Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Гүл еккен әжелер: Степногорскінің қариялары қаланың көркін өз қолдарымен жасап жүр

Гүл еккен әжелер: Степногорскінің қариялары қаланың көркін өз қолдарымен жасап жүр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Степногорск қаласындағы қарапайым қариялардың тірлігі – соның айқын дәлелі. Олар өз аулаларын көркейтіп қана қоймай, кейінгі буынға туған жерге деген сүйіспеншіліктің қарапайым еңбектен басталатынын үнсіз көрсетіп жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Қарттар айы – өмірдің талай белесінен өткен жандардың еңбегіне үңіліп, өнегесіне назар аударатын ерекше кезең. Осы ретте Степногорскідегі қарапайым аулалардың біріне көз салсаңыз, көп нәрсені аңғаруға болады. Мұнда сәнді саябақ та, салтанатты гүлзар да жоқ. Кәдімгі көпқабатты үйлер, асфальт жол, көліктер мен күнделікті қайнаған тіршілік. Бірақ сол қарапайым көріністің арасынан жайқалған гүлдер бой көтеріп, аулаларға өзгеше рең беріп тұр.

Іс жүзінде бұл гүлдер өздігінен пайда болған жоқ. Оларды әдемілікке құмар, қоғамдық өмірден қол үзе қоймаған қариялар отырғызған. Өз қолдарымен еккен гүлдерін күн сайын суарып, түбін қопсытып, арамшөбін жұлып, көзінің қарашығындай қорғап келеді.

- Бізге біреудің келіп, міндетті түрде жасап беруін күтудің қажеті жоқ. Қолымыздан келгенше өзіміз де ауланы көркейте аламыз. Гүл отырғызсақ, ертең оның қызығын өзіміз де, балаларымыз да көреді, – дейді аула көркін өз қолымен жасауға атсалысып жүрген әжелердің бірі.

Олардың бұл тірліктерін жай ғана гүл егу емес, өздері өмір сүріп отырған ортаға деген жауапкершіліктің көрінісі деп біледі. Степногорскілік әжелердің айтуынша, бала кездерінде үйдің айналасына гүл егу қалыпты әдет болған.

- Біздің бала кезімізде біреу тұқым әкелетін, біреу суаратын, енді біреу арамшөбін жұлатын. Мұны ешкім арнайы абаттандыру деп ойламайтын. Адамдар тұрған жерін өз үйіндей көретін. Сол әдеттің жоғалмағанын қалаймыз», – дейді қаланың белсенді тұрғыны, волонтер Татьяна Анатольевна.

Шын мәнінде, ол кезде «абаттандыру» деген үлкен ұғымды ешкім іздеп жатпаған шығар. Үйінің алды таза, ауласы жинақы, гүлдері жайқалып тұрса – соның өзі жеткілікті болған. 

Бүгінде де қаланың көркі тек әкімдікке немесе коммуналдық қызметке байланысты деп қарайтындар көбейгені ақиқат. Әрине, жолды жөндеу, аулаларды абаттандыру, балалар алаңын салу секілді ауқымды жұмыстардың өз орны бар. Бірақ қоғамдық кеңістіктің күнделікті тынысын қалыптастыратын тағы бір күш бар. Ол – сол жерде тұратын адамдардың өздері. Степногорскідегі қариялардың гүлдері де дәл осыны еріксіз еске салады. Жастары ұлғайып денсаулығы  біртіндеп сыр бере бастағанына қарамастан, олар қолынан келетін істі ешқашан кейінге қалдырмайды. Бірі гүл егеді, бірі суарады, бірі ауласын жинайды.

- Белсенді ғұмыр деген тек қоғамдық шараларға қатысу емес. Адамның өмірге қызығушылығын жоғалтпауы, өзіне ұнайтын іспен айналысуы, адамдармен араласуы, біреуге пайдасы тиетін дүние жасауының өзі – үлкен белсенділік. Ал гүл өсіру үшін уақыт пен шыдам керек. Бүгін отырғызған гүліңнің ертең жайқалып кетпейтінін білесің. Оны күн сайын суарып, күтіп, тіпті кейде қасына отырып әңгімелесудің өзі бір ғанибет. Расымен де, біреу бұл гүлдердің жанынан күнделікті күйбең тірлікпен өтіп, байқамауы да мүмкін. Ал енді біреулері арнайы кідіріп, гүлге қарап жымиып өтеді. Бір бала қызығушылық танытады. Анасы оған: «Гүлді жұлма, оны біреулер еңбектеніп өсірді», – деп түсіндіреді, - дейді аула тұрғындарының бірі.

Осылайша қарапайым гүлдің өзі мұнда үлкен тәрбие құралына айналыпты.

- Балалар гүлді жұлуға емес, оны аялауға үйренсе екен дейміз. Өйткені біреу оны отырғызуға уақытын, күшін жұмсады. Еңбекті сыйлау осындай қарапайым нәрседен басталады, – дейді аула тұрғындары.

Қоғамдық кеңістік – бәрімізге ортақ. Бірақ «ортақ» деген сөз «иесіз» дегенді білдірмейді. Керісінше, ол – бәріміздің жауапкершілігіміз.  Біреу гүл отырғызса, оны жұлмау. Біреу ағаш өсірсе, бұтағын сындырмау. Біреу ауладағы орындықты сырласа, оны бүлдірмеу. Өзіміз ештеңе жасай алмасақ та, басқа адамның еңбегін сақтау – мәдениеттің қарапайым қағидасы. Шаһардың келбеті де осындай шағын әрекеттерден құралады. Біреу қоқыс тастайды, біреулер жинайды. Біреу гүлді жұлады, біреу сол жерге қайтадан гүл отырғызады. Біреу жанынан өте шығады, ал біреу «осы жерді әдемі қылсақ қайтеді? деп тоқтап әрекет ете бастайды. Степногорск әжелері дәл сол соңғы жолды таңдаған жандар.

Олардың еңбегінің мәні гүлдердің жайқалып тұрғанында ғана емес. Ең маңыздысы – кейінгі буынға қалдырған өнегесінде болса керек. Бүгінгі бала осы гүлдерді көріп өссе, ертең өз ауласына да бір тал гүл егіп кетуі мүмкін.  Қарттар айында оларға айтылар ең үлкен алғыс – жылы сөз ғана емес, еңбегін бағалап, еккен гүлін бірге қорғау болса керек. Гүлдеріңіз солмасын, аяулы әжелер! Еккен көшеттеріңіз жайқалып, аулаларыңыз әрдайым балалардың күлкісіне толсын. Ал сіздердің қарапайым еңбектеріңіз бір күні осы қалада өскен ұрпақтың жылы естелігіне айналсын. Өйткені қаланы өзгертетін үлкен күш кейде алыстан келмейді. Ол дәл өз аулаңнан, өз қолыңнан және «осы жер сәл де болса әдемі болсын» деген қарапайым ниеттен басталса керек... 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 13:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары