс-беріс артқанымен, тұрғындардың тұрмысын көтеру ісінде түйіні тарқамаған түйткілдер бар. Қазынамен қатар халықтың қал-жағдайы да жақсару керек. Президент пәрмені осындай.

2025 жыл. Жылан жылы жайлы өтті. Қазақстан экономикасы рекордтық өсім көрсетіп, ішкі жалпы өнім көлемі 300 млрд долларға жетті. Ал жан басына шаққандағы қаржы 15 мың АҚШ долларынан асты. Сөйте тұра, әлеуметтің әлеуетін арттыру ісі кемшіл. Оған теңгенің құнсыздануы себеп. Бұл жайлы мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Сол себепті жауаптылар тың тәсіл табуға міндетті. Ел президенті бюджеттің бүйірін толтырумен қатар, қаржыны тиімді пайдалануды тапсырды.

Үкіметке бюджет қаржысын барынша тиімді пайдалану міндеті жүктелді. Экономикаға ақшаны орынсыз құя беруге болмайды, бұл инфляцияны күшейтіп жібереді. Қатаң бюджеттік тәртіп керек. Қаржы ресурстары мемлекетке қажетті жобаларға ғана жұмсалуға тиіс. Былтыр қараша айында Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп, үш жылдық бағдарлама қабылдады. Құжат азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін инфляцияны төмендетуге арналған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алда бюджетті бақылау күшейеді. Себебі секторларға салынған қаржы көп, ал нәтиже көңіл көншітпейді. Айталық, ауыл шаруашылығын қолдау қарқыны он жылда он есеге артқан. Ал саладағы өнім көлемі 2,5 есе ғана көбейген. 

Андрей Чеботарёв, экономист:

– Біз ұзақ жылдар бойы жай ғана ақша таратып келдік. Ал тегін қаржы бермей, жеңілдетілген несие беру, біріншіден, масылдық көзқарасты азайтады, екіншіден, жауапкершілікті арттырады. Себебі субсидия алу үшін көп адам кезекке тұрды, оның ішінде шын мәнінде өнім өндіретін, тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындар да болды. Ал несие алу бәрібір қиынырақ, ол қайтарымды қаражат, оны міндетті түрде өтеу керек. 

Жылашар сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев «орташа табыс қақпаны» жайлы да сөз етті. Бұл айлығы шайлығынан артылмайтын қараша қақында. Ел президенті, Жұрт табыс тауып жатыр, тіпті жақсы табыс табатындар да бар. «Алайда оның бәрін инфляция жеп қояды», - деді.

Венера Жаналина, экономист:

- Мемлекеттің әр теңгесі еңбек өнімділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Қаражат адам капиталының дамуын, инфрақұрылымды, инновацияны қамтамасыз ететін салаларға жұмсалуы керек, тек ағымдағы міндеттерді орындауға немесе бар жағдайды сақтауға емес. Тиімсіз шығындар қысқарып, барлық деңгейде қаржылық тәртіп нығайса, біз «орташа табыстар қақпанынан» шыға аламыз деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда әр ілкімді істің игілігі бюджетпен бірге бұқараға да тиюі шарт. Ал ол үшін алыс-берісті тұрақты арттырып, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарды жіті бақылау қажет.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Эльвира Лекерова

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қаңтар 2026 21:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see150

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see144

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see141

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see141

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see139

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see135

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see134

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see131

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see129

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see128

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see125

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see121

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see121

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see119

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see118

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see114

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see111

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары