Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

“Ешқандай шешілмеген мәселе жоқ“: Тоқаев пен Путин келіссөз жүргізді: 28 мамыр 14:16 жаңалықтар

“Ешқандай шешілмеген мәселе жоқ“: Тоқаев пен Путин келіссөз жүргізді: 28 мамыр 14:16 жаңалықтар

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Қазақстанға жасаған сапары жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қарым-қатынастардың ерекше сипатын көрсететінін атап өтті.

"Қазақстан үшін ең әуелі Ресеймен жақын әрі достық байланыстар айрықша маңызды десек, артық болмайды. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салада сенімді түрде дамып келеді әрі оны мемлекетаралық байланыстардың нағыз үлгісі деп атауға болады. Біз шағын құрамда нәтижелі келіссөз жүргізіп, сан қырлы серіктестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық. Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз. Бұл орайда бүгін қабылданатын "Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы" бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдегі күрделі ахуалға қарамастан, екіжақты ықпалдастық, әсіресе, экономика саласында табысты өрбіп келеді. Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізу дәстүрге айналды.

"Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған елдердің арасындағы ең ірі инвестор саналады. Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 миллиард доллардан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, екі ел президенттерінің әкімшіліктері мен үкіметтерінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі. Осы қарқынды ары қарай жалғастыруға уағдаластық. Бүгінде инвестицияның жалпы көлемі 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталды, оның ішінде 122-сі іске асырылды, яғни, операциялық кезеңге өтті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық айрықша назар аударуға лайық.

"Жуырда Астанада қала тұрғындары мен қонақтары ерекше ықыласпен қабылдаған Қазақстандағы Ресей күндері өтті. Маңызды уақиғалар қатарында былтыр елордада "Қазақстан мен Ресей мәңгі достығы аллеясы" және Мәскеуде Қазақстан мен Ресей достығы скверінің ашылуын айтуға болады. Астанада өтетін үшінші "Болашақ ойындары" гуманитарлық байланыстардың, ең алдымен, елдеріміздің жастары арасындағы ынтымақтастықтың беки түсуіне ықпал етеді. Қазақстандағы "Сириус" жобасын ерекше атап өткім келеді. Мұны қолдаймын, болашақ мамандарды даярлау үшін пайдасы зор деп санаймын", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің көпжақты алаңдар аясындағы ықпалдастығына мән берді.

"Екі ел "Орталық Азия – Ресей" форматында жемісті жұмыс атқарып жатқанына айрықша тоқталғым келеді. Аталған форматты бүкіл әлем Орталық Азияға назарын тігіп отырған уақытта күшейте түсуіміз қажет деп ойлаймын. Сапар қарсаңында жарияланған мақалаңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Өте қызықты әрі мазмұнды мақала біздің қоғам тарапынан оң бағаға ие болды. Біз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту бағытында әрі қарай жұмыс атқара береміз", – деді Президент.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Владимир Путин тең құқылы және өзара құрметке негізделген Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді

"Былтыр Мәскеуге мемлекеттік сапарыңыз барысында жасаған бірлескен мәлімдемеде байланыстарымыз жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өттік. Бұл шын мәнінде солай. Біз барлық бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ресей және Қазақстан халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі жайында маңызды бірлескен мәлімдеме қабылдаймыз. Сонымен қатар көптеген үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық келісімдер дайындалды. Бұл құжаттар экономика мен энергетикадан бастап, мәдени-гуманитарлық қатынастарға дейінгі ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Мұның бәрі өзара ықпалдастығымыздың іргесін нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін. 70 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл – ауқымды жұмыстың бастауы ғана. Өзара ынтымақтастығымыздың жақсы нәтижеге қол жеткізетін перспективті бағыттары байқалады", – деді Ресей Президенті.

Бұдан бөлек, кездесуде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және өндіріс, энергетика, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

"Баршамызға бейбітшілік қажет" - Тоқаев Путинмен шағын құрамдағы келіссөзде

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин шағын құрамдағы келіссөз жүргізген болатын. Кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан мәні зор екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 14:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see148

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see129

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see126

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see125

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see125

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see123

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see123

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see123

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see123

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

25 Тамыз 2026 23:17see123

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

25 Тамыз 2026 16:27see121

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

26 Тамыз 2026 15:23see121

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

25 Тамыз 2026 20:23see121

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

25 Тамыз 2026 18:19see120

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

25 Тамыз 2026 10:27see120

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

26 Тамыз 2026 13:39see120

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

25 Тамыз 2026 12:14see119

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

25 Тамыз 2026 11:49see119

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

26 Тамыз 2026 16:46see118

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

25 Тамыз 2026 08:34see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары