Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Ақтөбелік әжелер ұмыт қалған әндерді қайта жаңғыртты

Ақтөбелік әжелер ұмыт қалған әндерді қайта жаңғыртты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

80 жастан асқан шағымда ән шырқап жүрмін – Гүлара Шалабаева

«Асыл әжелер» ансамблі мүшесінің ең үлкені 80-де. Гүлара Шалабаева 1945 жылдың күзінде өмірге келген. Ақтөбе өңірінде білім алды. Кейін мұнай барлау саласында еңбек етіп, 13 құрсақ көтерді. «Алтын алқа» иегері немере-шөбере қызығын көріп отыр. Зейнеткер осыдан 17 жыл бұрын ансамбль құрылатынын естіп, өзін шақырған соң келеді.

– Өзім ән айтуға ынталы болдым. Арманыма жеттім деп ойлаймын. Балаларым да рұқсат берді. Мұнда келгенімен 17 жыл толады. Өзім әннің сөзін бір сағатта жаттап аламын. Бізді «бір нүктеге қарап тұрсаң сөзі ойға орала кетеді» деп үйретті. Сахнаға шыққан соң шынымен де еске түседі. Жетекшіміз нотаны да үйретіп, тәрбиелеп жатыр. Шәмші әндері ұнайды. Ансамбль сахнаға үнемі жаңа әнді дайындап, ұсынады. Екі апта, бір ай дайындық жүргізсек де жаңа ән шырқалады, - деді Гүлара Шалабаева.

Қария мәдениет үйінің жанында тұрады әрі дайындықтан қалмайды. Жауапкершілігі жоғары әрі отбасылық басқосуда ән шырқағанды ұнатады.

– Мені «биші әже» деп қарсы алады. Оның өзі керемет, - деді ол.

Фото: Алтынай Сағындықова

Ән айту жүректі тазартады – ансамбль жетекшісі

Бибігүл Сейітова 8 жылдан бері «Асыл әжелер» ән ансамблінің жетекшісі. Ансамбльдің 26 мүшесі бар. Бәрінің бір арманы орындалды. Олар бала шағында, жас күнінде сахнаға шығып, ән айтқысы келді. Арманы зейнетке шыққан соң орындалды.

– Қолдан келгенше көптен айтылмай жүрген әнді, оның ішінде қытай қазақтарының әндерін аламыз. Қытай қазақтары ұмыт бола бастаған әндерді шырқап, жаңғыртып отырады. Халық әндері де репертуарымызда бар. Ахмет Жұбановтың «Ақшолпан» әнін дайындауға алты ай уақыт кетті. Сонымен бірге Шәмші Қалдаяқовтың 1959 жылы шыққан «Айша қыз» әні қайта шырқалды. Әжелеріміздің «әнші боламын» деген арманы орындалмаған кезінде. Маған дауысы жақсы, музыканы түсінетін, сезетіні келді. Ансамбльдің деңгейі сондықтан жоғары, - деді Бибігүл Сейітова.

«Асыл әжелер» ән ансамблі жыл сайын есеп беру концертін өткізеді. Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында репертуарын дайындап, көрерменге ұсынды.

– Әжелеріміз түрлі салада еңбек етті. Әскери қызметші, ұстаз, балабақша меңгерушісі болған. Ұстаздарымыз өнерге жақын екен. Бір ерекшелігі – акапелла. Музыкалық аспап сүйемелдемейді, үш дауыста ән шырқайды. Кәсіби мамандардың айтуынша, бұл өте қиын және олар бір-бірін тыңдай білуі тиіс. Әжелеріміз үлкен деңгейде ән шырқап жүр. Ортамызға жаңа қосылғаны әбден үйреніскенше бақылап жүремін. Кейін ғана бағыттаймын, - деді ол.

Фото: Алтынай Сағындықова

Жүрекке жететін әнді табу үшін интернетке жүгінеді. Әрі әріптестеріне, музыка саласында білім алып, ұстаздық етіп жүрген достарының көмегіне жүгінеді.

– Көркем өнерпаздардың үш-төрт дауыста ән айтуының өзі ерекшелік. Акапелла айту да ерекшелік. Бұл сирек кездеседі. Сол үшін де әжелерге алғыс айтамын. Аптасына екі рет екі сағаттан дайындық өткіземіз. Сонымен бірге үй тапсырмасын беремін. Ортақ чатта отырамыз. Екінші дауысты, үшінші дауысты орындап жіберіп, дайындықты пысықтауын сұраймын. Ән айту жүректі тазартады, өкпені тазартады, - деді жетекшісі Б.Сейітова.

Ансамбль 2008 жылы құрылды. Қазақша ән шырқайтын ансамбльді «Геолог» мәдениет үйінің директоры Айгүл Қалдыбаева ұйымдастырды. Әжелерді жинап, сахнаға шығарды. Алғашқы жетекшісі – Қаракөз Сағынова.

– Әжелерімізден шаршадым деген сөзді естімейміз. Бәрін өзім үлгі тұтамын. Дайындықты асыға күтіп жүреміз. Дайындық біз үшін демалыспен тең, - деді ансамбль мүшесі.

Фото: Алтынай Сағындықова

Ансамбль мүшелері удмурт, орыс, татар тілдерінде де ән шырқады. Көбіне қазақтың ескі әндерін жаңғыртып, көрермен көшеметіне бөленіп жүр. Бір кездері Ресейге де барып, конкурстың жеңімпазы атанды. Ал Ақтөбеде мен ел ішінде тек бас жүлде мен бірінші орынды иеленеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 15:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары