Еліміздің шығысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Өңірдегі полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 24 сәуір күні "Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы" тасжолының 1139 шақырымында, Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылының маңында "Mazda" және "JAC" автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Апат салдарынан "Mazda" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. "JAC" автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
"Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп мәлімдеді полицейлер.
Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жол мен ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.
Бұған дейін Қарағандыда соқтығысқан екі мотоциклдің жүргізушілері мерт болғанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды
06 Желтоқсан 2025 20:51
Астанадағы көпірде жол апатынан екі адам көз жұмды
30 Қаңтар 2026 10:22
Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды
06 Мамыр 2026 21:35
Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 4 адам көз жұмды
08 Қаңтар 2026 16:02
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
20 Наурыз 2026 13:14
Көрілімдер:111
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 17:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















