Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Үлкен Алматы өзенінің жағалауы гранит тәрізді етіп боялды әкімдік мұны қалай түсіндірді

Үлкен Алматы өзенінің жағалауы гранит тәрізді етіп боялды әкімдік мұны қалай түсіндірді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеуметтік желілерде Үлкен Алматы өзені жағалауындағы жұмыс барысы түсірілген видео пайда болды. Ролик авторы қаптаманы сынға алса, пікір қалдырушылар бетонның гранит сияқты түске боялғанына назар аударған. Қалалық экология және қоршаған орта басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Ролик Threads әлеуметтік желісінде жарияланды, авторы "Алматыда гранит осылай жасалады" деп жазған.

Пікірлерде тұрғындар қаптаманың төзімділігіне күмән келтіріп, су ағыны оны тез зақымдауы мүмкін деп қауіптенеді.

"Ол жерде нағыз гранит плиталар болған. Оларды қайда жіберді? Бұл бір күндік
шала реконструкцияның не керегі бар? Тау суының қатты ағыны мұның бәрін тез шайып кетеді" "Нағыз гранитті алып тастап, орнына үгінді қойған ба? Әлде ол қандай технология?" "Төрайғыровтан төмен бұрын да болған. Біз бұл жерде көп жылдан бері тұрамыз. Төрайғыровтан төменге ауыстыру үшін әл-Фарабиден жоғары жақты неге алып тастайды? Бір жерден екінші жерге көшірудің мәні неде? Барлық жер біркелкі болуы керек, ең бастысы – сенімді, сапалы және көп жыл шыдауы тиіс". Алматы әкімдігінің жауабы: гранит орнына бетон

Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері Үлкен Алматы өзені арнасын реконструкциялауды "Павлодар өзен порты" АҚ жүргізіп жатқанын түсіндірді. Жобаға сәйкес, мамандар ұзындығы 5,7 шақырым болатын учаскеде тексеру жүргізіп, ескі плиталардың деформацияланғанын анықтаған.

"Әл-Фараби даңғылынан жоғары учаскеде гранит плиталарды толық шешіп алып, баспа бетон құю қарастырылған. Біртұтас концепция мен декоративті көріністі сақтау мақсатында құйылған бетондар қолданыстағы гранит плиталардың түсіне сай боялды", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Гранит плиталар мен өзен арнасының жай-күйі / Фото: Алматы әкімдігі

Басқарма өкілдері жобаның 2024 жылғы маусымда мемлекеттік сараптамадан өткенін, ал материалды ауыстыру туралы шешім тексеру нәтижесі мен ақау тізімдемесі негізінде қабылданғанын атап өтті.

Ескі гранит қайда жоғалды?

Билік өкілдері алынған тастардың қайда екендігі туралы есеп берді. Әкімдік мәліметінше, құрылысшылар 2 110 гранит плитаны шешіп алған, олардың бір бөлігі қайта пайдалануға жарамды болып шықты.

"Жалпы саннан 1 250 бүтін гранит плита Үлкен Алматы өзенінің Төрайғыров көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығындағы барраждар мен бермаларға, гранит плиталары деформацияланған немесе мүлдем жоқ жерлерге қайта орнатылды. Тағы 860 ақауы бар гранит плита (жарықтар, жиектерінің зақымдануы, сынықтар) құрылыс нысанында тұр", - деп нақтылады басқармадағылар.

Гранит плиталар мен өзен арнасының жай-күйі / Фото: Алматы әкімдігі Гранит плиталар мен өзен арнасының жай-күйі / Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, бұл Үлкен Алматы жағалауына қатысты алғашқы дау емес. 2025 жылғы қарашада қала тұрғындары Сәтбаев көшесінен жоғары учаскедегі жұмыстарды сынға алған болатын. Сол кезде тұрғындар граниттің боялған бетонмен ауыстырылуын "вандализм мен ұрлық" деп атаған еді.

Әкімдік бұл шешімді граниттің қымбат болуы және оған күтім жасаудың қиындығымен түсіндірген. Билік ылғалға және ультракүлгін сәулеге төзімді арнайы резеңке қоспа қолданылатынын алға тартып, бұл технологияның барлық құрылыс нормаларына сәйкес келетініне сендірген болатын.

Мердігер компания туралы не белгілі?

Үлкен Алматы өзенін реконструкциялаумен және қаладағы басқа да ірі жобалармен "Павлодар өзен порты" АҚ айналысады. Біздегі мәлімет бойынша, компания Алматыда 67 миллиард теңгеден аса сомаға ірі мемлекеттік келісімшарттар алған.

Бұл ретте кейбір жоба дау-дамай және сот процестеріне ұласқан, солардың ішіндегі елеулі бірнеше жағдайды еске түсірейік.

Үлкен Алматы: плиталарды ұрлаудан "қаламмен тексеруге" дейін

Үлкен Алматы арнасын реконструкциялауға тендер 2024 жылғы 16 қыркүйекте жарияланды. Келісімшарт сомасы 7,143 миллиард теңге болды.

Бұл нысандағы жұмыстар қала тұрғындарының есінде бірқатар келеңсіз оқиғамен қалды.

Плиталарды ұрлау: 2025 жылғы қыркүйекте блогер әрі белсенді Санжар Боқаев гранит плиталардың ұрланғанын анықтады. Белгісіз тұлғалар манипулятормен материалдарды құлпытас жасайтын цехқа тасыған. Сол кезде мердігер плиталар "таныс емес жігіттің өтініші бойынша" ұрланғанын айтып, полицияға арыз түсірген. Бетон сапасы: кейінірек белсенді кәдімгі шарик қаламмен жаңа плиталар жабынын қырып тастаған видеосын жариялады. Мердігер өкілдері мұны гидрооқшаулағыштың "өткір заттармен келтірілген механикалық зақымға төтеп бере алмайтындығымен" түсіндірді. Фото: видео кадры

Анықтама: 2026 жылғы 18 наурызда Алматыда Санжар Боқаевтың ұсталғаны белгілі болды. Бас прокуратура мәліметінше, ол жалған ақпарат таратты және ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Сайранды абаттандыру төңірегіндегі дау

Сайран су қоймасын абаттандыру да ең көп талқыланған және ең қымбат жобалардың біріне айналды – сомасы 12 миллиард теңге болатын келісімшарт 2023 жылғы желтоқсанда жасалған. Бастапқыда жұмыстар 2024 жылы аяқталуы тиіс еді, бірақ мерзім бірнеше рет кейінге шегерілді.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

2025 жылғы тамызда әкімдік "Павлодар өзен порты" компаниясының үстінен міндеттемелерді уақтылы әрі сапасыз орындағаны үшін талап арыз берді. 2025 жылғы қыркүйекте бірінші сатыдағы сот компанияны сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, 23,1 миллион теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндірді.

Алайда кейін апелляция компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімнің күшін жойды.

Нысан ресми түрде тек 2025 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді, қазір оған "Жасыл Алматы" КММ жауапты.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 14:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see132

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see123

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see119

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see118

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see117

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see117

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see117

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see117

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see117

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see115

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see115

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

23 Тамыз 2026 10:15see115

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see114

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see114

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see114

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see113

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see113

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see113

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see113

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары