Есіл өзеніне 600 мыңнан астам сазан мен ақ амур шабақтары жіберілді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Балық қорын қалпына келтіру және ұтымды пайдалану, сондай-ақ экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып, қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында балықтандыру акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шара Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Балықтандырудың алғашқы кезеңінде Есіл өзеніне орташа салмағы 10 грамм болатын 367 мыңнан астам тұқы балығының шабағы жіберілді. Ал екінші кезеңінде Есілге тағы да 237 мыңнан астам ақ амур шабақтары жіберілді. Бұл балық түрі артық су өсімдіктерін тазарту қабілетімен ерекшеленеді және судың сапасының жақсаруына және табиғи ортаның қалпына келуіне ықпал етеді.
Айта кетерлігі, балықтандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















