Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Гуманоид робот дәуірі келе жатыр

Гуманоид робот дәуірі келе жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Танымал Forbes журналы 50 миллиардердің есімін жариялады. Бұл технологияның тілін білетін әлемдегі ең бай кәсіпкерлердің тізімі.

Ал олардың негізгі табысы жасанды интеллекттен түскен. Биыл инвесторлар тарапынан бұл салаға 200 млрд доллардан астам қаражат құйылған. Statista сараптамалық порталы жасанды интеллектінің биылғы нарықтағы үлесін 254,5 млрд доллар деп бағалады. Бұл қарқын жыл сайын 37% пайызға артып, алдағы 6 жыл ішінде 1 трлн ($1,68 трлн) долларан асуы мүмкін.

Иә, таңқалудан гөрі, технологияда қандай жаңалық бар, содан уақытында хабардар болып, көштің соңында қалмай, үнемі ілесіп отыру бүгінгі заманның талабы.

Адам жыл сайын жасына жас қосса, жасанды интеллект ақылына ақыл қосып үлкен қарқынмен дамып келеді. Енді жасанды интеллект келер жылы бізді несімен таңқалдыруы мүмкін?

Гуманоид-робот дәуірі келе жатыр

«Келер жылы жасанды интеллект тек құрал емес, адамның сенімді серігіне айналады». Microsoft сарапшылары осылай дейді. Әсіресе роботехника саласындағы салмағы басым болмақ. Соның ішінде гуманоидтық, яғни адамға ұқсас роботтардың дәуірі келе жатыр. Бұл дегеніміз, осыған дейін робот тек қозғалуды білсе, енді ойлай алады.  Шешімді де өзі қабылдауы ғажап емес. Яғни фантастика емес, нақты коммерциялық даму траекториясына айналды. Bank of America сарапшыларының бағалауына қарағанда, әлем бойынша 2030 жылға қарай жыл сайын 1 млн-ға жуық гуманоид робот сатылуы мүмкін, ал 2060 жылға қарай 3 млрдқа дейін жетеді деген болжам бар. Бұл олардың тек өндірісте ғана емес, тұрмыста, қызмет көрсету саласында да кеңінен қолданыла бастайтынын көрсетеді.

Модар Алауи, Humanoids summit негізін қалаушы:

- Жасанды интеллект пен роботтардың үйлесімі робототехникаға жаңа бағыт әкелді. Тың серпіліс әкелді. Бұрын елестеткен дүниелерді, қазір іс жүзінде орындауға мүмкіндектер ашылды.

Гуманоид-робот дәуірі келе жатыр

Биыл бұл роботтар биледі, жүгірді. Былғары қолғап киіп шаршы алаңда сынға түсті. Бейәдеп әрекеттері де аз болған жоқ. Кей қылықтары шектен шығып, жанындағасын байқамай, адамды соғып өткен тұстары көп.

Дегенмен құлтемірге қызығатындар көп. McKinsey консалтингтік компаниясының дерегі бойынша, биыл әлемдік компаниялар адамға ұқсас роботтарды жасауға кемінде 100 миллион доллардан астам қаржы бөлген. Әсіресе Қытайда сұраныс жоғары. Бұл елде адам да, робот та көп. Биыл 542 мың өнеркәсіптік робот іске қосылса, соның 295 000-ы Қытайда.

Ван Чуан, Қытайлық Agibot компаниясының жалпы бизнес жөніндегі президенті:

- Робототехника саласында әр екі ай сайын жаңа бір дүние пайда болады. Бүгін нобайы жасалған жоба, ертең іске қосылуы мүмкін.  Биыл мұны тәжірибе барысында көрдік. Келер жылы бұл үдеріс одан да қарқын ала түседі.

Қытайда роботтарды жалға беру қызметі бар

Қытайда роботтар көп болғанымен, қымбат. Осыған байланысты тақауда Қытайда роботтарды жалға беретін инновациялық платформа іске қосылды. Қосымша арқылы үй шаруасына көмектесетін және бала күтуші құлтемірлерді  уақытша пайдалануға болады. Жаңа сервис құрылғыларды сатып алмай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, жаңа қызметке сұраныс жоғары болмақ. Келер жылы бұл нарықтың көлемі он миллиард юаньнан асуы мүмкін.

Ли Иян, компанияның бас директоры:

- Меніңше, роботтарды жалға алу нарығының мүмкіндігі өте зор. Себебі мұндай құрылғылар әлі де қымбат, оны көп адам бірден сатып ала алмайды. Сондықтан біз адамдарға роботты сатып алмай-ақ, уақытша пайдалану арқылы оның мүмкіндігін көруге жағдай жасап отырмыз. Бұл технологиямен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Жапония ұлттық ЖИ моделін жасауға ниетті

Биыл жасанды интеллектіні мемлекеттік деңгейде де заңдастыру мәселесі бірқатар елде көтерілді. Мәселен, Жапония жасанды интеллект моделін жасап шығару үшін 19 млрд доллар бөлмек. Оған 10-нан астам жапондық компания қатысады. Мемлекет жалпы шығынның шамамен үштен бір бөлігін қаржыландырады, қалғанын жеке корпорациялар көтереді. Билік елді жасанды интеллектінің даму ошағына айналдыруды көздеп отыр. Ұлттық модельді әзірлеу жұмыстары келер жылы басталады деп жоспарланған.    

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Желтоқсан 2025 08:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары