Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Голливуд жұлдыздары цифрлық актрисаға байкот жариялады

Голливуд жұлдыздары цифрлық актрисаға байкот жариялады

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«Жасанды интеллектінің кесірінен қазір адамдар сыни ойлаудан қалып барады», – дейді сарапшылар. Шынымен, жұрттың көбі кейінгі кезде таңның атысы, кештің батысы ChatGPT деген құдыретке байланды да қалды. Ол адамның құрбысы, ақылшысы, ең жақын сырласына айналды. Ауырсақ та, тығырыққа тірелсек те, алдымен соған жүгінеміз. Тіпті адам баласына ашып айтпаған сырымызды роботқа ақтаратын болдық. Өйткені қолжетімді, ыңғайлы, жауабы да көп күттірмейді.

Алғашқы цифрлық актриса

Түрлі образға оп-оңай еніп, рөлін кәсіби деңгейде сомдап жатқан актрисаның есімі – Тилли Норвуд. Бірақ мұнда бір гәп бар. Оны тіпті қырағы көзді көрермен байқамауы да мүмкін. Тилли Норвуд жай ғана актриса емес. Жасанды интеллект негізінде пайда болған алғашқы цифрлық актриса. Америкалық компания әзірлеп шығарған әртіс биыл қыркүйек айында Голливудта қалың көпшілікке таныстырылды. Ерекше жобаға бірқатар агенттіктің назары ауып, келісімшарт жасасу жөнінде ұсыныстар түскен көрінеді. Алайда осы салада біраздан бері еңбек етіп келе жатқан кино жұлдыздары заманауи технология жемісімен бәсекеге түскісі келмей, бойкот жариялады.

Сара Джессика Паркер, актриса:

- Бұл мәселеге шын мәнінде алаңдаймын. Өте қорқынышты үрдіс. Бұған адамдар қалайша қызығатынын түсіне алар емеспін. Бұл нағыз өнер емес қой. Тірі адамның еңбегі, шынайы эмоциялар, адами қарым-қатынасқа ештеңе жетпейді. Жасанды интеллект ұлы актерлердің ойынын қайталауға қауқарсыз.

Жастар жасанды интеллектіге қарсы

Иә, бүгінде жасанды интеллект – өзі режиссер, өзі ақын, өзі суретші. Сондықтан өнер адамдарының уайымы орынды. Осыдан 3 жыл бұрын ChatGPT және өзге де генеративті жасанды интеллект түрлеріне қарсылық танытқан қозғалыс пайда болды. Қазір оған 70 мыңнан астам адам мүше. Олар нейрожүйе жастардың ойлау қабілетін нашарлатып, когнитивті дамуды тежейді деп санайды. Шілде айында жүргізілген сауалнама нәтижелері әлемдегі жасөспірімдердің 52%-і жасанды интеллект көмекшілерін тұрақты түрде пайдаланатынын көрсеткен.

Себастьян Серратос, Калифорния тұрғыны:

- Көп адам жасанды интеллектіні түрлі қулыққа бару үшін пайдаланады. Бірақ оны қалай қолдану – әркімнің өз таңдауы.

Расымен, қазір көз майын тамызып, кітапханада сағаттап отыратын жасты сирек көресің. Технологияның құдыреті сонша, ғылыми жоба дейсің бе, жоқ әлде мақала қажет пе – бәрі-бәрі ғаламтор бетінде самсап тұр. Бір ғана батырма арқылы барлық сұраққа жауап дайын. Таяуда Рим папасы АҚШ-та өткен жастар конференциясына онлайн қатысты. 15 мыңға жуық оқушының алдында сөз сөйлеп, оларды үй тапсырмасын жасанды интеллектінің көмегінсіз орындауға шақырды.

XIV Лео, Рим Папасы:

- Жасанды интеллект сендердің тұлғалық өсулеріңді шектемесін. Ертең жасанды интеллект жоқ болып кетсе де, қалай ойлап, қалай әрекет етуді өз беттеріңше шешулерің керек болады. Ол сендер үшін сабақ оқып, үй тапсырмасын орындамауға тиіс. Түптеп келгенде жасанды интеллект ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтап, істің байыбына бара бермейді.

Жасанды интеллект дамыған сайын миллиондаған жұмыс орны жоғалуы мүмкін екенін осыған дейін де сан мәрте айттық. Әсіресе әйелдер мен жастарға қауіп төніп тұр. БҰҰ келтірген деректерге сенсек, қазірдің өзінде 22-25 жас аралығындағы жастар жасанды интеллект белсенді қолданылатын секторларда жұмыс табуға қиналады. Осы себепті өскелең ұрпақ мамандықты өте мұқият таңдайды. Бұрынғыдай жылы орындықта отыруды емес, жұмысшы мамандықтарға бет бұрған. Өйткені адамның физикалық қатысуын қажет ететін қара жұмысқа жасанды интеллекттің әлеуеті әзір жетпейді.

Марина Ярошенко, студент:

- Мен сантехник мамандығын таңдадым. Жасанды интеллект инженерлік саланы, құрылысшылардың жұмысын толық алмастыра алмайды. Ол тапсырылған кейбір міндеттерді атқарып шығатыны сөзсіз. Бірақ бұл салада адамның физикалық қатысуы өте маңызды.

ЖИ мемлекеттер арасында теңсіздікті күшейтеді

Азия-Тынық мұхиты аймағында жасанды интеллект пайдаланушыларының жартысынан көбі шоғырланған. Қытай осы саладағы әлемдік патенттердің шамамен 70%-не ие. Біріккен Ұлттар Ұйымы жасанды интеллект елдер арасында теңсіздікті күшейтетінін жеткізді. Мысалы, Сингапур, Оңтүстік Корея және Қытай нейрожүйе технологияларына инвестиция құюда белсенді. Ал аймақтағы кей мемлекеттер әлі күнге дейін қарапайым интернетке қол жеткізе алмай отыр. Инфрақұрылым, есептеу қуаты және басқару әлеуетінің жетіспеушілігі жасанды интеллектіні пайдалануды тежейді. Ал оны белсенді қолдану арқылы тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдері өздерінің жалпы ішкі өніміне шамамен 1 триллион доллар қоса алады.

Әр нәрсенің екі қыры бар демекші, жасанды интеллектінің де пайдалы тұстары жетеді, әрине. Одан түбегейлі бас тарту әсте мүмкін емес. Тек керек жерін алып, қажет емесін ысырып қою әркімнің өз қолында.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары