Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Үлкен Алматы өзенінің бойындағы гранит су сынағынан өтпеді ме? Әкімдік не дейді

Үлкен Алматы өзенінің бойындағы гранит су сынағынан өтпеді ме? Әкімдік не дейді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Нөсер мен Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан жағалаудың кейбір учаскелеріндегі қаптама гранит плиталары жылжып, ішінара бұзылды. Алматы әкімдігі бұл жағдайдың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Су сынағынан өте алмады ма?"

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде Үлкен Алматы жағалауында түсірілген суреттерді жариялады. Онда су арнасының кейбір тұстарында қаптама гранит плиталардың орнынан жылжып, ішінара қирағаны анық көрінеді.

"Үлкен Алматы су сынағынан өте алмады", - деп жазды фото авторы.

Скриншот: Тhreads/pirozhkovskyi

Пікір қалдырушылар да жағалаудағы зақымданған жерлердің суреттерін бөлісті.

Скриншот: Тhreads/qwerty.zxcv.zaq

Әкімдік не дейді?

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 1 шілдеде ауа температурасының күрт көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан Үлкен Алматы өзеніндегі су шығыны секундына 8 текше метрге дейін артқан.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ІІМ ауқымды тексерістер қорытындысын жариялады: мыңдаған шенеунік жазаланды

Бүгін 08:57 2

"Өзендегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Төрайғыров көшесінен төмен орналасқан учаскеде қолданыстағы гранит қаптаманың жекелеген элементтері жылжып кеткен. Мердігер ұйым жедел түрде гранит қаптаманы анкерлік бекіткіштермен нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ онда орнынан жылжыған гранит плиталардың ескі конструкциялар екені және оларды орнату жаңғыртудың ағымдағы жобасындағы жұмыс көлеміне кірмейтіні атап өтілді.

Зақымды жоюға кім жауапты?

Сонымен қатар әкімдік "№1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі Үлкен Алматы өзенінің арнасын жаңғырту" нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды. Нысан әлі аяқталмаған, пайдалануға берілмеген және тапсырыс беруші оны қабылдап алмаған.

"Осыған байланысты жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары сапасына, нысанның сақталуын қамтамасыз етуге және анықталған кемшіліктерді жоюға мердігер ұйым жауапты болады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Әкімдік жұмыс аяқталып, нысан пайдалануға беріліп, қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін үш жылдық кепілдік мерзімі белгіленетінін қосты. Осы уақыт ішінде мердігер өз кінәсінен болған ақау мен кемшіліктерді өз қаражаты есебінен жоюға міндетті.

Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін мердігер "Павлодар өзен порты" АҚ-на да хабарласқан болатын. Алайда компания пікір беруден бас тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz тілшілері нысанды аралап, не істелгенін және тағы не істелуі немесе қайта жасалуы керектігін көріп қайтқан болатын. Жаңғырту барысы туралы мына жерден оқыңыз.

Бұған дейін де сұрақ туғызған жаңғырту

Айта кетейік, бұл жоба бойынша тендер 2024 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған. Көп ұзамай Алматының экология және қоршаған орта басқармасы "Павлодар өзен порты" АҚ-мен №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі Үлкен Алматы өзенінің учаскесін жаңғырту және іргелес аумақты абаттандыру туралы шарт жасады.

Мердігер жұмысқа келісімшартқа қол қойылғаннан кейін бірден кірісті. Жоба жағалауды ауқымды жаңартуды қарастырды: бетон тірек конструкцияларын жаңғырту, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу, балалар мен спорт алаңдарын, веложолдарды жабдықтау, сондай-ақ аумақты көгалдандырып, ағаштар мен гүлдер отырғызу.

Бірақ бұл процесс барысында қала тұрғындары тазалық жұмыстары кезіндегі шаңға және бұрынғы граниттің алынып тасталуына қатысты көптеген шағым түсірді. Әкімдіктегілер ескертулердің бір бөлігі назарға алынатынын айтып сендірді.

"Жобаны іске асыру барысында тұрғындардың өтініштері мен ескертулері ескеріліп, соған байланысты жобаға жекелеген өзгерістер енгізілді", - деп хабарлады экология басқармасы.

Қандай өзгерістер енгізілгені нақтыланбады.

Сондай-ақ басқарма "Павлодар өзен порты" АҚ өз қаражаты есебінен қосымша жұмыс атқарып жатқанын, оның ішінде мыналар бар екенін айтты:

Әл-Фараби даңғылындағы көпір астындағы баспалдақтарды гранит плиталармен қаптау; ағаштарға ландшафтық жарық орнату; Абай даңғылынан төменгі бөліктегі бетон беткейлерді сырлау.

Сондай-ақ бұған дейін әкімдік жаңғырту сапасын күн сайын "Самұрық Астана 2030" ЖШС техникалық қадағалауы тексеретінін мәлімдеген болатын:

"Жалпы жұмыс сапасы қанағаттанарлық, анықталған кемшіліктер жедел түрде жойылып жатыр".

12 сәуірде абаттандыру барысын қала әкімі Дархан Сатыбалды тексерді. Сол кезде ол мердігер барлық кемшілікті түзетпейінше, нысан қабылданбайтынын баса айтты.

"Үлкен Алматы өзенінің бойын аралап шықтым. Қазір жұмыс қарқын алған, жоба мамыр айында аяқталмақ. Дегенмен, орындалу сапасына қатысты бірқатар ескерту бар. Қала құрылысын бақылау басқармасына жұмыстардың жобалық шешімдер мен құрылыс талаптарына сәйкестігін қатаң тексеруді тапсырдым. Мердігер барлық кемшілікті жоймайынша, нысан қабылданбайды", - деді сол кезде әкім.

Бұдан бөлек, алматылықтар Үлкен Алматы өзені қаптамасын сынға алып, бетон "гранитке ұқсас" түске боялғанына назар аударған болатын. Қала тұрғындары жабынның төзімділігіне күмән келтіріп, бұзылған түпнұсқа гранит плиталардың қайда кеткенін анықтауды талап етті.

Видео кадрлары

Әкімдік гранитті бетонға ауыстыруды ескі плиталардың қатты деформациялануымен түсіндіріп, жағалаудың біртұтас көрінісін сақтау үшін баспа бетонды гранит плиталар түсіне сай бояғандарын мәлімдеді.

Гранит плиталар мен өзен арнасының жай-күйі. Алматы әкімдігінің фотосы

Бұл ретте экология басқармасы бүтін плиталар өзеннің басқа учаскелерінде қайта пайдаланылғанын, ал зақымдалған гранит "құрылыс нысанына" жіберілгенін нақтылады.

Алайда редакцияның "сөз қай құрылыс нысаны туралы болып отыр" деген сұрағына мемлекеттік орган жауап бермеді. Тек келесіні хабарлады: "материалдар нысан аясында қайта пайдаланылады немесе әкімдікке жауапты сақтауға беріледі" деп хабарлады.

Мердігер компания туралы не белгілі?

Үлкен Алматыны жаңғыртумен және қаланың өзге де ірі жобаларымен "Павлодар өзен порты" АҚ айналысады. Біздегі мәлімет бойынша, компания Алматыда 67 миллиард теңгеден аса сомаға ірі мемлекеттік келісімшарттар алған.

Ірі жобалар қатарында Үлкен Алматы өзені арнасын жаңғырту, Сайран су қоймасының айналасын абаттандыру, Үлкен Алматы каналын күрделі жөндеу және кәріз коллекторының құрылысы бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары