Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Үш буын: кешеден келешекке

Елімізде егіздер мен бір туғандар әскери борышын қалай өтейді

Елімізде егіздер мен бір туғандар әскери борышын қалай өтейді

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бірі – экономист, бірі – IT маманы

Айдос және Жандос Баубек Отан алдындағы борышын Ақтөбедегі 30328 әскери бөлімінде өтеп жүр. Олар осы өңірдің, соның ішінде Хромтау қаласының тұрғындары. Орта мектепті бітірген соң Хромтау тау-кен жоғары техникалық колледжіне оқуға түседі. Айдос есеп-аудит мамандағын, ал Жандос техникалық бағдарламашы мамандығын меңгерді. Бір колледж ішінде екі мамандықты меңгерген егіздер кейін екі түрлі жоғары оқу орнын таңдады. Айдос Баубек Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің есеп және бақылау мамандығын, ал Жандос Баубек Қазақ-орыс халықаралық университетінің IT саласына оқуға түсті. Кейін бұл жоғары оқу орны қызметін тоқтатып, Орал қаласына ауысты. Ал Айдос оқуын сыңарынан бұрын аяқтап, жұмыс істеп, магистратураға құжат тапсырды. Алайда оқуға түсе алмай, былтыр күзде әскер қатарына қабылданды. Отбасы Айдос пен Жандосты қатар жіберуге шешім қабылдаған.

– Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыған кезде АК-74 автоматының үлгісін шашып, жинауды үйрендік. Ал сарбаз атанған соң нағыз қаруды қолға ұстап, оқу-жаттығуға қатыстық. Әр сарбаз келген күннен бастап әскери тәртіпке үйренеді. Таңертең сағат 06:00-де тұрады, жаттығуға шығады. Таңғы жаттығуға 40-50 минут уақыт беріледі. Одан кейін жуынып-шайынып, таңғы асқа жиналады. Түстен кейін оқу бөлмесінде білімін жетілдіреді. Сонымен бірге әскери техниканың құрылымы мен күтіп ұстауды үйретеді. Кешкі астан кейін бірер сағат бос уақыт бар. Онда кітап оқимыз, спортпен шұғылданамыз, - деді 30328 әскери бөлімі екінші мотоатқыштар ротасының көздеуші операторы Айдос Баубек.

Фото: Алтынай Сағындықова

Сарбаздардың тағы бір міндеті – жасаққа түсу. Ол кезде сарбаздардың жанында жауапты әскери қызметшілер де болады. Мәселен күзетке төрт сарбаз, екі әскери қызметші бөлінеді. Сақшылар, яғни, төрт сарбаз екі-екіден мұнараның басын шығып, әрбір екі сағат сайын ауысып тұрады. Мұнда рота бойынша кезекшілік, рота бойынша тәуліктік кезекшілік те бар. Рота бойынша тәуліктік кезекшілікке сарбаздар шығады. Рота бойынша кезекшілік сержанттар мен бөлімше командирлері арасында тағайындалады. Рота бойынша тәуліктік кезекшілікке түскендер тазалық пен тәртіпке, ал рота бойынша кезекшілікке түскен әскерилер қару қоймасына да жауапты болады.

– Ата-анама магистратураға оқуға түсе алмаған күні әскерге баратынымды айттым. Олар келісім берді. Алғашында Ақтаудағы шекара қызметіне жолдағанымен, салмағым жетпеді. Кейін десанттық-шабуылдау әскерилері қызметіне бойымыз сәйкес келмеді. Сөйтіп Ақтөбеде қалдық. Менің маңдайымда қал, көз аймағымда тыртық бар. Егер бас киім киіп тұрсақ бізді ажырату қиын. Бұрын колледжде оқып жүрген кезде орнымызды алмастырып жүретін едік. Уақыт өте келе оқытушылар танып, бәрін қойып кеттік. Бірақ әскерде тәртіп ортақ, - деді Айдос Баубек.

Фото: Алтынай Сағындықова

Жандос Баубек шын мәнінде әлі жоғары оқу орнын аяқтамады. Айдос әскер қатарына шақырылғанда Жандос та қатар жүруді жөн көрді. Қазір екеуі бір-біріне тірек, қолдау.

– Әскер бізді тәртіпке, қаруды танып, қолдануды үйретті. Әскери шенді де меңгердік. Бірақ біз болашағымызды әскери саламен байланыстырмаймыз. Менің кәсіп бастағым келеді, - деді Айдос.

Ал Жандос IT маман дайындайтын жоғары оқу орнына сертификат алсам деген үмітте. Тіпті оқу орындарын да таңдап қойған.

– Біз де сарбаздардың өмірі туралы басқаша ойладық. Себебі түрлі қайғылы жағдай туралы естідік, қиындықтар жайы айтылды. Ал әскери қызметке кіріскен кезде тәртіпке бағыну мен табандылық қажет екенін білдік. Таңертең ерте тұру, таңғы жаттығу... Күш түскен кезде кейбірі «қайдан келдім» деп ойлап, өз-өзін іштен мүжуі мүмкін. Біз де мұны бастан өткердік. Демалыс күні үйдегілерге қоңырау шалған кезде «мені алып кетші» деп айтатын едік. Бітпей қалған жұмыс пен көп шаруаны ойлайтынбыз. Кейін үйрендік, анамызға хабарласып, күнделікті қызықты сәттерді айтып бердік. Ал қазір апта сайын қоңырау шалған кезде не айтарымызды білмей қаламыз, - деді егіз сарбаздар.

Фото: Алтынай Сағындықова

Егіздер де, көршілер де болады

30328 әскери бөлімінде үш егіз әскери борышын өтеп жүр. Әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрболат Ысқақовтың айтуынша, егіздер әрдайым бір-бірін қолдап жүреді.

– Егіздерді бір-бірінен ажыратпаймыз, бірге жүруіне мүмкіндік жасаймыз. Бір бөлімшеге орналасады, жатын орны да бір жерде. Егіздерден бөлек бір туғандар да келеді. Олар бөлелер, тіпті көршілер. Бір-біріне жәрдем беретін болған соң бірге жүреді. Қазіргі сарбаздар мықты. Оқыған, көпті көрген, техниканы жетік меңгерген. Тек бірінші үйін сағынады. Екіншіден, ұялы телефонға үйренген ұрпақ. Ал мұнда ішкі тәртіпке бағынады, сабағын оқиды, жаттығуын жасайды. Үшіншіден, тәртіпке бағыну. Таңғы сағат 06:00-де тұрып, жүгіріп, кешкі сағат 22:00-де ұйықтауға қиналады. Бір айда алғашқы әскери дайындықты үйренген соң ант қабылдап, әр бөлімшеге тарайды. Мамандық бойынша дайындыққа кіріседі. Мәселен пулеметші өз мамандығын бір ай бойы үйренеді, - деді Нұрболат Ысқақов.

Фото: Алтынай Сағындықова

30328 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының айтуынша, ауыл баласы әскери өмірге бейім келеді. Олар үшін таңда ерте тұру еш қиындық туғызбайды. Ал қала баласы болса технологияны жетік меңгерген.

– Жастар – өте ақылды. 20 жылдан бері әскери қызметшілермен жұмыс істеп жүрген маман ретінде айтар болсам, бұрын бәрінің дене дайындығы шымыр болатын. Қазір шымыр әрі білімді ұрпақ өскен, - деді ол.

Фото: Алтынай Сағындықова

Айта кетейік, әскери бөлімде бейнебақылау камерасы бар. Сарбаздар әр сенбі және жексенбі сайын ұялы телефон арқылы отбасына хабарласады. Әрі күзде шақырылғандар көктемде шақырылған сарбаздармен мүлде кездеспейді.

Еске салсақ, биыл Ақтөбеде мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. 18-27 жас аралығындағы жас жігіттер еліміздің бірнеше өңіріне жіберіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Сәуір 2026 14:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see137

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see135

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see134

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see133

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see133

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see132

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see128

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see128

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see128

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see128

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see126

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see125

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see124

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see122

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see121

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see120

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see119

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see118

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see114

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары