Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Енді медицина мамандары арнайы сыйақы алады

Енді медицина мамандары арнайы сыйақы алады

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Енді медицина мамандары созылмалы ауру белгілерін ерте анықтағаны үшін 1 млн 700 мың теңгеге дейін сыйақы ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігі енгізген жаңа жүйеге сәйкес, ақ халаттыларға төленетін қосымша үстемақы сырқат түріне қарай 4,5 - 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде балдық жүйемен есептеледі. Бұл ретте жүрек, қан айналым жүйесі, қант диабеті, обыр, туберкулез сынды созылмалы, күрделі ауру түрлеріне басымдық беріледі. 

Соңғы 4 жылда елімізде созылмалы сырқатқа шалдыққан азаматтардың қатары әдеуір артқан. Демікпе, қант диабеті, өкпе, бүйрек аурулары, обыр, жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларымен арпалысып жүрген жандардың қатары жыл сайын жасарып, ұлғайып отыр. Дендеген дерттің бетін қайтару үшін ауру белгісін ерте бастан анықтаған абзал. Бұл мақсатта министрлік ақ халаттыларға ынталандыру ретінде мемлекеттік қолдау тетігін енгізді.

Жанар Серікқызы, С.Қайырбеков атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтау орталығының бас директоры:

- Медициналық қызметті алу емханада 600 есе көбейіп кетті. Соған байланысты осы жүйені қайтадан қарастырдық. Енді емханадағы дәрігерлер ай сайын емес, тоқсан сайын өздерінің нақты нәтижелері үшін балды жинау арқылы 1,7 млн-ға дейін және бонустарға байланысты 2 млн-ға дейін жете алады.

Жіктеп айтар болсақ, қант диабеті мен қан айналым жүйесі сырқатына шалдыққан науқастарды динамикалық бақылауға алып, қан талдауын және өзге де медициналық тексерістердің барлығын жүргізген маман 50 балл алады. Учаскелік дәрігер өзінің аймағындағы созылмалы ауруды ерте анықтап, жүктілікке дейінгі барлық қыз-келіншектерді сауықтырса, 25 балл жинайды. Өзіне тіркелген аймақта бала өлімі болмаса, бұған да қосымша балл беріледі. Осылайша, мамандар 100 балға дейін үстемақы ала алады. Әр балл 4 жарым АЕК-ті құрайды.

Жанар Серікқызы, С.Қайырбеков атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтау орталығының бас директоры:

- Егер аймақта ерте қатерлі ісікті анықтаса және туберкулез ауруын анықтайтын болса, одан бонус алады. Ол 5АЕК құрайды. Бұл бір ғана жалпы практика дәрігері емес. Ол команда бойынша алады. Яғни жалпы практика дәрігері. Оның қасында мейірбикесі бар, фельдшер алады. Одан бөлек, әр аймақта бекітілген акушеркасы болады. Сол кісілер де алады.

Демек үстемақы әрбір медициналық аймаққа, ұжымдық еңбек нәтижесінде жылына 4 рет беріледі. Бұған дейін мұндай сыйақы арнайы комиссияның шешімімен тек таңдаулыларға ғана аз көлемде берілетін. Енді әрбір медицина маманы өз ұжымының қандай деңгейде қызмет атқарғанын, қанша көлемде сыйақы алатынын ашық ақпарат көзі арқылы біліп отырады.

Бекжан Нәмет, №10 қалалық емхананың учаскелік дәрігері:

- Жұмыс істегеніме 6 жыл болды. Бұған дейін жұмыс істегенде СКПН айына 1 ақ рет төленетін. Қаржы аз, 30-40 мың теңге. 2025 жылдан бастап қосымша 500-600 мыңға дейін ақша таба аламыз. Мен ең біріншісінде 1 кварталға 371 мың теңге алдым. Жүйені түсінгеннен кейін квартал сайын қаржыны көбейте береміз. Яғни 1млн 700-ді учаскелік дәрігерлер 35 пайызын бізге беріледі.

Дәрігердің айтуынша, ол үшін мамандарға қосымша жүк артылып, жұмыс кестесіне еш өзгеріс енбейтін көрінеді.

Бекжан Нәмет, №10 қалалық емхананың учаскелік дәрігері:

- Қосымша жүктеме болып жатқан жоқ. Бұл өзіміздің күнделікті жасап жатқан жұмысымыз. Яғни диспансерлік бақылаудағы науқастарды қадағалау. Олардың асқынуының алдын алу сияқты осы жұмыстар ғана. Өзімнің учаскемде 1700 адам тіркелген болса, ол жерде бізде қант диабеті екінші типімен 41 науқас бар. Артериялық қан қысымымен тұратын учетте 100 адам учетте тұрады.

Надежда Павленко, қала тұрғыны:

- 3 деңгейлі гипертония, демікпе және қант диабеті аурулары бойынша диспансерлік тіркеуде тұрмын. Дәрігерлерге рахмет, үнемі қан талдамасын тапсыруға, тексерілуге шақырып тұрады. Жалпы оларға қосымша төлемақы берілгені дұрыс деп ойлаймын.

Медицина мамандарына берілетін сыйақы толықтай әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен төленеді. Биылға қор тарапынан бұған 24 млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті.

Светлана Пономарева, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары:

- Бірінші және екінші тоқсан қорытындысы бойынша, 10 млрд теңге көлемінде 50 мыңнан астам медицина маманына үстемақы аударылды. Еліміздің барлық аймағы қамтылды. Десе де 90 пайыздан артық көрсеткішке қол жеткізіп, үздік нәтиже көрсеткен өңірлер қатарына Абай, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының мамандары ілікті.

Ал Жетісу, Қостанай және Алматы облыстары керісінше көш соңынан көрінді. Келер аптада үшінші тоқсанның қорытындысы жасалып, үшінші мәрте қосымша төлемақы жүргізілмек. Айта кеткен жөн, сыйақыны мамандар әр үш ай сайын бірнеше мәрте алу мүмкіндігіне ие. Тек қызметінде оң нәтиже көрсетіп, науқастарын емдеп жазса болғаны.

Авторлары: Назым Кенжебай, Мерей Талап, Ғалымжан Абдылахат

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 13:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары