Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Еңсені езген тыйым

Еңсені езген тыйым

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұдан бұрын, 2024-2025 маркетинг жылында 13,3 млн тонна астық экспортқа жеткізіліп, көрсеткіш 45 пайызға өсті. Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы бұрын-соңды болмаған 50 миллион тонналық тарихи белеске жуықтап қалды. Осы және басқа жетістіктерді не біріктіреді? Осынау тонна-тонна, тең-тең жүктің бәрін теміржолмен тізе қосып, салмағы 25 тоннадан асатын алып жүк көліктері тасиды. Ал 2026 жылдың қаңтарынан бастап оның бәрінің жолға шығуына тыйым салынып жатыр.

Үш өс неге «кесірге» айналды?

Үш өсті жүк көліктерінің иелері келесі жыл­дан бастап жұмыссыз қалмақ. Себебі қолданыстағы «Автомобиль көлігі туралы» ескі заң 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №174-VII ҚР заңы арқылы 38-2-баппен тол­ықтырылды. Бұл жаңа бап тек 2026 жыл­дың 1 қаңтарында күшіне енеді. Оған сәй­кес, ел арасында «самосвал» аталатын, заң тілінде «жүктерді өзі аударғыш» автомобиль­дердің үлкен жолдарға шығуына үзілді-ке­сілді тыйым салынады. Машинаның бұл түріне түпкілікті тыйым салынбайды, бірақ олар кен орны, карьер, дала жолдары арқы­лы ғана қозғала алады. Асфальт жолға шы­ғуы­на жол берілмейді. 

Салдарынан мыңдаған жұмысшы жұ­мыс­сыз қалады, осы алып әрі қымбат көлік­терін жалға беріп келген немесе тасымалмен айналысқан қаншама бизнес субъектісі банкрот болғалы тұр. Астық, тау-кен қазба байлығы, тауарлар және басқа жүктердің үлкен бөлігі тасылмай қалып, бұл көлемді жалғыз еңсеруге тиіс теміржолға алапат сал­мақ түспек. Сондықтан Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Мәжілістің осы аптадағы отырысында «Автомобиль көлігі туралы» заңының 38-2-бабының талаптарын уақытша тоқтата тұруды сұрап, Үкіметке жүгінді. Оның айтуынша, бұл тыйымды ақпарат құралдары мен сарапшы­лар, әлеуметтік желіде пікір білдірген қоғам өкілдері теріс қабылдап отыр. 

– 2026 жылдың 1 қаңтарынан жалпы салмағы 25 тоннадан асатын үш өсті само­свалдардың қозғалысына тыйым салу – ойластырылмаған және біржақты шешім. Мұндай қадамның экономика мен бизнеске тигізетін зиянын алдын ала болжау өте ма­ңызды. Бұған дейін осы бапты алып тастау жөнінде заңнамалық түзету енгізгенмін. Алайда заң жобасын қабылдаудың рәсімдік талаптарына сәйкес, бұл процесс белгілі бір уақытты қажет етеді. Сондықтан оны күт­пей, жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарын болдырмау мақсатында аталған норманың қолданысын қазірден тоқтата тұру маңызды, – деді депутат. Ол осы мәсе­лені әрі қарай да жіті бақылауда ұстауға уәде етті. 

Өз депутаттық сауалында Болатбек Наж­мет­динұлы жалпы салмағы 25 тоннадан аса­тын үш білікті жүк көліктерінің жалпы жолда жүруіне уақытша шектеуді бұрынғы Үкімет енгізіп көргенін, бірақ 2019 жылы оны тиімді емес және қолдануға жарамсыз деп танып, күшін жойғанын еске салды. 

– Тыйым асфальт жолдарды қорғау үшін қажет деседі. Іс жүзінде ол бұрын өз тиім­сіздігін көрсеткен шешім. Қазақстанға кіре­тін әр жүк көлігі сертификат алады. Демек, мемлекет техниканы стандартқа сай деп танып, пайдалануға рұқсат береді. Билік мұндай машинаға тыйым салса, бұл реттеу емес, өз шешімінен бас тарту болады. Мемлекет 2022 жылдан кейін шектеуді қайта енгізетінін білді, сол кезде сертификат беру рәсімін қайта қарап, мыңдаған техниканың кіруіне жол бермей, содан кейін ғана пайда­лануға тыйым салуы керек еді, – деді Мәжі­ліс депутаты Болатбек Әлиев.

Транзиттің тоқтамағаны жөн

Жалпы, жүк көтергіш қабілеттілігі 25 тоннадан асатын әрі жүкті өзі түсіретін үш өсті көліктер жолда көп кездеседі. Қазақстан әлемнің шетінде емес, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан мемлекет ретінде өз территориясы арқылы тоқтаусыз транзиттік жүкті тасымалдайды. Жаһандық нарыққа өт­кізері өзінде жетерлік. Мысалы, Ақтау порты жақта HOWO, Shacman, XCMG, Dongfeng және басқа маркалы жүктерді өзі аударғыш алып автомобильдер жиі ұшыра­сады. 

Депутат тыйымның тек жүкті өзі түсі­ретін көлікке – «самосвалға» ғана қатысты болуын қисынсыз дейді. Себебі үш өсті шасси бүгінде әрбір қалада, соның ішінде Астана көшелерінде әрлі-берлі зырлап жүрген автобустарда, құрылыстық бетон араластырғыштарда, контейнер тасығыш­тарда, астық тасығыштарда және борттық жүк көліктерде бар. Олардың да салмағы, әсіресе өнім тиеп алғанда зілбатпан ауыр болып келеді. Техникалық тұрғыдан алғанда бұлардың бәрі – бірдей автомобиль.

Бірақ тыйым тек жүкті өзі түсіретін көл­ік­ке қатысты. Бизнес қауымдастық мұны кем­сітушілік, ала қойды бөле қырқитын келеңсіз тірлік деп санайды және әлі күнге түрлі инстанцияға шағым боратып жатыр. Олар құрылысқа тартылатын алып техни­каның салмағы да 25 тоннадан ауыр тарта­ты­нын, олар трассамен қоса, қала көшелері­нің асфальтын езіп-жаншып жатқанын алға тартты. 

Әйткенмен, оларға тыйым салынбайды. Себебі түсінікті – бұларға да тоқтау салса, тұрғын үй және басқасының қарқынды құрылысы дағдарып, көкке мойынсұнған заңғар тұрғын үй кешендері, қаптаған сарай­лар, әлеуметтік, мәдени, әкімшілік және бизнес нысандар проблемалы «сақалды құры­лысқа» айналады. Ал «самосвалдар» қала көшелеріне шықпайды, тек үлкен трас­саларды, аудандық-облыстық маңыздағы жолдарды пайдаланады. «Біздің машиналар сол ақылы жолдармен жүргені үшін тиісті ақысын төлейді, асфальт төселуінің шығы­нын жоғарғы көлік салығымен, ЖЖМ құны­мен, басқа алым-салықтарымен артығымен өтейді» дейді кәсіпкерлер. 

– Біз бұл заңнамалық өзгерістің жол инфрақұрылымын сақтауға және тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға бағытталғанын түсі­не­міз. Дегенмен жаңа талаптарды енгізу самосвал сатып алуға айтарлықтай қаржы құйған кәсіпкерлерге ауыр соққы болмақ. Кәсіпкерлер палатасы диалогтық форматты қолдайды, – деді ШҚО Кәсіпкерлер пала­тасы директорының орынбасары Айжан Жәңгірханова.

Тыйым қандай салаларға соққы?

Кәсіпорын-компаниялардың тасымал шығыны артып, олар сол шығынды клиент­терінен, тұтынушылардан өндіріп алады. Бұл елдегі онсыз да ушыққан қымбатшы­лық­ты әрі қарай «қуып», инфляцияның аспа­ндап кетуіне арна ашады. Сондай-ақ сарапшылар бұл тыйым мемлекеттік жоба­лардың аяқталуына тосқауыл болатынын ескертті. Өйткені алда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан бірнеше алып атом электр стансаларын салуға кіріседі. Басқа да үлкен жобалар қолға алынды. Елге тартылған инвесторлар өз кәсіп­орнының, инфрақұрылымдық нысан­дары­ның еш кедергі-тосқауылсыз, тез әрі уақытында тұрғызылуын талап етеді. Мұның бәріне тасымалдың «кіре тартар күрең аты» – жүктерді өзі аударғыш автомобильдер қызмет көрсете алмаса, кім қызмет етеді?

Айта кету керек, қазір Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексінің жобасы пысықталып жатыр. Бір топ депутат осы құжатқа енгізіл­ген түзету арқылы атышулы 38-2-баптың күшін жойғызуға күш салу үстінде. Бұл бап­ты заңнамадан алып тастау туралы бастама жұмыс тобында құпталды. Алайда соңғы ше­шім Мәжіліс пен Сенаттың жалпы оты­ры­сында, оның өзінде Үкіметтің оң қоры­тындысы болса ғана қабылданады. 

Парламенттің қос палатасы жыл соңына дейін Құрылыс кодексін осы түзетумен бірге қабылдап үлгергеннің өзінде жаңа кодекс 1 қаңтардан қолданысқа енгізілмейді, өтпелі кезең ұсынылған. Ал «самосвалдарға» тый­ым жаңа жылдан бастап өмірге жолда­ма алмақ. Аталған түзетуге бастамашы бол­ған депутаттар бұл тыйым экономикаға және әлеуметтік тұрақтылыққа үлкен сын-қатер­лер әкелетінін айтып, дәйектеді. 

Себебі ондаған мың «самосвал» тау-кен өндірісіне, жер қойнауын пайдалануға, құрылысқа, жол салуға, тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылыққа, қоқысты, қарды шығаруға, жылу-электр орталықтары мен қап­таған қазандыққа көмір тасуға, энерге­ти­калық инфрақұрылымның басқа мәселе­лерін шешуге, су және газбен қамту жүйе­лері­нде жұмылдырылған.

Жүкті өзі түсіретін көліктердің жұмы­сына Қазақстанның Қарулы Күштері, Қор­ғаныс министрлігі, әкімдіктің бәрі, Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктері, күш құрылымдары тәуелді. Мұның сыртында аталған норма елді асырап отырған жүздеген мың ауыл шаруашылығы өндірушісінің жаңа жыл­дан бастап астықты, мақтаны, тыңайт­қыштарды, азық-жем мен жем-шөпті тасуы­на, алған өнімін элеваторларға, өңдеуші зауыт-кәсіпорындарға уақытылы жеткізуіне тосқауыл қояды. Кәсіпкерлер аграрлық секторға жойқын соққы берілгелі тұрғанына назар аудартты. Соның ішінде көктемгі дән себу және күзгі егін жинау науқанын апатқа айналдырып жіберуі мүмкін. 

Сарапшылардың және депутаттардың пайымдауынша, тыйым күшінде қалса, тау-тау боп үйілген қарды ешкім далаға шығара алмайды: Астананың өзінде қар түскелі «Кам­АЗ-6520» маркалы самосвалдар 9 мың­нан аса рейс жасаған. Коммуналдық қызмет­тер де қоқыстасығыштарымен қалаға кіре алмай, қалалар қалдық-қоқысқа бөгіп жата­тын бола­ды. Ірі құрылыс алаңдарына құры­лыс матер­иалдарын, инертті материалдарды және бас­қасын жеткізетін және оның қазан­дығынан тонна-тонна топырақты әкететін машина та­былмай, бұл салада да дағдарыс туындамақ.

Әкімдіктер көшелерді абаттандыру, инфра­құрылымды ұстап тұру, апаттармен күрес және басқа бағыттардағы функция­ларын толыққанды әрі дер кезінде орындай алмай, пұшайман болады. Жаңа мектептер, ауруханалар, ЖЭО-лар және басқа әлеумет­тік, инфрақұрылымдық объектілердің құры­лысы бойынша мемлекеттік тапсырыстар жайына қалады. 

Бұл тыйымның авторы – Көлік министр­лігі болатын. Оның ұстанымынша, жолдарға салынып жатқан орасан зор инвести­ция­ларды ескере отырып, салынған жаңа жол­дар­ды тиісті деңгейде сақтап қалу аса маң­ызды. Тыйым соны мақсат етеді.

Осының алдында Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин 2025 жылы 13,1 мың шақырым автомобиль жолдарын салу жобаларына мемлекеттік кепілдік беру үшін Үкіметтің 1 триллион теңге жұмсағанын мәлімдеген-тін. Көлік ведомствосының ақпа­ра­тынша, Қазақстанда жарты миллион­нан астам жүк көлігі тіркелсе, соның 60 мыңы рұқсат етілген 25 тонна жүк тасу көле­мін сақтамайды. 

«Бұл жолдардың бұзылуына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты көлік иелерінің салмақ параметрлерін сақтау бойынша жауапкершілігін күшейту, жол жабынғысын сақтау үшін самосвалдардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына тыйым салынды» дейді министрлік. Елде автокө­ліктің қозғалысы кезінде салмағын өлшейтін 220 станса орнату жұмыстары басталды. Алайда асфальтты сақтап қалу үшін өзге салаларды «құрбан» етуге бола ма? Мұның ақырғы жауабы жыл соңына дейін берілуге тиіс.

Елдос СЕНБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see170

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see168

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see160

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see150

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see145

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see143

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see142

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see141

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see138

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see136

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see135

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see134

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see132

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see130

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see129

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see114

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see114

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see111

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары