Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алматыда қаланың меншігіне қайтарылған нысандар қандай мақсатта қолданылып жүр

Алматыда қаланың меншігіне қайтарылған нысандар қандай мақсатта қолданылып жүр

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының мәліметіне сәйкес, 2023 жылдан бері сот арқылы 3 нысан мегаполис меншігіне берілген. Олардың бірі — Алматы әуежайындағы коммерциялық орындар.

2023 жылы әуежайдың ішкі терминалында 30 коммерциялық үй-жай Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен қаланың коммуналдық меншігіне қабылданған.

— Электрондық сауда-саттық нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылдың 14 мамырынан бастап әуежайдың үй-жайлары кейіннен сатып алу құқығынсыз 30 жыл мерзімге «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-на сенімгерлік басқаруға берілді. Сенімгерлік басқарушы әуежай аумағында қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларына сәйкес үй-жайларды жалға беруге міндетті. Сондай-ақ жыл сайын объектіні сенімгерлік басқарудың таза табысы бөлігінен жергілікті бюджетке кемінде 200 млн теңге аударуға міндетті, — деп хабарлады ведомство.

Келесі нысан — Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 196 үй мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісі (жалпы ауданы 3974 шаршы метр). Ол Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы шешімі және қала әкімдігінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 2/275 қаулысы негізінде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды.

— Қазіргі уақытта аталған жылжымайтын мүлік объектісі Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем қызметіне» берілді, — деп хабарлады басқарма.

Одан бөлек Жетісу ауданы, Москвин көшесі, 41А үй мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлік объектілері (әкімшілік ғимарат, өндірістік ғимарат және қойма) Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданған. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта аталған объектілерді сенімгерлік басқаруға беру мақсатында Алматы қаласының тиісті қаулысын қабылдау жоспарланған.

— Тиісті шешімдер қабылданғаннан кейін, объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз бәсекелестік ортаға сенімгерлік басқаруға беру үшін электрондық сауда-саттық өткізілетін болады, — делінген жауапта.

Еске салайық, 2023 жылы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «Алмалы» сауда орталығы да мемлекетке берілді. Қазір онда балаларға арналған алғашқы Ғылым музейінің құрылыс жүріп жатыр. Нысанды 2026 жылдың жазында ашу жоспарланып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 11:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары