Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

ERG Skills International байқауы жастар мен мамандарды біріктірді

ERG Skills International байқауы жастар мен мамандарды біріктірді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ақсу қаласында тау-кен металлургия кешеніндегі 160-тан астам маманды, студенттер мен тәлімгерлерді біріктірген ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында WorldSkills стандарттары бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік сайысы елдегі кадрлық әлеуетті дамыту мен жұмысшы мамандықтарын насихаттаудың маңызды кезеңіне айналды.

Шеберлік, технология, болашақ. Сайысқа қатысқан 160 үміткер мен олардың тәлімгерлері өз мамандықтарына адалдықтың үлгісін көрсетуде осы идеялық бағыттарды ұстанатындарын байқатты. Eurasian Resources Group компаниясы ұйымдастырған байқауда отандық тау-кен және металлургия кешенінің үздік мамандары мен студенттері және Қытайдан келген білікті қызметкерлер өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Qarmet» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «Қазақмыс» Тобы, ERG кәсіпорындарының белді мамандары бар. Ақсудағы өндіріс алаңдары мен кәсіптік колледждер бұл күндері кәсібилік, құзірет пен өндіріске заманауи көзқарастары безбенделген тартыс алаңына айналды.

Ұйымдастырушылар атап көрсеткендей, байқау жұмысшы мамандықтар саласындағы кәсібиліктің эталоны саналатын – WorldSkills стандарттары бойынша өткізілді. Құю ісі, дәнекерлеу технологиялары, темір жону мен слесарьлық, өнеркәсіп автоматикасы, электромонтаж, CAD инженерлік графикасы, зертханалық-химиялық талдау, еңбекті қорғау мен тау-кен ісі, маркшейдерлік, пайдалы қазбаны байыту, сандық басқару қондырғысы бар станок операторы сынды 13 негізгі құзірет бойынша өткен жарыстар 5 күнге жалғасты. Білім беру бағытына ерекше назар аударылды. ERG мен колледждер альянсы, сондай-ақ басқа да оқу орындарының өкілдері, ұзын саны 15 колледж бен университет өкілдері қатысты. Бұл қатардан Рудный индустриалдық институты, Торайғыров университеті, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақсу қара металлургия колледжін бөле-жара айтуға болады. Байқауға қатысқан студенттер жоғарыда аталған оқу орындары Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніне білікті мамандар дайындап отырғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Біздің компания кадрларды даярлау экожүйесін жүйелі түрде дамытып келеді. Мектеп қабырғасында кәсіби бағдар беруден бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы, сондай-ақ біздің корпоративтік университетіміздегі оқыту бағдарламаларын түгел қамтимыз. ERG Skills International сайысын өткізу – аталған экожүйенің тағы бір тиімді элементі. Бұл тек жеке мамандар үшін ғана емес, бүкіл сала үшін маңызды екеніне сенімдімін. Ол еңбек стандарттарын жоғарылатып, жас мамандардың кәсіби құзіреттерін дамытуға ықпал етеді», дейді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.

Өз шеберлігін дәлелдеуге бел буған қатысушылар арасында «Қазақстан алюминийі» АҚ электр стансасының 19 жастағы қызметкері Қайсар Дәулетбай да бар. Ол «Токарлық іс» құзіретінде шеберлігін көрсеткен.

«Бүгінгі байқауда біздің командамыз сәттілікке сеніп, қолдан келген шеберліктерін паш етті. Жарыс шарттарына сәйкес, сызбалар бойынша тапсырмаларды орындап, жаңа бөлшектер шығардық. Былтыр мен WorldSkills Павлодар – 2024 өңірлік чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ EnergySkills жүлдегері атандым. Биылғы халықаралық бәсекеде де үздіктер қатарынан көрініп отырмын»,  дейді жігерлі жас.

ERG Service компаниясының СББ токарі Дмитрий Гусев байқау кезіндегі ережелер жоғары дәлдікті және өңдеу технологиясын терең меңгеруді талап еткенін жеткізді.

«Жаңа буындағы заманауи СББ токарлік станогында жұмыс істеу әсіресе, қызықты болды. Оны шектеулі уақыт ішінде игеру нағыз сынаққа айналды. Бірақ дәл осындай міндеттер кәсіби дамуға және өз қабілетіңді арттыруға сенімділік береді. ERG Skills International-дағы жеңіс – тек жеке күш-жігердің ғана емес, сонымен қатар әріптестерімнің және өсу үшін барлық жағдайды жасап отырған компанияның тұрақты қолдауының нәтижесі», деді Дмитрий Гусев.

Қытайдың Шаньси энергетикалық кәсіптік-техникалық колледжінен қатысқан 2-курс студенті Хоу Ию Хан Аспанасты елінен 4 бірдей үміткер өнер көрсеткенін жеткізді. Айтуынша, бұл байқауға қатыса отырып ол өзінің кәсіптік дағдыларындағы кемшіліктерін аңғарыпты.

«Мен үшін бұл байқау үлкен тәжірие алаңы болды. Барлық жағынан үйренген істерім көп. Тәжірибем әлі де аз екенін байқадым. Қытайдан келген өзге қатысушылар маған қарағанда лайықтырақ өнер көрсетті деп ойлаймын», дейді ол.

Байқау қорытындысында «Тау-кен ісі», «CAD инженерлік графикасы», «Химиялық талдау зертханашысы», «Құю өндірісі», «Маркшейдерлік іс және геодезия», «Пайдалы қазбаны байыту», «Еңбекті қорғау», «Өнеркәсіптік автоматика», «Дәнекерлеу технологиялары», «Слесарьлік іс», «Токарлік іс», «СББ токарлік ісі», «Электромонтаж» құзіреттері бойынша үздіктер анықталды.

Жалпы, ERG Skills кәсіби шеберлік байқауы 2023 жылдан бері жыл сайын тұрақты өткізіліп келе жатыр. Ал ERG Skills International кәсіби шеберлік конкурсын өткізу компанияның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудағы, сондай-ақ отандық тау-кен-металлургия кешені үшін кадрлар даярлаудың үздік халықаралық тәжірибелерін ілгерілетудегі көшбасшылығын растады. Іс-шара өндірістік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда, кәсіби құзіреттілікті дамытуға және жұмысшы кәсіптерін танымал етуге ықпал ететін маңызды қадам болды.

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 02:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары