Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы саласына $650 млн: Берік Асылов түрік инвесторымен кездесу өткізді

Қару ұстауға рұқсат алу үшін медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшіріледі

ТМД тарихшылары Ұлы Жеңіс туралы бірлесіп кітап жазып шықты

​Мәскеу мен Вашингтон қарым қатынасы: Лавров пен Рубио телефонмен сөйлесті

7 мамырға валюта бағамы

Кедергісіз келешек : Ұлытау облысында мүгедектігі бар тұрғынның мәселесі шешілді

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Атбасар түрмесіндегі азаптауға қатысты атышулы іс: сотталушыларға жаңа айып тағылды

Хромтауда көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адам өлі күйінде табылды

Қорғаста 17 қазақстандық жүк көлігі өртенді

57 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді: қазақстандық боксшы америкалық рейтингке ілікті

Қазақстандықтарға коммуналдық тарифтер үшін миллиардтаған теңге қайтарылады

Нұрай Серікбай ісі: күдіктінің туыстары да тексеріліп жатыр

Атырауда тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты

Қазақстандық реставраторлар Армениядағы халықаралық семинарға қатысты

Астанада Нұрлы жол маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% ға өсті

Әрқашанда “ас пен тас“ стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет Тоқаев

Берік Асылов Әсем Орынбайды стендтік атудан Әлем кубогы кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады

Алматыда сессияны тапсыра алмағандықтан бірінші курс студентімен болған қайғылы жағдай туралы хабарланды

Ескі үйлерді бұзу, көшені көгалдандыру, жаңа мектептер ашу : Астана әкімі қаладағы маңызды мәселелерге тоқталды

Ескі үйлерді бұзу, көшені көгалдандыру, жаңа мектептер ашу : Астана әкімі қаладағы маңызды мәселелерге тоқталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанада реновация бағдарламасын іске асыру жалғасуда, ал келесі жылы ол негізінен Байқоңыр ауданында жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 

«Уәлиханов көшесінен әрі қарай, «Артем» сауда үйіне қарама-қарсы аумақта, Кенесары көшесі бойымен Есіл өзеніне қарай бағытта 50–60-жылдары, соғыстан кейін салынған жеке ескі үйлер көп орналасқан 21 учаске анықталды. Қазіргі таңда оларды белсенді түрде бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл учаскелер біз үшін өте ыңғайлы, өйткені барлық қажетті инфрақұрылым бар, яғни су, электр қуаты және өзге де инженерлік коммуникациялар қамтылған. Сонымен қатар ескі тұрғын үйлер реновациядан өтуде, ал сол үйлердің тұрғындарына ақшалай өтемақы беріледі немесе жаңа пәтерлерден тиісті тұрғын үй ұсынылады», – деді әкім.

Ол бас жоспар аясында болашақта тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жер учаскелерінің саны азаятынын атап өтті.

«Негізінен бұл аумақтар әлеуметтік нысандарға беріледі. Ал, тұрғын үй құрылысы үшін ескі тұрғын үйлерді бұзу есебінен жер босатылады», – деп нақтылады Жеңіс Қасымбек. 

Сондай-ақ жоспарлар қатарында Ботаникалық бақтан Abu Dhabi Plaza-ға дейін созылатын желілік саябақты жалғастыру бар. Осы нысандардың бірі қоғамдық кітапхана болады. Бұдан бөлек, Ботаникалық баққа қарама-қарсы аумақта балабақша мен емхана салу жоспарланып отыр.

Елорданы дамытудағы ең маңызды бағыттардың бірі – қалалық ортаны абаттандыру және көгалдандыру. Осы мақсатта келесі бағдарламалық құжаттар әзірленді: Елорданың брендбугі, Көгалдандыру жарғысы, «Бақшалы қала», «Жаңа келбет», «Жайлы аула», «Реновация». Олар қалалық кеңістікті дамытудың барлық бағыты бойынша біртұтас тәсілдерді айқындайды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның хабарлауынша, жеке инвесторлар тарту арқылы пилоттық жоба аясында ескі тұрғын үй қорын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл алдағы жылдары, әсіресе, ескі үйлері бар аудандарда толық кварталдарды жаңартуға мүмкіндік береді. Мысалы, Байқоңыр ауданында инвесторларға реновацияға арналған 21 жер учаскесі бөлінген. Келесі жылы осы жерде Асан қайғы көшесін салуды бастау жоспарланып отыр. Астананың жаңа келбетін айқындайтын дизайн-кодты жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Орталық көшелердің бірінші қатарындағы үйлердің 60%-ның фасадтары стандарттарға сәйкес келтіріліп, қаланың визуалды тұтастығы қалыптасуда. 

Осы жылы қалада 170 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, 1,1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылды. Жұмыс Елорданы көгалдандыру тұжырымдамасына сәйкес жүргізілді, оған күтімнің жаңа стандарттары, дендропландар және ағаштарды сандық паспортизациялау кіреді.

«Біз жекелеген абаттандырудан көшіп, «фасадтан фасадқа» принципі бойынша көшелер кеңістігін кешенді қалыптастыруға бағытталудамыз. Мұнда жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, көлік қозғалысы, жарықтандыру, навигация және көгалдандыру ескеріледі. Сонымен қатар инклюзивті ортаны дамытуға басымдық беріліп, барлығына қолжетімді және тең жағдайлар жасалуда», – деді шаһар басшысы.

Биыл ашылған Greenline бульвары жобасының бірінші кезеңі осы тәсілдің үлгісі болды. Жолдың орнына жаңбыр бақтары мен жасанды тоғандары бар жаяу жүргіншілер аймағы құрылды. Спорттық жағалау мен Ататүрк жағалауын абаттандыру аяқталды, Ақбұлақ каналы арқылы жаяу жүргіншілер көпірі салынып жатыр.

LRT эстакадаларының астындағы аумақтар пайдалы қоғамдық кеңістіктерге айналдырылуда. Бейбітшілік пен келісім паркі, Ақорда алдындағы алаң, Сығанақ көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы жобалары күнделікті пайдалануға ыңғайлы кеңістіктерге бағытталған.

Айта кетерлігі, Астанада «Таза Қазақстан» акциясы белсенді жүріп жатыр. Жыл бойы 328 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылып, 120 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Қалдықтарды шығарудың цифрлық мониторинг жүйесі енгізілді. Бұл қызмет көрсетуді бақылауды қамтамасыз етіп, тұрғындардан түсетін шағымдар санын 99%-ға азайтты. Келесі жылы шетелдік инвесторлармен бірлесіп, тәулігіне 2250 тоннаға дейін қоқыс жағатын зауыт салынады. Зауыт 2028 жылы іске қосылады. Кешенді жұмыстың арқасында атмосфераға шығарылатын зиянды заттар көлемі 32%-ға азайды. Бұл – кәсіпорындар мен тұрғын алаптарды газдандыру, экологиялық көлікке көшу және газдандырудың нәтижесі.

Қаланың интеллектуалды көлік жүйесі белсенді дамып келеді. Бағдаршамдардың 40% автоматты режимде жұмыс істейді. 2026 жылы бұл көрсеткіш 82%-ға жетеді. 2027 жылға қарай қалада үздік әлемдік тәжірибелерге сай көлікті басқарудың толыққанды жүйесі құрылады. Presight AI компаниясымен бірлесе Smart City жобасы іске қосылды. Қауіпсіздік пен жылдам әрекет ету үшін бейне аналитикасы бар 20 мың камера орнатылуда. Қазір әрбір екінші қылмыс бейнекамералар арқылы ашылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Интеллектуалды көлік жүйесі мен SMART city – қаланы басқарудың цифрлық платформасына кіреді. Бұл тұрғындар жолдардағы жүктемені азайта отырып, ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз қозғала алатын экожүйені жасақтауға мүмкіндік береді. Қала басшысы есеп беру кезінде әлеуметтік саланы дамыту жайына да тоқталды. Оның айтуынша, шамадан тыс толы мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Осы жылы 9 мектеп пайдалануға берілді.

«2026 жылға жалпы қуаттылығы 16 мың оқушы орнына есептелген тағы 12 мектептің құрылысы жоспарланған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі аясында жаңа балабақшалар ашылуда, оның ішінде қарқынды дамып келе жатқан аудандар қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосымша білім беру нысандары салынуда. Мысалы, Мұхамедханов көшесінде орналасқан, 750 орынға арналған TANYM жаңа оқушылар сарайы іске қосуға дайын. Сондай-ақ келесі жылы тағы екі оқушылар сарайы ашылады: TANYM Art және TANYM Sport», – деді әкім.

Қалада медициналық инфрақұрылым тапшылығы әлі де сақталуда. Бұл мәселені шешу мақсатында Есіл мен Нұра аудандарында екі емхана, Алматы ауданында перинаталдық орталық, жаңа көпсалалы қалалық аурухана және Есіл ауданында балаларға арналған травматологиялық пунктінің құрылысы басталады.

Қалалық №2 аурухананың қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Сарыарқа ауданында перинаталдық орталық салу жобасы жүзеге асырылуда.

Спорттық объектілер желісі қарқынды түрде дамып келеді. Орталық саябақта Инклюзивті спорт орталығы мен Шаңғы базасы ашылуда. «Қазақстан» спорт сарайы мен Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, олардың аяқталуы келесі жылға жоспарланған.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың көлік жүйесі туралы жан-жақты баяндады. Спикер жолдардың жоғары жүктемесі негізгі мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Осы мәселені шешу үшін Астана әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасын қабылдады.

Қалада 437 мың автокөлік тіркелген. Күн сайын қалаға 90 мың автокөлік кіріп, транзитпен өтеді.

«Біз көше-жол желісінің қарбалас сағаттарда шамадан тыс жүктелетінін байқап отырмыз. Әсіресе таңертең Нұра, Есіл көпірлері арқылы бағыттарда, ал кешкі уақытта кері бағытта Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары, Қонаев, Достық, Сарайшық көшелері бойында жүктеме жоғары. Жол картасы аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шаралар қабылдау көзделген. Қысқа мерзімді бірқатар шара қабылданып, белгілі нәтиже беріп отыр. Мемлекеттік органдар мен бірқатар ұлттық компанияның жұмыс кестесін өзгертуге қатысты көптеген сұрақ туындауда. Бұл кесте қазан айынан бастап толық режимде енгізілді. Бұл таңертеңгі уақыттағы жағдайды өзгертуге мүмкіндік берді. Автокөліктердің таңертеңгі қозғалысы ертерек басталды — сағат 6:30–7:00 аралығында. Алайда қарбалас уақытта, яғни 8:00–10:00 аралығында негізгі көшелердегі автокөліктер саны 10–15%-ға азайды. Негізгі магистральдардағы жүктеме 5–10%-ға төмендеді», – деді Астана әкімі.

Оның айтуынша, көпірлер бағытындағы негізгі шығаберістерде кешкі жүктеменің жоғары болуы мәселесі әлі де сақталып отыр. Кешкі қарбалас сағатта қозғалыс жылдамдығы небәрі 4%-ға ғана артты, алайда бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

«Қоғамдық көлікті пайдалану үлесі бір жылда 43%-ға өсті. Біздің мақсатымыз – бұл көрсеткішті 65%-ға жеткізу. Өткен жылы күзде қоғамдық көлікті тәулігіне 850 мың адам пайдаланса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1 млн 150 мың адамға жетті. Тәуліктік жолаушылар ағыны 37%-ға артты. Биыл алты автопарк 422 автобус сатып алды, оның бесеуі – жекеменшік. Соңғы екі жылда жылжымалы құрамның 48%-ы жаңартылды. 2026 жылы бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар шамамен 500 автобус сатып алынады. Қоғамдық көлікті пайдаланушылар саны едәуір артады», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Спикер 30 қыркүйектен бастап LRT жүйесі сынақ режимінде жұмыс істеп тұрғанын еске салды. Айдың соңына дейін барлық вагондар жеткізіледі деп күтілуде. Станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталу үстінде. Алдағы бірнеше айда сынақ режимі аяқталып, LRT толық жұмыс режимінде іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл, әсіресе Қалдаяқов, Сығанақ, Қабанбай батыр көшелері бойында Есіл және Нұра аудандарындағы жүктемені белгілі бір деңгейде азайтады.

«Bus Lane жүйесі 140 шақырымды қамтиды. Келесі жылы тағы 30 шақырым қосамыз. 2026 жылы сыртқы көлік ағындарын ұстап қалу және қала ішіндегі ауысулардың жылдамдығын қамтамасыз ету үшін 10 көлік-ауысым торабын салу жоспарланған. Биыл қалада 14 шақырым жол салынды, 60 шақырым жол жөнделді. Қажетті шешімдердің бірі – көпдеңгейлі жоғары жылдамдықты транзиттік жол салу. Біз бірнеше негізгі магистраль бойынша көпдеңгейлі жол айрықтары бар жылдам транзиттік көшелерді жобалауға көштік. 2026 жылды толықтай жобалау жұмыстарына арнаймыз. 2027 жылы құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз, алғашқы жоба Қабанбай батыр даңғылы бойынша іске асады. Бұл Мәңгілік Ел мен Қабанбай батыр даңғылдарын айтарлықтай жеңілдетеді», – деп толықтырды елорда әкімі.

Сонымен қатар көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасында тұрақ саясаты да көзделген. Өткен аптада барлық автотұрақ кеңістіктерін қала меншігіне өтеусіз беру туралы келісімшартқа қол қойылды.

Жыл басынан бері елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 118,6%-ды құрайды. Инвестициялар 2,1 трлн теңгеге жетті. Өсім 23,6%, оның ішінде 66%-ы - жеке инвестициялар. ШОБ қала экономикасының негізі болып табылады. Ол жұмыс орындарының 70%-ын қамтамасыз етеді. Биыл қалада 73 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға тең. 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады деген жоспар бар. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспаөз конференциясында хабарлады.

Халық санының жыл сайынға өсімі қаланың жүктемесін арттырады. Қараша айында халық саны 1,6 млн адамнан асты. Орта есеппен халық саны жыл сайын 7%-ға артады. Елорда күніне орай қалаға 200 мыңға жуық адам келіп кетеді. Шамамен 100 мың адам Астанада тіркелмей тұрып жатыр. 

Сол себепті қаланың инфрақұрылымдық дамуына ерекше назар аударылады. 2 жыл бұрын қала су мен жылу қуатының жетіспеушілігіне тап болды. №3 сорғы-сүзгі станциясы мен Астана су қоймасының екінші су құбыры желісінің аяқталуының арқасында қосымша тәулігіне 60 мың текше метр ауыз су қамтамасыз етілді. Жалпы қала тұрғындары тәулігіне 350 мың текше метр су пайдаланады. Ол алдағы 3-4 жылға жеткілікті. Биыл 4-сорғы станциясының құрылысы басталды. Ол қаланы алдағы 10 жыл бойы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар кәріз-тазарту құрылысының қуаты ұлғайтылуда, сол сияқты КТҚ-2 құрылысы басталды. Сондай-ақ қалада Көктал, Өндіріс тұрғын алаптарында және Индустриялық паркте жергілікті тазарту құрылысын салу жобаларын іске асыру қолға алынды. Аталған жобаларды 2027-2029 жж. аралығында аяқтау жоспарланып отыр, нәтижесінде су бұру мәселесі толық шешіледі.

«Жаңа жылу көздерін іске қосу нәтижесінде жылу жүйесінің қуаты 34%-ға артты, артық қуат көлемі сағатына 500 гигакалорияны құрайды. Қазіргі жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Мәселен, бүгін түнде ауа температурасы -20°C болған кезде жылу қорының профицит мөлшері сағатына 1500 Гкал/сағ жетіп отыр. Жылу қуатын сақтау үшін «Тельман» жаңа газ жылу станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ЖЭО-2-ні кеңейтуге дайындық басталып, ЖЭО-3-тің екінші кезегін жобалау жұмысы қолға алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елорданы газдандыру жұмысы аяқталуға жақын. Қамту деңгейі 95%-ға жетті, газ 14 тұрғын алапқа тартылды. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ға жеткіземіз», – деп атап өтті Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 21:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы саласына $650 млн: Берік Асылов түрік инвесторымен кездесу өткізді

05 Мамыр 2026 16:21see114

Қару ұстауға рұқсат алу үшін медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшіріледі

05 Мамыр 2026 16:07see113

ТМД тарихшылары Ұлы Жеңіс туралы бірлесіп кітап жазып шықты

06 Мамыр 2026 22:35see112

​Мәскеу мен Вашингтон қарым қатынасы: Лавров пен Рубио телефонмен сөйлесті

06 Мамыр 2026 10:36see110

7 мамырға валюта бағамы

07 Мамыр 2026 03:23see109

Кедергісіз келешек : Ұлытау облысында мүгедектігі бар тұрғынның мәселесі шешілді

06 Мамыр 2026 10:15see109

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

05 Мамыр 2026 17:05see108

Атбасар түрмесіндегі азаптауға қатысты атышулы іс: сотталушыларға жаңа айып тағылды

05 Мамыр 2026 22:16see108

Хромтауда көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адам өлі күйінде табылды

06 Мамыр 2026 19:40see107

Қорғаста 17 қазақстандық жүк көлігі өртенді

06 Мамыр 2026 19:21see107

57 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді: қазақстандық боксшы америкалық рейтингке ілікті

05 Мамыр 2026 21:54see107

Қазақстандықтарға коммуналдық тарифтер үшін миллиардтаған теңге қайтарылады

06 Мамыр 2026 13:37see106

Нұрай Серікбай ісі: күдіктінің туыстары да тексеріліп жатыр

07 Мамыр 2026 03:25see106

Атырауда тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты

06 Мамыр 2026 12:45see105

Қазақстандық реставраторлар Армениядағы халықаралық семинарға қатысты

05 Мамыр 2026 14:59see105

Астанада Нұрлы жол маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

05 Мамыр 2026 22:23see105

Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% ға өсті

05 Мамыр 2026 20:28see104

Әрқашанда “ас пен тас“ стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет Тоқаев

06 Мамыр 2026 13:47see104

Берік Асылов Әсем Орынбайды стендтік атудан Әлем кубогы кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады

05 Мамыр 2026 19:59see103

Алматыда сессияны тапсыра алмағандықтан бірінші курс студентімен болған қайғылы жағдай туралы хабарланды

06 Мамыр 2026 19:02see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары