Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

STEM Ұстаз елді біріктірді

STEM Ұстаз елді біріктірді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңа білім беру бастамасының миссиясы – еліміздің оқушылары мен педагогтерінің цифрлық сауаттылығы мен жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ мектептердің жаһандық AI қауымдастығына сәтті кірігуіне қолдау көрсету.

«STEM-Ұстаз» жобасы еліміздің түкпір-түкпіріндегі педагогтерді біріктіріп, мұғалімдердің жеке цифрлық әлеуетін арттырудың қаншалықты маңызды екенін аңғартты. Мұғалімдердің IT-сауатын кеңейтуге бағытталған бұл форсайт-жоба Абайдың туған жерінде, ұлы ойшылдың мерейтой жылында бастау алған еді. Жазғы демалыс кезінде Астанада орталық өңірлердің мұғалімдері өз біліктілігін жетілдірді. Оқудың соңғы нүктесін Атырау мен Маңғыстау облыстарының қала және аудан мектептерінің ұстаздары қойды. Сонымен қатар жобаға еліміздің барлық дерлік өңірінен педагогтер онлайн форматта қосылды.

Бағдарлама робототехника пәнін оқытудың негізгі бағыттарын қамтыды – базалық деңгейден бастап спорттық бағыттарға дейін, оның ішінде техникалық жарыстарға оқушыларды даярлау әдістемелері енгізілген. Курстың 80%-ын практикалық сабақтар құрады. «STEM-Ұстаз» жобасы бойынша оқу мен кейінгі әдістемелік сүйемелдеу тегін жүргізілді.

– Жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде қазіргі оқушыларды цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне дайындап жүрген робототехника пәні мұғалімдерін оқыттық. STEM-Ұстаз – мұғалімдердің кәсіби дамуына және AI-заманының креативті педагогіне айналуы үшін нақты мүмкіндік, – деп атап өтті Астанадағы «Robotek» білім беру робототехника мектебінің бас директоры Санжар Шалқарбеков.

Жоба қатысушыларына сертификаттарды табыстау үшін Атырауға арнайы ExxonMobil Қазақстан компаниясының басқарушы директоры Сесиль Ролин келді. 

– Елдік жоба қазіргі оқушыларды жаһандық AI үрдістеріне бейімделуге шабыттандырып, кәсіби бағытын айқындауға және әлемдік деңгейдегі болашақ инженерлік кадрларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Жазғы демалыс кезінде өз біліктілігін цифрлық тұрғыда жетілдірген  ақтаулық Назира Телбаева «STEM-Ұстаз» жобасы отандық педагогтердің кәсіби дамуының жаңа кезеңін ашқанына сенімді: – Бұл жобаға қатысқан барлық ұстаздар мен олардың оқушылары енді өзге IT-бастамаларға, соның ішінде робототехника бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Цифрлық дәуірдің талаптарына балаларды бейімдеу үшін біз, ең алдымен, өзіміз заман стандарттарына сай болуымыз қажет, – дейді ол. 

Бүгінде «STEM-Ұстаз» жобасын тәмамдаған мұғалімдер өз мектептерінде жаңа білім мен тәжірибені таратуда. Отандық табысты форсайт-бастама «Robotek» шетелдік серіктестерінің қызығушылығын тудырды. Алдағы уақытта компания бұл сұранысқа ие жобаны бірнеше елде кеңейтуді жоспарлап отыр. «STEM-Ұстаз» Қазақстанның жаһандық цифрлық кеңістікке және Alem.AI экожүйесіне интеграциялануын жалғастыруда.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 16:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары