Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Электромобильдер жарысы аяқталды: көршінің аты бірінші келді

Электромобильдер жарысы аяқталды: көршінің аты бірінші келді

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Quartz талдауына сүйенген Aikyn.kz, электр көлігі нарығындағы бәсекеде кім жеңетінін болжайды.

Америкалық сатып алушыларды электромобиль алуға ынталандыратын федералдық салықтық жеңілдіктер жойылды. Фото edition.cnn.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Leonhard Simon

Америкалық сатып алушыларды электромобиль алуға ынталандыратын федералдық салықтық жеңілдіктерді Трамп әкімшілігі өткен айда жойды. Ford тамыз айында Қытай көп жылдан бері қолданып келе жатқан өндірістік технологияларды енді ғана игеріп жатқанын хабарлады. Бірақ оның 30 мың доллар тұратын бәсекеге қабілетті электр жүк көлігі тек 2027 жылы ғана жолға шығуы мүмкін.

Электр көліктерінің бәсекесінде қытайлық өндірушілер де қиын кезеңді бастан өткеруде. Әлемдегі электромобиль сатылымы бойынша Tesla-ны ығыстырған BYD компаниясы қыркүйекте соңғы 18 айда алғаш рет айлық сатылымның төмендеуін тіркеді. Қытай автонарығының өндірістік қуатының жартысынан астамы бос тұр. Сонымен бірге, Бейжің ішкі нарықтағы баға соғыстарын тежеуге күш салуда. 

Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, Қытай компаниялары әлі де көшбасшылық үстемдікке ие. Айырмашылық тек бағада емес.

Өткен жылы Ford бас директоры Джим Фарли қытайлық Xiaomi SU7 моделін сынап көріп, таңғалысын жасырмаған. 30 мың долларға сатып алуға болатын бұл көлік көптеген Porsche модельдерінен жылдам. Салондағы жарықты басқаратын алып сенсорлы экранмен және жасанды интеллектке негізделген көмекшімен жабдықталған.

«Бұл – фантастика, мен одан бас тартқым келмейді», – деп мәлімдеді ол подкастта. Бұл америкалық автокөлік өндірушінің басшысының сөзі. Таңғаласыз!

2024 жылдың наурызында BYD бес минутта 400 км-ге жететін қуат беретін жылдам зарядтау жүйесін және «Құдайдың көзі» атты жүргізуші көмекшісін таныстырды. Ал америкалық электромобильдерге дәл осындай қашықтыққа жету үшін әдетте 30 минуттық зарядтау қажет.

Tesla басшысы Илон Маск те өткен жылы егер сауда кедергілері болмаса, қытайлық өндірушілер әлемдегі көптеген автокомпанияларды жойып жіберетінін мойындаған болатын.

Қазір Қытай электромобильдерінің АҚШ нарығына енуіне кедергі болып тұрған жалғыз нәрсе – Трапмтың тарифтері. Байден әкімшілігі қытайлық электромобильдерге 100% кедендік баж салығын енгізді. Трамп әкімшілігі бұдан да әріге барып, барлық қытай тауарларына 54% баж салығын және электромобильдерге арналған салықтық жеңілдіктерді қысқартты.

Wedbush талдаушысы Дэн Айвс былай деген екен: «Трамп бұл шешімді жариялаған кезде, BYD-дің штаб-пәтерінде шампан ашқан болар».

Оның есебі бойынша, жаңа тарифтер америкалық автоөндірушілерге жылына 100 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін. Ал BYD Еуропа, Мексика және Оңтүстік Америка нарықтарында өз үлесін арттыратын болады.

Ең қызығы, Трамп күресіп жатқан Қытай нарығы әлдеқашан жеңіске қол жеткізген. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, биыл әлемде сатылған әрбір төрт көліктің бірі – электромобиль. Бірақ Трамп әкімшілігі электромобиль инфрақұрылымына бөлінген қаржыны тоқтатып, 7500 долларлық салықтық жеңілдікті жойды. Оның орнына мұнай индустриясын қолдап, электромобильдерді сынаумен айналысты. Қалай болғанда да, Трамптың саясаты әлемнің электромобильге көшуін тоқтата алмайды.

Керісінше, ол америкалық автокәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін әлсіретеді және олардың әлемдік нарықтағы орнын одан әрі жоғалтады. Ford өкілі Джон Лоулер мамыр айында: «Қытай көліктері АҚШ-қа келмейді деу – өзімізді-өзіміз алдау. Бұл уақыт мәселесі ғана», – деген еді.

Қытай компанияларын тоқтататын жалғыз күш – олардың өздері және өз үкіметі. Қазір елде 50-ге жуық электромобиль өндірушісі бар, бірақ сатып алушылар аз. Баға соғысы күшейді. BYD сатылымы мамыр мен тамыз аралығында 10%-ға төмендеген. Бірақ компания бұған экспортты ұлғайтумен жауап беруде.

2025 жылға қарай BYD өз өнімдерінің 20%-ын шетелге экспорттауды, 2024 жылғы 10%-дан екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Электромобиль жарысы ресми түрде аяқталмады. Бірақ айырмашылық айқын. Қытай компанияларының алдында әлі екі жыл бар – сол уақыт ішінде олар әлемдік нарықты жаулап үлгереді.

Ford өзінің арзан электр пикабын шығарғанша, бүкіл әлем қытай электромобильдерін мініп жүретін болар. Президент Трамптың тарифтері бұл жағдайды өзгерте алмайды. Ақ Үйге америкалықтардың жеңілісін соңынан түсіну ғана қалатын шығар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see153

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see138

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see132

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see131

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see129

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see128

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see126

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see122

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see121

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see120

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see120

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see120

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see119

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see119

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see117

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see117

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

22 Қазан 2026 22:30see116

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see115

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see115

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары