Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Ертіс өзеніне көктемгі су босату басталды

Ертіс өзеніне көктемгі су босату басталды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі «Ертіс» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Елеусіз Қамбаров Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан жалпы көлемі 6,3 текше километр су жіберілетінін хабарлады. Бұл — өткен жылмен деңгейлес.

Фото: «Ертіс» бассейндік инспекциясы

— Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша, бүгін еліміздің шығысындағы Шүлбі су қоймасы алғашқы су жіберу шараларын бастап кетті. Су жіберу шаралары негізгі үш кезеңнен тұрады — дайындық, негізгі ядро және аяқталу кезеңі. Алғашқы үш күнде су жіберудің деңгейі біртіндеп арттырылады. Одан соң 10 күн бойы секундына 3500 текше метр су Ертіске құйыла бастайды. Қосымша тағы екі күн секундына 3400 текше метр су босатылады. Ертіс жайылмаларының суға қанығуы үшін дәл осы 12 күн аса маңызды. Осы уақытта өзен бетінде бүйірлік ағындардың есебінен үлкен толқындар пайда болып, зор екпінмен келген су жайылмаларға шығып кетеді. Ал бүйірлік ағындарды күшейтетін Оба мен Үлбі өзендерінің суы да мол екені аңғарылады, — деп хабарлады Kazinform тілшісіне Елеусіз Қамбаров.

Биыл Бұқтырма 75%-ға, Шүлбі 95% пайызға толғаны анықталған. Яғни қоймаларда су жеткілікті. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша Ертіске сай-саладан ағып, бүйірлік ағынды күшейтетін өзендерде осы уақытта су мол болады. Яғни ол Шүлбіден босатылатын судың көлемі мен екпінін арттырып, жайылмаларға жететін су толқындарын биіктетеді.

— Гидрографтық мәліметтер кейде болжамға сәйкес келмей қалуы да ықтимал. Егер Шүлбіден босатылатын судың екпіні біз ойлаған көлемнен кем шығып жататын болса, онда жетпеген суды Бұқтырма қоймасынан алатын боламыз. Мысалы жоспар бойынша секундына 100 текше метр су қажет делік, бірақ Шүлбіден 60 текше метр ғана шығуы мүмкін. Ондай кезде 40 текше метрді Бұқтырмадан ағызамыз. Осылайша судың көлемі мен екпінін сақтап қалуымызға болады, — деп қосты инспекция өкілі.

Жоспар бойынша су босатудың дайындық кезеңі — 9-12 сәуір, ал негізгі кезең — 13-30 сәуір аралығына белгіленген. Мамандардың сөзіне сүйенсек, алғашқы екі күнде жіберілген орташа екпіндегі су көлемі өзен бетіндегі мұзды қалыпты жағдайда айдап әкетуге қабілетті. Негізгі су шамамен 5-7 күнде Павлодар облысының шекарасына жетеді. Ал үлкен судың келуі шамамен 20-21 сәуірде күтіліп отыр. Осы уақытта Ертіс өзені маңында орын тепкен елді мекендердің тұрғындарына сақ болу қажет. Қазір өңірде жағалаулар мен бөгеттерді нығайту жұмыстары атқарылып жатыр.

Фото: «Ертіс» бассейндік инспекциясы

Павлодар облысындағы Ертіс өзені жайылмаларының жалпы аумағы 377 мың гектардан асады. Биыл босатылатын су соның шамамен 90% -дай бөлігіне жайылады деп болжанып отыр. Негізінен тіршілік нәрі жер жағдайы бойынша ойпаңдау жерде орналасқан Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Павлодар аудандарының жайылмаларын көбірек басады.

«Ертіс өзеніне осыншама көлемде мол судың жіберілуі экологиялық және экономикалық тұрғыдан аса маңызды. Жайылмалардан мал азығын дайындайтын азаматтар үшін пайдалы. Ал осы уақытта таяз суларға шығып, уылдырық шашатын балықтар үшін де судың көптігі тиімді әсер етеді», дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева.

Негізі Ертіс өзеніне босатылатын судың екпінін тежейтін факторлар көп. Мысал үшін 2024 жылы Семейдегі көпір құрылысына байланысты Ертіске ағызылып жатқан судың қарқыны 3500 текше метрден 3200 текше метрге дейін бәсеңдеп қалған еді. 

Ал 2024 жылы кейінгі 11 жылда алғаш рет Ертіс жайылмасының 90 пайызын су басқан еді. 

Бұған қоса биыл 7 сәуірден Қаныш Сәтбаев каналынан Шідерті алқабына су босатыла бастағанын хабарлағанбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 12:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see141

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see140

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see136

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see134

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see121

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see117

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see117

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see116

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары