Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Тек жасқа қатысты емес. Неге әйелдер Альцгеймер ауруына жиірек шалдығады?

Тек жасқа қатысты емес. Неге әйелдер Альцгеймер ауруына жиірек шалдығады?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әйелдер Альцгеймер ауруына жиі шалдығады және жоғары қауіп тобында болады - мұны көптеген зерттеу растап отыр. Алайда бұл тек олардың ұзақ өмір сүруіне ғана байланысты емес - бұл жерде жыныстық биологиялық айырмашылықтар, гормоналды өзгерістер мен генетикалық ерекшеліктер де маңызды рөл атқарады.

Tengri Health авторлық бағанында невролог Радмила Цой мен психотерапевт Арай Әлғожина әйелдерде ауру қаупі неге жоғары екенін және оның алдын алу үшін не істеу керек екенін түсіндіреді.

Альцгеймер ауруы: алғашқы белгілері мен себептері

АҚШ-та 65 жастан асқан 7,2 миллионға жуық адам Альцгеймерге шалдыққан. Болжамдарға сәйкес, егер алдын алудың немесе емдеудің тиімді әдістері табылмаса, 2060 жылға қарай олардың саны 13,8 миллионға жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта шамамен әрбір 65 секунд сайын деменцияның жаңа жағдайы тіркеледі.

Бұл деректер мәселенің ауқымын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді, дегенмен көрсеткіштер елдер арасында әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ғалымдардың бағалауы бойынша, АҚШ-та осы диагноз қойылған барлық пациенттің шамамен үштен екісі әйелдер.

Анықтама: Альцгеймер ауруы - бұл ес, ойлау қабілеті және күнделікті әрекеттерді орындау мүмкіндігі біртіндеп нашарлайтын мидың үдемелі ауруы. Ауру көбіне егде жаста дамыса да, ол қартаюдың қалыпты бөлігі емес. Қазіргі деректер Альцгеймер ауруының кенеттен емес, алғашқы клиникалық белгілер пайда болып, диагноз қойылғанға дейін 10–20 жыл бұрын басталатынын көрсетеді. Альцгеймер ауруы - деменцияның туындауына себеп болатын ең жиі кездесетін жағдай (барлық жағдайдың шамамен 60–70 пайызы). Деменция - бұл жадтың жоғалуы мен ми функциялары төмендейтін жалпы күйі (синдром), ал Альцгеймер ауруы - оны жоғалтуға әкелетін нақты ауру.

Көптеген адам Альцгеймер ауруының алғашқы белгілері - тұрмыста көп айтылатын бастың мең-зең болуы, ұйқының бұзылуы, жадтың нашарлауы және зейіннің төмендеуіне мән бермейді.

Оларды стресстің немесе шаршаудың салдары деп есептейді. Бірақ дәл осы сәтте адамдар бағалы уақытты жіберіп алады, ал ерте диагностика мен қауіп факторларын өзгерту мидағы қайтымсыз өзгерістердің дамуын бәсеңдетіп, жад пен өмір сапасын ұзақ уақыт сақтауға көмектесер еді.

Авторлар туралы: Радмила Цой, невролог дәрігер, PhD, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының неврология бөлімшесінде жұмыс істейді. 10 жылдан аса уақыт бойы когнитивті бұзылыстары мен деменциясы бар пациенттерді диагностикалау және емдеумен айналысады. Арай Әлғожина - психиатр-психотерапевт дәрігер, PhD candidate.

Ұзақ жылдар бойы басты қауіп жас мөлшері деп есептеліп келді, алайда 2024 жылы Lancet Commission 14 қауіп факторын атап көрсетті:

артериялық гипертензия, есту қабілетінің төмендеуі, семіздік, шылым шегу, депрессия, төмен физикалық белсенділік, әлеуметтік оқшаулану, қант диабеті, алкогольді асыра пайдалану, бас сүйек-ми жарақаттары, ауаның ластануы, ұйқының бұзылуы, гиперлипидемия (қандағы май деңгейінің жоғарылауы), білім деңгейінің төмендігі.

Lancet комиссиясының бағалауы бойынша, деменция жағдайларының 45 пайызына дейін дәл осы қауіп факторларына әсер ету арқылы алдын алуға немесе шегеруге болады.

Әйелдерде Альцгеймер ауруы қаупін не арттырады?

Әйелдердің Альцгеймермен ауыру ықтималдығы жоғары, себебі олардың ми денсаулығы бүкіл өмірі әсер етеді. Менопауза кезіндегі дене ерекшеліктері мен гормоналды өзгерістер ғана емес, сонымен қатар күнделікті факторлар да рөл атқарады.

Ол қалай ұйықтайды? Физикалық тұрғыдан қаншалықты белсенді? Қалай тамақтанады? Стресске жиі түсе ме? Жүктілік пен менопаузаның да маңызы болуы мүмкін, өйткені бұл кезеңдерде айқын гормоналды және метаболикалық өзгерістер болады. Тіпті жалғыздық сезімі де жағымсыз факторлардың біріне айналуы мүмкін.

Бірақ бұл факторлар деменция мен Альцгеймер ауруының дамуына өздігінен емес, жиынтық түрде әсер етеді. Биологиялық ерекшеліктер, қауіп факторлары мен өмір сүру жағдайлары көптеген жыл бойы жинақталып, соңында мидың саулығына және когнитивті функцияларға әсер етуі мүмкін.

Анықтама: Когнитивті функциялар - бұл адам ақпаратты қабылдайтын, оны есте сақтайтын және күнделікті өмірде пайдаланатын ес, зейін, ойлау, сөйлеу және басқа да процестер.

Әйелдерде Альцгеймер ауруының дамуына әсер етуі мүмкін беймәлім факторлар да бар.

Алғашқы босану жасы және босану саны

Алғашқы босану жасының болашақта мидың саулығына әсер ететін-етпейтіні ғылыми ортада әлі де талқыланып жатқан мәселе.

2025 жылы аустралиялық зерттеуші Вэньпэн Ю (Wenpeng You) 204 елдің деректерін талдап, алғашқы босану жасының кеш болуы әйелдер арасында деменцияның таралу қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екенін анықтады.

Дегенмен, автор зерттеудің тек осы факторлар арасындағы байланысты анықтағанын, бірақ дәл кеш босану деменция қаупін арттыратынын дәлелдемейтінін атап өтті.

Талдау нәтижесі аурудың ықтимал дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер ететінін көрсеткен:

кірістің төмендігі мен орташа деңгейі, медициналық көмекке қолжетімділіктің шектеулі болуы, білім деңгейінің төмендігі және басқа да әлеуметтік факторлар. 

Ерте немесе кеш босану, сондай-ақ ақшаның аздығы Альцгеймер ауруының расталған қауіп факторы емес екенін түсіну маңызды. Олар басқа факторлар - жоғары қан қысымы, ұйқының бұзылуы, шылым шегу, қант диабеті және тағы басқаларымен бірге ми жұмысына әсер етуі мүмкін. 

Босану саны ондаған жылдардан кейін когнитивтік функцияларға әсер етуі мүмкін бе? Ұлыбританиялық ғалымдар 253 611 әйелдің деректерін талдау арқылы осы сұраққа жауап іздеп көрді.

Талдау нәтижесі үш немесе одан да көп бала туған (сондай-ақ алғашқы баласын 25 жасқа дейін дүниеге әкелген) ұлыбританиялық әйелдерде бала саны аз немесе алғашқы босану жасы кешірек әйелдермен салыстырғанда Альцгеймер ауруының даму қаупі жоғары екенін көрсетті.

Әлеуметтік оқшаулану және жалғыздық

Әлеуметтік оқшаулану мен жалғыздық - жиі синоним ретінде қолданылғанымен, екеуі екі бөлек ұғым. Жалғыздық - қарым-қатынас пен эмоционалды жақындықтың жетіспеушілігін сезіну (субъективті сезім). Әлеуметтік оқшаулану - қоғамдық өмірге араласу мен байланыстардың объективті түрде шектелуі.

Әлемдік зерттеу деректері бойынша, эмоционалдық әл-ауқат - ми саулығының маңызды құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, субъективті жалғыздық сезімі емес, дәл осы әлеуметтік оқшаулану деменцияның даму қаупінің артуымен байланысты болуы мүмкін.

Жұмыстың болуы немесе болмауы

Жұмыс - тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар когнитивті денсаулықты сақтаудың маңызды факторы. Кәсіби қызмет тұрақты ой белсенділігіне ықпал етеді, әлеуметтік байланыстарды кеңейтеді және ой ұшқырлығын сақтауға көмектеседі.

2025 жылы оңтүстіккореялық зерттеушілер 45–54 жас аралығындағы 1 130 665 адам қатысқан ауқымды когорттық зерттеудің нәтижелерін жариялады. 14 жылдық бақылау барысында тұрақты жұмысы бар ерлердің 0,31 пайызында және әйелдердің 0,29 пайызында деменция анықталды.

Ал жұмысынан айырылған қатысушылар арасында деменция жиілігі айтарлықтай жоғары болды: ерлерде - 0,64 пайыз, әйелдерде - 0,5 пайыз. 

Барлық зерттеу нәтижелері, әсіресе әйелдердегі деменция мен Альцгеймер ауруының қауіп факторларын талқылау кезінде өте маңызды. Жүктілік, бала босану және оларды күту кезеңдері әлеуметтік оқшаулану, жоғары эмоционалдық және тұрмыстық жүктеме, сондай-ақ кәсіби қызметтегі ұзақ үзілістермен қатар жүруі мүмкін.

Арай Алғожина

дәрігер-психотерапевт

Сондықтан алғашқы мазасыздық белгілері пайда болғанда, уақтылы неврологқа көрініп, тексеруден өткен жөн.

Ауруды неғұрлым ерте анықтау неге маңызды?

Жеке тәжірибемізге сүйенсек, жадының нашарлауы немесе ми функцияларының төмендеуі бойынша шағымданған әрбір үшінші емделушіде ерте когнитивтік бұзылыстар - деменция алдындағы кезең анықталады. Бұл кезеңде адамға көмектесіп, аурудың өршуін бәсеңдетуге әлі де мүмкіндік бар.

Радмила Цой

дәрігер-невролог

10 жылдан аса уақыт бойы біз стандартталған нейрокогнитивтік шкалаларды қолданып келеміз - бұл миға арналған өзіндік "таразы" іспеттес. Олар адамның күнделікті өмірде байқамайтын ерте өзгерістерін анықтауға көмектеседі.

Анықтама: Стандартталған нейрокогнитивтік шкалалар - бұл дәрігерлер жадыны, зейінді, сөйлеуді, ойлауды және басқа да когнитивтік функцияларды бағалайтын арнайы тесттер. Олар Альцгеймер ауруы мен деменцияның басқа түрлерін қоса алғанда, когнитивтік бұзылыстардың деңгейін анықтау және бағалау үшін қолданылады.

Әріптестерімізбен бірге Алматының егде жастағы тұрғындары арасында зерттеулер жүргізіп, осы топта жеңіл когнитивтік бұзылыстардың кең таралғанын растадық.

Сондықтан заңды сұрақ туындайды: неге көпшілік онкологиялық аурулардан қорқады, бірақ Альцгеймер ауруының қаупі туралы ойланбайды? Ал бұл ауру адамды біртіндеп жадынан, дербестігінен, жеке тұлғасынан айырып, соңында бүкіл отбасының өмірін түбегейлі өзгертпей ме?

Екі түрлі өмірді елестетіп көріңізші: біріншісі - белсенді, сіз қозғалыстасыз, араласасыз, толыққанды өмір сүресіз. Екіншісі - сіз жылдар бойы өзіңіз толықтай тәуелді болып қалған жақындарыңызды танымай өтесіз. Және бұл жағдай 10–20 жылға созылуы мүмкін. Келіссеңіз, бұл мүлдем екі бөлек тағдыр.

Алғашқы шағымдар - ұмытшақтық, бастың мең-зең болуы, зейіннің төмендеуі байқалған кезеңде дәрігер мен емделуші үшін бірегей мүмкіндіктер терезесі ашылады. Егер бұл уақытты өткізіп алса, әлі де тоқтатуға болатын аурудың қайтымсыз күйге ауысуы мүмкін.

Деменциямен күрестің негізгі бағыттарының бірі тек деменция мен Альцгеймер ауруы бойынша ұлттық стратегия құру ғана емес, сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде когнитивтік бұзылуларды ерте анықтау бағдарламаларын - емхана дәрігерлері жүргізе алатын күнделікті когнитивтік скринингті енгізу болуы тиіс. Бұл жұмыс басталып та кетті - мәселе туралы тек дәрігерлер ғана емес, пациенттердің өздері де ойланғаны маңызды. Ал әйелдер қауымы күнделікті күйбең тірлікке беріліп, өзі мен денсаулығы туралы ұмытпауы тиіс.

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

Әйелдер

ауру

Қазақстан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 10:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see136

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see133

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see130

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see130

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see130

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see129

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see128

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see126

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see126

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see126

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see126

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see126

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see125

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see124

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see124

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see124

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see123

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see123

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары