Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Үкімет жалпы ішкі өнімді 450 млрд долларға жеткізбек

Үкімет жалпы ішкі өнімді 450 млрд долларға жеткізбек

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кейінгі үш жылда ел экономикасы қарқынды өсіп келеді, деп хабарлайды 24KZ. Биылғы 10 айдағы ЖІӨ көрсеткіші 6,4%. Бұған өнеркәсіп, сауда, көлік, т.б. салалардың ықпалы зор. Мамандар дайын өнім өндірісіне көңіл бөлер кез келгенін айтады. Мұның импортты азайту үшін де маңызы зор.

Үкімет алдағы 4 жылда ЖІӨ-ні 450 млрд долларға дейін арттыруға мүдделі. Бұл үшін жыл сайынғы өсімді 5-6% деңгейінде ұстау қажет. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, ел экономикасы үш жыл қатарынан ілгерілеп келеді. Сөйтіп, қазан айындағы өсім 6,4% болды. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 5,8%-ке жеткен. Өйткені машина жасау, химия өнеркәсібі, азық-түлік, мұнай, металл өнімдерін өндіру көрсеткіші артты.

Жақсыбек Құлекеев, экономика ғылымдарының кандидаты:

- Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін биыл өте жақсы өсіріп жатырмыз. Астықты жақсы жинадық. Бірақ көрші Ресеймен салыстырғанда біздің астығымыздың көлемі төмен, сапасы шамалы нашарлау. Сосын Ресей үлкен мемлекет болғаннан кейін, оның үстіне қазір санкцияда болғаннан кейін олардың көп жаққа тауар сататын мүмкіндіктері шектеліп жатыр. Сондықтан бұрын біз қай нарыққа шықсақ, қазір сол жерде соларменен бәсекеге шығып жатырмыз. Олар арзан бағамен сатады, соның салдарынан біздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін субъектілер де өздерінің өнімдерін арзан сатуға мәжбүр болып жатыр.  

Иә, әлемдік нарықта бәсеке күшейді. Кейінгі геосаяси ахуал тіптен сақ болуды ескертеді. Мұндайда таразы басын тең ұстап тұру қиын. Дегенмен Қазақстан логистиканы дамыту арқылы бірқатар мәселені оңтайлы шешіп келеді. Бұл екі арада өндіріске көңіл бөлініп келеді. Сосын Президенттің тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешен аяғынан нық тұрды.

Биыл бұл салада қаржы көзі 700 млрд теңгеге ұлғайды. Былтырғы сома 400 млрд-тың көлемінде болатын. Бір жыл ішінде екі есеге жуық өсіп отыр. Оның үстіне ақша былтыр қараша-желтоқсан айында берілгендіктен, диқандар комбайн, басқа да керек-жарағын сатып алып, биылғы егінге әзір отырды. Соның арқасында мол өнім алдық. Алайда машина жасау, мұнай өндіру салаларында баға төмендегіндіктен, пайда азайды.

Жақсыбек Құлекеев, экономика ғылымдарының кандидаты:

- Мысалы, биылғы жылы былтырғы жылғы мұнайдың орташа бағасымен салыстырғанда баға 15 долларға төмен болып тұр. Соның салдарынан біз биыл мұнайды анағұрлым көбірек өндіріп жатырмыз. Бірақ мұнай саласынан түсетін табыс былтырғымен салыстырғанда әлі де болса төмен болып отыр. Әрине, олардың табысы азайғаннан кейін мұнай өндіруші компаниялар өздерінің қызметкерлеріне жалақыны көтере алмайды. Олар өздерінің инвестициялық программаларының барлығын шектеуге тырысады. Өйткені табысы азайып жатыр.

Еліміз қара алтын өндірісін 15 млн тоннаға арттырды. Алайда нарықтағы баға айтарлықтай төмендеген. «Ендеше мұнайдан гөрі өңделген мұнай өнімдерін өндіріп, сатудың артықшылығы көп», – дейді сарапшылар.

Раушан Доламбаева,  ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы басқару институтының профессоры:

- Біздегі жалпы ішкі өнімдегі өңделген өнімдердің үлесі аз ғана. Осы саланы дамыту үшін бізге драйверлер қажет. Ірі өндіріс ошақтарын ашу керек. Біздің елде барлық мүмкіндіктер, қаражат, ақпараттар осындай ірі өндіруші компанияға бағытталатыны белгілі. Әзір дайын өнімдер саласында даму кемшін болып тұр. Сол себепті осы бағыттағы жұмысты жүйелеу керек.

Дайын өнім өндірісі экспорт үшін ғана емес, ішкі нарық үшін де маңызды. Бұл импортты азайтуға себеп боларлық фактор. Өйткені ішкі тауар мен қызмет жетпесе инфляцияны тежеу мүмкін болмайды. Ал ЖІӨ өсуі, экономиканың ілгерілеуі Қазақстанның шикізаттан гөрі өнім өндірісіне көңіл бөле бастағанын көрсетеді. Қазір еліміз азық-түлік, жиһаз, сусындар, зергерлік бұйымдарды өндіреді.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Самат Қазанбаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 13:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары