Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ескі көліктер Алматының орталығына жіберілмей ме? LEZ сынағынан екі ай өткен соң не белгілі

Ескі көліктер Алматының орталығына жіберілмей ме? LEZ сынағынан екі ай өткен соң не белгілі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы орталығындағы төмен шығарындылар аймағы (LEZ) екі айға жуық уақыт бойы пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Tengrinews.kz тілшісі жобаның қалай жүзеге асып жатқанын және жоспарланған шаралардың бір бөлігі неліктен әлі күнге дейін іске қосылмағанын білдік.

Алматыдағы LEZ аймағы - жоба қазір қай кезеңде?

Қазақстандағы алғашқы LEZ аймағы 2026 жылғы 28 сәуірде Алматы орталығында - Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке, Абай даңғылынан солтүстікке, Желтоқсан көшесінен шығысқа және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан шаршыда пилоттық режимде іске қосылды.

Анықтама: LEZ (Low Emission Zone) - бұл төмен шығарындылар аймағы. Жоба қаланың экологиялық жағдайын және ауа сапасын жақсартуға бағытталған. Алматыда LEZ әзірге пилоттық (техникалық) режимде жұмыс істеп тұр, шектеулер мен айыппұлдар қолданылмайды.

"Eco Almaty" компаниясы редакцияның ресми сауалына берген жауабында жобаның әлі де техникалық пысықтау сатысында екенін хабарлады.

"Қазіргі басты мақсатымыз – цифрлық жүйені құру және сынақтан өткізу. Ол үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп, "Төмен шығарындылар аймағын" әкімшілендіруге көмектесетін "Сергек" камераларымен байланыстырылып жатыр. Сондай-ақ техникалық байқау станцияларымен (ТБС) интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады компания өкілдері.

Ластаушы заттардың шығарындылар деңгейі автокөлікті техникалық байқаудан өткізу кезінде ТБС-да анықталатын болады.

Пилоттық жоба барысында ауа сапасы өзгерді ме?

Пилоттық аймақта ауа сапасының өзгерістері тіркелді ме деген сұраққа компания өкілдері жүйенің әлі де мәліметтер жинап жатқанын айтып жауап берді.

"Жолдардың жүктемесі мен ауа сапасының өзгеруіне қатысты егжей-тегжейлі талдау жүйе қажетті ақпаратты жинақтағаннан кейін басталады. Кіретін көліктердің саны бойынша алдын ала мәліметтер бар, бірақ шыққан жылы, қозғалтқыш түрі және эко-класы бойынша нақты статистика тек ІІМ дерекқорларымен интеграцияланғаннан кейін ғана мүмкін болады".

Сондай-ақ жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіші жүйені іске қосу алдындағы және одан кейінгі ауа сапасын салыстыру болатыны хабарланды.

LEZ аймағының пилоттық мерзімдері

Компания бұған дейін жарияланған мерзімдерді растады.

"Техникалық пилоттық жоба 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның қорытындысы жыл соңында шығарылады. Бұл кезеңдегі табыстың басты көрсеткіші - толық құрылған және жұмыс істеп тұрған деректер жинау жүйесі болмақ", – деп хабарлады "Eco Almaty".

Сондай-ақ пилоттық жобаға бюджет қаражаты тартылмағаны нақтыланды – барлық шығынды "Алматы паркинг" жүйесінің операторы өтейді.

Қандай көліктер шектеуге ілігуі мүмкін?

Ұйым болашақта қандай автомобильдер үшін шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты. Әңгіме шығарындылары ҚР СТ 1433-2023 стандартының талаптарына сәйкес келмейтін көліктер туралы болып отыр.

"Бұл Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 272 шешімімен бекітілген. Бұл стандартқа сәйкестікті тексеру техникалық тексеруден өту кезінде бағаланады", – деп түсіндірді компаниядағылар.

Пилоттық кезеңде ешқандай шектеулер, айыппұлдар немесе кіру ақысы болмайды.

Аймақ тұрғындарына берілетін жеңілдіктер мен ескі көліктердің жағдайы не болмақ?

Аймақ тұрғындарына жеңілдіктер беру, ескі көлік иелерін қолдау және LEZ шекарасын кеңейту мүмкіндігі туралы мәселелер әзірге ашық қалып отыр. Олар пилоттық жобаның қорытындысы шыққаннан кейін қарастырылады.

"Бұл мәселелерді қала басшылығы қосымша қарастыратын болады. Барлық келесі қадам пилоттық жобаның қорытындысы шығарылғаннан кейін ғана жоспарланады. Жоба шағын бизнестің жұмысын шектеуге емес, тек қала экологиясын жақсартуға бағытталған", – деп хабарлады компания өкілдері.

Лондон мен Париж тәжірибесі

Компаниядағылар атмосфералық ауаны қорғау ережелері бекітілмес бұрын, құжаттың тұрғындармен және сарапшылармен талқыланғанын хабарлады. Түскен ұсыныстардың бір бөлігі оны пысықтау кезінде ескерілген.

Сонымен қатар ережелерді дайындау кезінде экологиялық аймақтар мен ақылы кіру жүйесі жұмыс істейтін шетелдік қалалардың, атап айтқанда Лондон мен Париждің тәжірибесі зерттелді.

Бұл ретте компания басқа да халықаралық тәжірибелерді енгізу мүмкіндігі кейінірек - жобаның іске асырылуы мен оның тиімділігін бағалау шамасына қарай қарастырылатынын атап өтті.

Жоба хронологиясы

2025 жылғы 30 желтоқсанда Алматы мәслихаты "Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын" бекітті. Құжат төрт бағытты қамтиды:

автомобиль көлігіне қойылатын арнайы экологиялық талаптар; III санаттағы стационарлық нысандарға қойылатын арнайы экологиялық талаптар; мониторинг жүргізу және бұзушылықтарды анықтау; шығарындылар деңгейі төмен аймақты (Low Emission Zone, LEZ) ұйымдастыру.

Бұған дейін қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев LEZ аймақтарында тек экологиялық нормаларға сәйкес келетін автомобильдер ғана жүре алатынын (Евро-5-тен төмен емес деп көрсетілген болатын) мәлімдеді. Бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бұл ретте Сматлаев 2026 жылы Алматыға ақылы кіру енгізілмейтініне сендірді. Бұл норманы енгізу үшін Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу қажет.

Бұған дейін анықталғандай, LEZ аймағына кіру камералардың көмегімен автоматты түрде бақыланады – интеллектуалды фото және бейнетіркеу жүйесі бекеттердегі қызметкерлерсіз-ақ, көлік нөмірлерін шығарындылар бойынша техникалық байқаудан өткені туралы дерекқормен салыстырады. Тек экологиялық нормаларға сәйкестігі расталған көліктер үшін кіру тегін болып қалады, бұл ретте басты критерий шыққан жылы немесе эко-класы емес, пайдаланылған газдың нақты тексеру нәтижесі болмақ.

Аймақ шекарасында физикалық блокбекеттер мен шлагбаумдар болмайды. Көлік кірген кезде иесіне SMS-хабарлама жіберу жоспарланған, ал ақысы төленбеген өту үшін кейінірек айыппұл салынуы мүмкін, оның мөлшері әлі бекітілген жоқ.

Сондай-ақ қала тұрғындарынан ескі көліктерді сатып алу мәселесі әлі де қаралу үстінде екені белгілі болды – бұған бөлінетін бюджет пилоттық жобаның қорытындысынан кейін ғана анықталады.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 10:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары