Германияда Альцгеймер ауруына қарсы екі жаңа препарат сынақтан өткізіледі
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Клиника мамандары препараттарға леканемаб және донанемаб деген атау берген.
Ғалымдардың айтуынша, бұл — зертханада жасалған антиденелер. Олар мидағы жүйке жасушаларын зақымдап, сигналдардың берілуін бұзатын ақуызды түйіндерді жоюға бағытталған. Мұндай өзгерістер есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеледі.
Тәжірибеге бес пациент қатысып жатыр. Оларға әр екі апта сайын препарат енгізіліп, мидың реакциясын бақылау үшін МРТ жасалады.
Дәрігерлердің айтуынша, леканемаб пен донанемаб Альцгеймер ауруын толық тоқтата алмағанымен, оның дамуын баяулатуы мүмкін.
Бұған дейін Гейдельберг университеті ғалымдары, профессор Хильмар Бадинг жетекшілігімен, Альцгеймер кезінде нейрондардың жойылуын іске қосатын молекулалық механизмді анықтап, оны тежеуге қабілетті зат тапқан болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 02:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















