Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Еліміздегі барлық идеологиялық жұмыс бір құжатпен жүзеге асырылады

Еліміздегі барлық идеологиялық жұмыс бір құжатпен жүзеге асырылады

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтары бекітілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Енді барлық идеологиялық жұмыс бір құжат арқылы жүзеге асырылады. Тұжырымдамада тіл, дін, дәстүр һәм мәдениетке қатысты барлық мәселе қамтылған. Ұлттық ұранымыздан бастап, әлеуметтік желідегі ұлттық хештегімізге дейін айқындалды. Ресми бұл бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған құжат болса да, оның мазмұны қарапайым азаматтар үшін маңызды бастамаларға толы.

"Алға Қазақстан!" Енді еліміздің ресми бекітілген ұлттық ұраны осындай болады. Бұл туралы Президенттің жаңа жарлығында тайға таңба басқандай жазылған. Керек десеңіз, ұлттық хештег пен отандық өнім шығарудың белгісі де айқындалды. Барлығы 8 нышан бар. Оның ішіне ұлттық ұран, түс, кітап, бірлік, музыкалық аспап, тіпті өсімдікке дейін кіреді. Мұндай бастама жұртымыздың өзіне тән ерекшелігін тануға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді делінген құжатта.

Ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»

Ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс

Ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»

Ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ

Ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра

Ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;

Отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – «Қазақстанда жасалған», «Made in Qazaqstan»

Ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan 

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл тарихта бірінші рет. Өйткені заманның ағымына сәйкес, ұлтымызды ұйыстыратын символдардың барлығын насихаттаудың жаңа жолдарын табуымыз керек. Өзіңіз айтқан нышандар жаңа бір бағыт, жаңа бір әдіс болып табылады. Жаһандану заманы болғандықтан осы ұлттық құндылықтарымыз деформацияға ұшырап жатыр. Сондықтан біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сыртқы әсерден сақтап қалуымыз керек.

Жаһан жаңа кезеңге қадам басты. Ал сол дәуірде Қазақстанның ішкі саясатына екі міндет жүктеледі. Алғашқысы еліміздің ішкі және сыртқы ахуалға тиімді бейімделуі, ал екіншісі негізгі қағидаттарды айқындау. Ал осы екі міндеттің ортақ мақсаты бар. Ол бітім-бірлік һәм тұрақтылық. Бұған дейін ел идеологиясына қатысты сын көп айтылған. Ал бұл құжат – дәл сол сынға тұшымды жауап. 

Енді ішкі саясаттың 7 басым бағыты бар. Бұл тізімге дін, отбасы, жастар, тұтас қоғам кіреді. Негізгі месседж: халықтың үнін тыңдау, бірлікті дәріптеу, дүмше молдаларды тұсап, отбасындағы жауапкершілікті нығайту. Айтпақшы, осы құжат арқылы деструктивті идеологияның таралуына тосқауыл қойылып, ақпарат алаңы ғылыми танымдық материалмен толығады. Мұнда саяси астар да бар дейді депутаттар. 

Ішкі саясаттың басым бағыттары:

1. Қоғамдық диалог

2. Этносаралық қатынас саласындағы саясат

3. Дін саласындағы саясат

4. Мәдени-гуманитарлық саясат

5. Отбасы саясаты

6. Жастар саясаты

7. Ақпарат саясаты 

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Геосаяси жағдай өте күрделі. Қазақстанның геосаяси жағдайының өзі өте күрделі. Екі жағымызда өте үлкен алып мемлекеттер бар. Ол алып мемлекеттер бүгінде халықаралық құқықтың кей аспекттерін мойындамай жатыр. Сондықтан Қазақстанға Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ішкі тұрақтылықпен бірге бірлік керек. Міне осының бәрі бізге жаңа мәдениетті, жаңа саяси рухани мәдениетті қалыптастырудың бағыттары болып табылады.

Ұлттық құндылығымыз да енді құжат ретінде бекітілді. Әр азаматтың бойынан тәуелсіздік пен отаншылдық табылуға тиіс. Одан кейін бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік келеді. Заң мен тәртіп те қаперден шықпай, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік басты назарда болғаны жөн. Оған жасампаздық пен жаңашылдықты қосыңыз. Қысқасы, елдің әрбір азаматы осы құндылықтарды сіңіруі қажет. Осы ретте заңды сұрақ тауындайды. Мұның бәрін қалың қараша бойына қалай жеткізуге болады? Тұжырымдама құр қағаз жүзінде қалған көп құжаттың біріне айналмай ма?

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл ішкі саясат тұжырымдамасы маңызды саяси құжат болып есептеледі. Сол арқылы заңдарға да өзгеріс енгіземіз. Қоғамға сіңіру үшін біз күнделікті өзіміздің жұмысымызға осы құндылықтарды сақтап, осыларды жүзеге асыруымыз керек. Үйлестіру жұмыстарын атқаратын болсақ, әрі қарай да өзіміздің береке-бірлігімізді арттырып, қоғамның ортасында тұрақты қалыптастырамыз. 

Бұл жұмысты үйлестіруге Президент Әкімшілігі жауапты болады. Жарлықтың әр сөзі мен сөйлемін барлық мемлекеттік орган өз қызметінде ескеруге міндетті. Ұсынылған тәсілдер қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде негізгі бағдар болады.

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:

- Бұл болашаққа арналған бағдарлама емес. Керісінше қазіргі уақытта айналысып жатқан бағыттар. Ішкі саясатқа, мемлекеттік идеологияға қатысты барлық бастама бір құжатта жинақталды. Оны әзірлеуге шамамен бір жыл уақыт кетті. Ұсыныстар көп болды. Маған құжат ұнады, сәтті шыққан деп ойлаймын. 

Қысқасы, бұл ұлтты ұйыстыратын құжат. Айтпақшы, жарлықта ана тіліміз туралы да тарау бар. Ішкі саясат қазақ тілінің дәл осы халықты ұйыстыруға қатысты әлеуетін күшейту керек. Оны дамытуы керек. Бірақ тіл мен тарихты саясиландыруға жол берілмейді. 

Бекзат Аманов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 21:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары