Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Еңбек қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Еңбек қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шаһарда бұл бағыттағы бақылау жүйелі түрде жүргізіліп, еңбек қатынастарындағы заңбұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алуға да басымдық берілуде. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте еңбек заңнамасының сақталуы мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жиында еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, жалақы бойынша берешекті өтеу және жұмыс берушілердің заң талаптарын орындауы жөніндегі жұмыстардың нәтижеі сараланды.

Еңбек қауіпсіздігі – өндірістегі жазатайым оқиға­лардың алдын алумен ғана шектелмейтін кең ұғым. Ол жұмысшының қауіпсіз еңбек жағдайына, уақытылы әрі толық жалақы алуына, заңда белгіленген еңбек режимі мен демалыс талаптарының сақталуына, әлеуметтік кепілдіктермен қамтылуына және өзінің құқықтарын еркін қорғауына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, еңбек заңнамасының орын­далуын бақылау жұмысшының өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды тетігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қалалық департаментінің басшысы Жеңіс Мақұлбаевтың айтуынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында еңбек құқықтарының сақталуына қатысты 1 829 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш еңбек қатынастары саласындағы мәселелердің өзектілігін аңғартады. Азаматтардың өтініштері бойынша тиісті шаралар қабылданып, 665 жұмысшының бұзылған құқығы қалпына келтірілген. Есепті кезеңде 238 тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 226 фактісі анықталған.

Бақылау нәтижесінде жұмысшылардың пайдасына 754,3 миллион теңге көлеміндегі жалақы берешегі өндіріліп, 2 824 адамның құқығы қалпына келтірілген. Бұл еңбек инспекциясы жұмысының тек бақылау сипатында емес, нақты нәтижеге бағытталғанын көрсетеді. Өйткені еңбек құқығының бұзылуы көбіне қызметкердің әлеуметтік жағдайына, отбасының тұрмысына және азаматтың өз еңбегіне деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Жалақыны уақытылы төлеу де – еңбек қауіпсізд­ігінің маңызды құрамдас бөлігі. Қызметкер өз ең­бегінің ақысын дер кезінде алғанда ғана әлеуметтік тұрақ­тылық қамтамасыз етіледі. Сондықтан жұмыс беру­ші­лердің еңбек шарты талаптарын сақтауына, жала­қыны кешіктірмеуіне және қызметкерлер алдындағы мін­деттемелерін толық орындауына қойылатын талап кү­шейе түспек.

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең алдымен жұмыс берушінің тікелей міндеті. Қызметкердің жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарымен таныстырылуы, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі, еңбек жағдайының белгіленген нормативтерге сәйкес болуы және өндірістік қауіптердің алдын алу  кез келген кәсіпорын үшін негізгі талап. Бұл талаптар әсіресе құрылыс, өндіріс, көлік, коммуналдық қызмет және басқа да тәуекелі жоғары салаларда аса маңызды. Жұмыс процесіндегі кез келген немқұрайлылық адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәселесіне тек жазатайым оқиға болған кезде ғана назар аудару жеткіліксіз. Қауіптің алдын алу, қызметкерлерді тұрақты оқыту, қауіпсіздік техникасының талаптарын түсіндіру, жұмыс орындарын тексеру және анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою – күнделікті бақылауды қажет ететін жүйелі жұмыс. Шымкентте еңбек құқық­тарының сақталуына байланысты азаматтардың өтініш­тері мен тексеру нәтижелері осы мәселеге тұрақ­ты мониторинг жүргізудің қажеттігін көрсетеді. Бұл ретте еңбек инспекциясының міндеті – заңбұзу­шылықты анықтап қана қоймай, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және оның алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Жазғы демалыс кезінде еңбек нарығына уақытша араласатын жасөспірімдердің құқықтарын қорғау да – маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты қала аумағында полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Іс-шаралар барысында 72 кәсіпкерлік субъектісі қамтылып, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын бұзу­дың 8 фактісі анықталған. Жасөспірімдердің еңбекке араласуы олардың алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтауына мүмкіндік бергенімен, бұл процесс заң талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылуға тиіс. Кәмелетке толмағандардың жұмыс уақыты, ат­қа­ратын қызметінің сипаты, еңбек жағдайы және қауіпсіздігі заңмен ерекше қорғалады. Сондықтан жасөспірімдерді жұмысқа тартатын кәсіпкерлердің жауапкершілігі де жоғары. Бала еңбегін заңсыз пайдалану немесе оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін жұмысқа тарту – жол беруге бол­май­тын әрекет.

Шымкенттегі еңбек қатынастары саласындағы ахуалға қатысты көрсеткіштер жұмысшы құқығын қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бір ғана жалақы берешегінің өтелуі немесе заңсыз еңбек жағдайының жойылуы – нақты адамның өміріне оң әсер ететін шешім. Сондықтан еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек мемлекеттік орган­дардың міндеті емес. Бұл жұмыс беруші, қызметкер және қоғам болып атқаратын ортақ жұмыс.

Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайын қалып­тастырып, заң талаптарын орындауы қажет. Қызмет­кер өз құқықтары мен міндеттерін білуге тиіс. Ал мем­ле­кеттік органдар осы талаптардың орындалуына тиімді бақылау жүргізіп, құқықбұзушылықтың алдын алуы керек.

Аппараттық кеңесті қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты бас­шыларға еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуді, жұмысшылардың құқықтарын қорғау ба­ғытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Со­нымен бірге жол жұмыстарының сапасы мен мер­дігерлердің кепілдік міндеттемелерінің орын­далуын қатаң бақылау, рұқсат етілмеген саудаға тос­қауыл қою жөніндегі шараларды жүйелі түрде жүргізу міндеттелді.

БАСҚА ДА ТҮЙТКІЛ БАР

Аппараттық кеңесте еңбек қауіпсіздігімен қатар қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін жол қауіпсіздігі мәселесі де қаралды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 747,7 шақырымды құрайтын 360 көше-жол желісі бойынша кепілдік міндеттемелер қолданылуда. Жол құрылысы аяқталғаннан кейін оның сапасы мен белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау – қала инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Осы мақсатта жолдардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.

2026 жылы жүргізілген тексерулердің қорытын­дысы бойынша мердігер ұйымдарға анықталған ақауларды жою жөнінде 26 ресми талап жолданған. Оның 25 нысанында қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Бір нысан бойынша мәселе сот тәртібімен қаралуда. Бұдан бөлек, 2025 жылы жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары аясында 140 көшеге тегістеу қабаты төселген. Кейін олардың 11-інде ақаулар анықталған. Қазір 6 көшеде қалпына келтіру жұмыстары аяқталса, 5 көшеде тиісті жұмыстар жалғасуда.

Бұл жерде мердігер ұйымдардың кепілдік міндет­темелерін орындауы тек жол сапасына қатысты мәселе емес. Жолдың сапалы болуы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне, көлік қозғалысының тұрақтылығына және қалалық ортаның жайлылығына тікелей ықпал ететін фактор.

Кеңесте рұқсат етілмеген сауда мен заңсыз ор­на­тылған нысандарды ретке келтіру мәселесі де талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инно­вациялық даму басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері аудан әкімдіктерімен бірлескен жұмыстар нәтижесінде 102 заңсыз орнатылған дүңгіршек анықталған. Олардың иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық нысан демонтаждалған. Сонымен қатар белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 7 634 фактісі анықталған. Оның 6 964 жағдайы бойынша ескерту берілсе, 654 факті бойынша жалпы сомасы 17,8 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынған. Рұқсат етілмеген сауданың негізгі ошақтары ретінде «Қырғы базар» және «Авто-Нұр» базарларының маңындағы аумақтар қалып отыр. Бұл жерлерде заңсыз саудамен айналысатын 60 адам анықталған.

Ретсіз сауда қаланың санитарлық жағдайына ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікке, жаяу жүргіншілер қозғалысына және кәсіпкерлердің заңды жұмыс істеуіне де әсер етеді. Сондықтан бұл бағыттағы ба­қылау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілмек.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 04:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары