Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

182 миллион теңгенің алтынын Қазақстан арқылы аяқ киіммен өткізбек болған

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Гаражды өз атыңызға рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет толық нұсқаулық

Гаражды өз атыңызға рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет толық нұсқаулық

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ гаражды меншікке қалай ресімдеу керектігін және ол үшін қандай құжаттар қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Меншік құқығын мемлекеттік тіркеу үшін нотариусқа немесе гараж орналасқан жердегі ХҚКО-ға жүгіну қажет.

Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс:

жеке куәлік; жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты; гаражға меншік құқығын растайтын құжаттар.

Өтініш беру кезінде тіркеу алымын төлеу қажет.

Құжаттар тексеріліп, тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін меншік құқығы туралы мәліметтер Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Мемлекеттік корпорация тек мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана иесі өз мүлкіне толық иелік ете алатынын еске салды. Атап айтқанда, гаражды сатуға, сыйға тартуға, мұраға қалдыруға немесе онымен басқа да заңды маңызы бар мәмілелер жасауға болады.

Гаражды меншікке ресімдеу қанша тұрады?

Меншік құқығын тіркеу кезінде иесі мемлекеттік тіркеу алымын төлеуі керек. Жеке тұлғалар үшін гаражды тіркеу кезінде оның мөлшері 1 202,54 теңгені құрайды (онлайн төлеу кезінде төлем сервисінің комиссиясы да алынуы мүмкін).

Сонымен қатар егер құжаттар ХҚКО арқылы тапсырылса, мемлекеттік тіркеу бойынша қызмет ақысы төленеді. 2026 жылы жеке тұлғалар үшін оның құны фронт-офис арқылы жүгінген кезде 1 281,27 теңгені немесе электронды тіркеу кезінде 1 290,75 теңгені құрайды.

Егер мәміле нотариус арқылы ресімделсе (мысалы, гаражды сатып алу немесе сыйға тарту кезінде), нотариалдық қызметтер қосымша төленеді. Олардың құны нысанның бағасына және мәміленің сипатына байланысты, сондықтан бірыңғай тариф жоқ.

Көп жыл бойы қолданыста болса, гаражды тіркеу қажет пе?

Заңгер Абзал Қасымжановтың айтуынша, адам гаражды көп жыл бойы пайдаланса да, бұл оның заңды тұрғыдан меншік иесі екенін білдірмейді.

"Қазақстанда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуге жатады. Егер гараж заңды түрде салынса немесе сатып алынса, бірақ меншік құқығы әлі күнге дейін тіркелмеген болса, иесіне құжаттарды мүмкіндігінше тезірек ресімдеу ұсынылады", — деді ол.

Заңгер гараждардың көбі кеңестік кезеңде немесе гараж кооперативтерінің құрамында салынғанын түсіндірді. Иелері оларды меншік құқығын ресімдеместен жылдар бойы пайдаланып келген.

Оның айтуынша, меншік иесі барлық қажетті құжатты неғұрлым ерте ресімдесе, мүліктік дауларға тап болу қаупі соғұрлым аз болады. Сонымен қатар тек гараждың өзіне ғана емес, жер учаскесінің мәртебесіне де назар аударған жөн.

"Дәл осы жерге құқықтардың ресімделмеуі заңды мәселелердің туындауына жиі себеп болады", - деп толықтырды ол.

Гаражға құжаттар болмаса не істеу керек?

Ең алдымен, бұрын гаражға құжаттардың болған-болмағанын анықтау керек.

Кооператив құрамындағы гараж иелеріне төрағаға жүгіну ұсынылады. Архивте гараждың бөлінгенін, кооперативке мүшелікті және пай жарналарының төленгенін растайтын құжаттар сақталуы мүмкін.

Келесі қадам - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгініп, нысанға меншік құқығының тіркелген-тіркелмегенін тексеру.

Жоғалған құжаттарды көп жағдайда архивтер, жергілікті атқарушы органдар немесе бұрын меншік құқығын ресімдеген ұйымдар арқылы қалпына келтіруге болады.

Құжаттар болмаған немесе меншік құқығы туралы дау туындаған жағдайда, мәселе әдетте сот тәртібімен шешіледі. Заңды құрылыс, сатып алу немесе гаражға ұзақ уақыт иелік ету туралы дәлелдер меншік құқығын тануға негіз бола алады.

Заңгер өз бетінше салынған құрылыстарға бөлек тоқталып өтті.

"Заңды негізсіз тұрғызылған немесе құқықтары ресімделмеген учаскеде орналасқан гараждарды заңдастыру әлдеқайда қиын. Кейбір жағдайларда бұны істеу мүлдем мүмкін емес", - деді ол.

Гараж астындағы жерді ресімдеу қажет пе?

Заңгер жер учаскесіне ерекше назар аударуға кеңес береді. Оның айтуынша, гаражға меншік құқығы мен жерге құқық - бұл әртүрлі заңды ұғым, сондықтан бірінің болуы екіншісінің автоматты түрде ресімделуін білдірмейді.

Жер учаскесі меншікте болуы, жалға берілуі, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Жерге құқық мүлдем ресімделмеген жағдайлар да кездеседі. Дәл осы жағдай гаражды тіркеу немесе онымен мәмілелер жасау кезінде жиі қиындықтар тудырады.

"Егер учаске жалда болса, гараж иесі жерді жалдау шартында көрсетілген талаптар аясында пайдалануға құқылы. Учаскені сатып алу мүмкіндігі жер санатына, оның нысаналы мақсатына және жер заңнамасының талаптарына байланысты болады", - деп түсіндірді заңгер.

Гаражды ресімдемесе не болады?

Абзал Қасымжановтың айтуынша, мемлекеттік тіркеудің болмауы меншік иесіне біршама қиындықтар тудыруы мүмкін.

Ең алдымен, гаражды сату, сыйға тарту немесе мұраға қалдыру кезінде қиындықтар туындауы ықтимал. Сонымен қатар банктер әдетте тіркелмеген нысандарды кепіл ретінде қабылдамайды.

"Мүліктік дау туындаған жағдайда иесіне өз құқығын дәлелдеу де қиынырақ болады. Тағы бір тәуекел жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюмен байланысты. Гаражға тіркелген құқық болмаса, өтемақы алу айтарлықтай қиындауы мүмкін", - дейді заңгер.

Егер гараж өз бетінше салынған құрылыс деп танылса, иесіне оны бұзу туралы талап қойылуы мүмкін. Сондықтан заңгер құжаттарды ресімдеуді кешіктірмеуге кеңес береді.

Гаражды онлайн ресімдеуге бола ма?

Бүгінде процедуралардың бір бөлігі электронды форматта қолжетімді. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ЭЦП болған жағдайда электрондық үкімет порталы арқылы тапсыруға болады. Бұдан бөлек, көптеген мәмілені нотариустар шартты куәландырғаннан кейін бірден электронды түрде тіркейді.

Алайда мұндай нұсқа тек барлық құқық белгілейтін құжаттар дайын болған жағдайда ғана жарамды. Егер оларды қалпына келтіру, гаражға техникалық зерттеу жүргізу, жер учаскесін ресімдеу немесе сотқа жүгіну қажет болса, процедураны толығымен онлайн өту мүмкін емес.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see142

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see133

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see132

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see132

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see131

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see128

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see128

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see128

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see122

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see121

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

10 Қазан 2026 12:45see120

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see119

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

10 Қазан 2026 11:42see118

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

10 Қазан 2026 08:07see116

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see116

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

09 Қазан 2026 22:56see113

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see112

182 миллион теңгенің алтынын Қазақстан арқылы аяқ киіммен өткізбек болған

10 Қазан 2026 11:05see112

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see109

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары