Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

Жасөспірімдерге TikTok пен Instagram ға тыйым салынбақ: ғалымдар эксперимент бастады

Ол өмір үшін күресіп жатыр: Жезқазғанда ауыр хәлдегі 2 жасар қыздың анасы шұғыл көмек сұрайды

Атырауда мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшті

Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

Әскерге кеткен ұлымның сүйегін қайтарды : қаза болған атыраулық сарбаздың анасы әділдік іздейді

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды

Қазақстан бокстан ӘЧ ның медаль есебінде Өзбекстанды басып озып, екінші орын алды

Рамазан Оразов ресми түрде Елімай футбол клубының ойыншысы атанды

Украина Ресейдегі маңызды нысандарға соққы берді

Лукашенко Трамптың өтінішімен 120 дан астам саяси тұтқынды босатты

Ұлт оқитын 100 кітап : Астанада жаңа онлайн кітапхана платформасы таныстырылды

Елордадағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

​Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

Қытай көліктерінің қауіпсіздігін сынауға арналған құны 284 миллион доллар болатын орталық ашылды

Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды БАҚ

Әрбір бесінші қазақстандық жеке кәсіппен айналысады Ұлттық статистика бюросы

Астанадан шығатын барлық тасжол жабылды

Ғаламдық кеңістіктегі ақын

Ғаламдық кеңістіктегі ақын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Екеуміз құрдас болып ойнайтынбыз. Дүниеден кетерінде «Мен сенен бір-екі жас үлкенмін ғой» деп еді. Мынау соны естігенде ағатайлап жазған өлеңім еді:

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Кіндігің қалған жері Тарбағатай,

Бер жағы Ақсораң да, ар жағы – Алтай.

Құрдас деп жүрсем маған аға екенсің,

Арманың осы сенің бар ма, ағатай?

Кіндігің қалған жері Тарбағатай.

Соңыңда Тарбағатай қалды, ағатай.

Қытайда қалып қойсаң қайтер едің,

Бер жағы Шыңғыстау да, ар жағы – Алтай.

Ақсораң – менде, сенде – Тарбағатай.

Бер жағы Алтай да оның, ар жағы – Алтай.

Бөлінген екі жаққа екі Алтайдай,

Сенің де ішің толы зар ма, ағатай?

Өксігі қара өлеңнің, қайран Алтай...

Көзі тірісінде өзі де оқып, көзіне жас алған өлең еді. Әдебиетке қол ұстасып, қатар келдік. Несіпбектің шығармашылығын қыдыра шолғанда оның алтын арқауы Алаштың азаттығы, ұлттың ұлылығы екені көзге айқұлақтана шалынады. Ана бір жылдары «Бәйтерек», «Көкала үйрек», «Ту», «Ақмола шайқасы» поэмаларымен жұртты жалт қаратқан ақын кемелденген жас пен шалқар шабыттың шар­пуында болды. Несіпбек жырларын оқығанда осыған анық көз жеткіздік.

Ақындық – Тәңірдің сыйы. Кез келген ақын ұлт ақыны деңгейіне көтеріле алмайды. Ұлтты жырлау елдік мүддені жырлау ғана емес, ол үшін бүкіл бол­мысыңнан, шығармашылығыңның өн-бойынан ұлттық рух жусан иісіндей бұрқырап тұруға тиіс.

Тәуелсіздікті жырламаған ақын жоқ. Ал сол азаттықты барынша таным-түйсігімен түсіне, жеріне жеткізе, егіле жырлаған ақын сирек. Сол сиректің бірі – Несіпбек Айтұлы. Отаршылдық қиянатын ерте сезінген қазақтың осы қара баласының ел егемендігі хақындағы жырларының әр шумағын тебіренбей, еміренбей оқу мүмкін емес. Екі бірдей өктем елдің тегеурінді тезіне түсіп, ел-жұртының егемендігін сағына, сарғая күткен атаның ұрпағы, арқалы ақын Несіпбектің Алаш үмбетіне айтар сөз, ағытар сыры аз емес-ті. Бодандықтың небір сұрқиялығын бесіктен белі шықпай, көңіліне түйген шерлі Несіпбектің Тәуелсіздікке тәу еткен жыр-толғаулары біздің өлеңдерімізден гөрі табиғи әрі шынайы екенін мойындауымыз керек! Несіпбектің өмірбаяны, тағдыр-таланы бізден өзгешелеу болды. Сондықтан да тәуелсіздік таңы атқан шақта күрмелген тілі шешіл­ді, шідерден босаған жүйріктей көсілді.

Күштіге тізе бүгіп басым келген,

Айырылдық атақоныс асыл жерден.

Қымбатқа түсті бізге бұл азаттық,

Хан Кене, Махамбеттер басын берген

(Н. Айтұлы).

Ақын жырларын оқып отырып баяғы Бұқар-екең «Бағаналы орда, басты орда, Байсал орда қонған жұрт» дегендей, көптен күткен алтын күлдіреуішті тәуелсіздігіне тәу етіп, сырлы да сырбаз сұлу сөзден мол олжа салған екен дейсің! Несіпбек – ұлттың уызына, мәйегіне жарыған ақын. Сол үшін оны көнеден қалған бір сарқыт дерсің. Сол көненің көзіндей бір тұяқ бүгінгі тәуелсіздік бақытын, қазақтың сол жолда өткені мен кеткенін жырлау үшін арамызда жүрді, әттең, ғұмыр жасы қысқа болды.

Иә, Тәуелсіздік біз үшін мың мәрте киелі ұғым! Бүгінде дүниедегі өркениетті жұрттардың көшін бастап, басқа елді өр кеудесімен жасқап отырған АҚШ-тың өзі Тәуелсіздігі үшін қаншама жыл қан кешіпті. Ал туасы ел болғаннан бері біреуге бодан болудың не екенін білмей келе жатқан мемлекеттер де бар екен. Жапония, Ұлыбритания, Швеция, Испаниялардың шежіресінде Тәуелсіздік күні атымен жоқ көрінеді! Олар баяғыдан бостан, бізше біреуге жаутаңдап, көсемсінген көрінгеннің қас-қабағына қарамаған. Өзінен басқаға, өзгеге қызмет етпеген! Оларда бәрі бар – ағыл-тегіл байлық, мамыражай тіршілік, емен-жарқын күлкі, тіпті адамзатқа ортақ ақша бірлігі – доллар, атом бомбасы. Бірақ бүгінде олардың ақындары не жазарын білмей қалды. Еуропа қартайды, рухани, моральдық тұрғыдан артқа шегінді. Ке­рісінше, біздің Шығыс – небір ұлы ақындары бар, тәуелсіздігін, елдігін қадір тұтар көне Шығыс қайта оянды. Өткен мен бүгінді, Шығыс пен Батысты толғай ойлап, өрелі ой айтатын, халқына, еліне жаршы болатын көркем ойдың хас шеберлері туды. Олардың инерциясы, шалғысы суылдаған қырандай отты екпіні халқын алға қарай жебеп келеді.

Ғаламдық рухани кеңістікте алдына ел салмай, ешкімге ұқсамай ерек тұрған қазақ жырының айтулы тұлғасы Несіпбек Айтұлының поэзиясы отаршылдық ойранына лағынет айтқандардың көш басында тұр. Сондықтан да ол кеңес өкіметі кезінің өзінде: «Сыртым бір қоңыр бағылан, Ішім бір кекті қабылан. Қабылан айбат шегеді, Қабанға азу жаныған!», деп жасқанбай жырлады.

«Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деп, аузы­нан шыққан лебізінің өзін алтынға балайтын да осы біздің жұрт. «Өлең сөз­дің патшасы, сөз сарасы» (Абай). Содан болар, қазақтың маңдайына Алла Тағала жазған құт-ырыстың ішіндегі ең кереметі қара өлең. Түп-төркінінде VII–VIII ғасырда тасқа таңбалан­ған Тоныкөк, Күлтегін, Білге қағанның қаһар­мандық жырлары, Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» дастандары. Бұлар біздің елдің жан-жүйесін тебірентіп, ет жүрегін елжіретіп жатқанда бүкіл Еуропада мұндай шаһқар (шедевр) туындылар мен озық үлгілер болмаған. Бұған халық эпосын қосыңыз! Одан Абай, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Қасым, Мұқағали, Жұмекен, Фаризалар шығады ғой.

Осыншама ұлы тұлғалар жайғасқан қазақ жырының төріне шығу түгілі, босағасынан сығалаудың өзі жұмырбасты пендеге қиямет-қайыммен пара-пар құбылыс. Әсіресе дәстүрі берік, тарихы терең, тұлғалары бірінен-бірі өткен ірі, ұлттық бояуы мың құбылып, көзді арбап, көңілді алаң етіп, көкіректі көл-көсір сезімге бөлейтін қазақ жырының қақпасын айқара ашудың азабы тіпті күшті. Менің ақын досым Несіпбек Айтұлы соның бәрін өзегінен өткізіп, басынан кешіп, қазақ өлеңіндегі «Кел, кедей, басың қос жалшымен, Байларды қойдай қу қамшымен» дейтін қарадүрсін сарынды қамшылап қуып шыққан қаракөктердің қатарын түзейді. Біз Жазушылар одағы ғимаратының есігінен алғаш сығалағанда осындай өлеңсымақтар төбемізде ойран салып жүрген. Қайран Қасым жалғыз өзі жағасынан алып, кейін Мұқағали, Қадыр, Тұманбай, Өтежандар біраз сілкілеген бұл сілімтіктің сілікпесін шығарған осы Несіпбектер еді.

Сол кездегі біздің буыннан Мұқағали Мақатаевтың көзі осы Несіпбекке түсті. Қазақтың қайнаған қалың ортасы­нан шығып, бізше орысша сақауланбай, ұлттық ойлау жүйесін жан дүниесіне сіңірген Несіпбектің өлеңдеріне Мұқа­ғалидай мэтрдің жан тартуы тегін­нен-тегін емес еді. Дантенің «Тәңір­дің тәлкегін» тәржімалап жүрген ұлы ақын Мұқағали Несіпбек шығарма­шылығындағы эпикалық сарынды сол кезде-ақ аңғарды. Несіпбек Айтұлы кейіннен қазақ батырларының тұтас бір поэтикалық понарамасын жасап, Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Бердіқожа, Шақантай, Кенесары, Тайжандардың қаһармандық образдарын сомдап шықты.

«Өтіп барады эпостың есіл дәурені...» («Умчался век эпических поэм») деп еді Михаил Лермонтов ХІХ ғасырда. Орыстың әр сөзі пайғамбардың лебізіндей естілетін сол кер заманның өзінде қазақ поэзиясы оған пәлендей елең ете қойған жоқ. Неге? Өйткені біз эпостан туған жұрт едік. Дүниенің саяси картасында эпос елі атанған жұрт саусақпен санарлықтай. Оның сонау төркін жұртында «Илиада» мен «Одиссеяны» жасаған гректер тұр. «Махабхарата» мен «Рамаяна» эпосымен үнді жұрты көзге қиядан шалынады. «Эдда» жырын туғызған Скандинавия мен «Нибелунги» жырының иесі немістердің ақ маңдайы алыстан жарқырап көрінеді. Эпос заманы ат үстінде 3 мың жылдай сайран салған көшпелілердің қанына сіңіп, сүйегіне кірігіп кеткен. Орыста жалғыз «Игорь жасағы туралы жыр» ғана бар. Оның күмәнді тұсы біраз жазылды. Ал біздің «Алпамыстан» бас­тап, «Қыз Жібекке» дейінгі аралықтағы халық эпосы қаншама? Ұлттық Ғылым академиясының қолжазба қорында шаң басып жатқан 500-ге тарта томды айтпағанда... Ұлттық тәуелсіздігімізді ұранды жырына қосып, қазақ эпосын қайта жаңғыртқан осы – Несіпбек Айтұлы. Эксперимент, еліктеу-солықтау­дан жасалған жасанды нәрселер – қара жолда өскен қазақ пен асфальт­та өскен қазақтай бір-біріне кереғар дүние. Атажұрт, шыққан тегінен айнымаған шығарма ғана «Табаны жерде тұрғанда, тапжылмайтұғын Антейдей» (Кеңшілік Мырзабеков) өміршең болмақ.

Тәуелсіздіктің рухани тірегі, айбыны – қазақтың қазақтығы. Ертедегі бабалардың Атыраудан Алтайға, Сыр бойынан ібір-Сібірге дейінгі ұлан-ғайыр жерді уысында шайқалтпай ұстап тұрғаны аян. Біз сондай іргелі ел болған екенбіз. Осындай ұлан-ғайыр кеңістікте біздей біртекті, бір тілді халық кемде-кем. Империялық және кеңестік қуғын-сүргін кезінде де іштегі, сырттағы қазақты тілінен, ұлттық болмысынан айыр­май сақтап қалған – сол ұлы құдірет, үлкен елдіктің шарапаты, ұлттың ішкі иммунитеті. Соның арқасында бүгін тәуелсіз ел болдық. Киелі, көне жұртымызда қайта шаңырақ көтеріп, еңсе тіктедік. Ендеше, жоқтан пайда болмадық.

Ата-бабамыздың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған, бірін-бірі желеп-жебеген, бірде байтақ даланың ол шетінде, бірде бұл шетінде жүріп қасиетті қалың жұртын жаудан қорғаған ерлігі – ақын шығармашылығының алтын өзегі.

Бүгінгі қазақ поэзиясының жампозы Несіпбек – Тәуелсіздік пен елдіктің, еркін ойдың, кемел келешектің жаршысы. Ол нағыз ақынға тән болмысымен, азаматтық ой-пікірімен азаттықтың асқақ жыршысына айналды. Сондықтан өз замандастарынан оқ бойы алда келеді. Маған ол кейде эпикалық жанрдың шашасына шаң жұқпас жүйріктері – Иса, Нұрқандардың бүгінгі тірі жүрген көзіндей көрінеді. Менің айтыскерлерге көңілім көншімейді. Мұны осындағы айтыстың атасы Жүрсін Ерманға да талай айтқам. Нағыз суырыпсалма шайыр Несіпбек еді, оның талай жағдайдағы ойнақы экспромттарын өз құлағым­мен естіп, аң-таң қалған едім. Соларды
тауып алып, шығармаларының ішіне қосу керек, меніңше?

Ақаң (А.Сейдімбек) әндеріне сөз жаз («Дәурен-ай», «Сары Арқа») деп, әуелі маған қолқа салып еді. Бұл өте қиын жанр ғой, мен бағымды сынауға батылым бармай, біраз жүріп алдым да, бас тарттым. Несіпбек жазды. Әні қандай, сөзі қандай ғажап! Соны көріп, жазбағаныма өзіме өзім іштей ырза болып, қуанғаным әлі есімде... Несіпбектің әнге жазған өлеңдерінің өзі – қазақ музыка өнеріндегі озық үлгілер. Оның Науаиден тәржімелеген хамсасы ұлттық әдебиетте орыны бөлек классикалық туындылар қатарында тұр.

Ол менің атымды атамай «Құс баласы» деуші еді. Сөйтсем оның өзі де құстың баласы екен ғой, Қытайда кіндігі қалып, Алтай асып, Алашына әзер жеткен құс баласы – бұл. Сартап болған сағынышымен сарғайып, еліне әзер жеткен құс баласы.

...Менің де қатарым селдіреп барады. Ең әуелі туғанымдай болған Дәуітәлі кетті... Жәркен Бөдеш... Егізімдей болған Есен­ғали да көз ұшында бақиға кете барды...

Бірақ ақындар өлмейді!

Серік Ақсұңқарұлы,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

14 Желтоқсан 2025 19:12see115

Жасөспірімдерге TikTok пен Instagram ға тыйым салынбақ: ғалымдар эксперимент бастады

14 Желтоқсан 2025 11:35see114

Ол өмір үшін күресіп жатыр: Жезқазғанда ауыр хәлдегі 2 жасар қыздың анасы шұғыл көмек сұрайды

14 Желтоқсан 2025 17:11see113

Атырауда мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшті

14 Желтоқсан 2025 17:10see111

Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды

15 Желтоқсан 2025 15:41see108

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

15 Желтоқсан 2025 16:44see106

Әскерге кеткен ұлымның сүйегін қайтарды : қаза болған атыраулық сарбаздың анасы әділдік іздейді

15 Желтоқсан 2025 14:29see106

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

15 Желтоқсан 2025 10:17see106

Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды

14 Желтоқсан 2025 12:22see104

Қазақстан бокстан ӘЧ ның медаль есебінде Өзбекстанды басып озып, екінші орын алды

14 Желтоқсан 2025 09:32see104

Рамазан Оразов ресми түрде Елімай футбол клубының ойыншысы атанды

14 Желтоқсан 2025 17:11see104

Украина Ресейдегі маңызды нысандарға соққы берді

14 Желтоқсан 2025 18:52see104

Лукашенко Трамптың өтінішімен 120 дан астам саяси тұтқынды босатты

14 Желтоқсан 2025 11:15see103

Ұлт оқитын 100 кітап : Астанада жаңа онлайн кітапхана платформасы таныстырылды

15 Желтоқсан 2025 21:42see101

Елордадағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

15 Желтоқсан 2025 13:02see101

​Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

15 Желтоқсан 2025 16:29see100

Қытай көліктерінің қауіпсіздігін сынауға арналған құны 284 миллион доллар болатын орталық ашылды

14 Желтоқсан 2025 15:04see99

Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды БАҚ

14 Желтоқсан 2025 21:59see99

Әрбір бесінші қазақстандық жеке кәсіппен айналысады Ұлттық статистика бюросы

15 Желтоқсан 2025 13:32see98

Астанадан шығатын барлық тасжол жабылды

15 Желтоқсан 2025 17:47see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары