Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қытайда гуманоид роботтардың жаппай коммерцияландыру дәуірі басталмақ

Қытайда гуманоид роботтардың жаппай коммерцияландыру дәуірі басталмақ

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

19 сәуірде өткен 2026 жылғы Beijing Yizhuang Half Marathon жарысында, сондай-ақ гуманоид роботтар арасындағы жартылай марафонда қытайлық Shenzhen Honor Smart Technology Co., Ltd. компаниясы әзірлеген «Шаньдянь» («Найзағай») роботы ерлер арасындағы жартылай марафон бойынша әлемдік рекордтан да жоғары нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып  кесті. Уақыт көрсеткіші 50 минут 26 секунд.

Робот 57 минут 20 секундтық әлемдік рекордты жаңартып, гуманоид роботтар жарысында жаңа көрсеткіш орнатты. Бұл Қытайдың гуманоид роботтар индустриясының технологиялық еліктеуден жаһандық көшбасшылыққа, зертханалық деңгейден нақты қолдану саласына өткенінің жарқын мысалы болды.

19 сәуір күні шамамен 12 мың адам мен 300-ден астам гуманоид робот жарыс жолына шықты.

Ереже бойынша роботтар 30 секунд аралықпен бір-бірден жіберілді. Нәтижесінде «Найзағай» роботы арнайы жолақпен 21 шақырым қашықтықты 50 минут 26 секундта жүгіріп өтіп, жеңіске жетті. Оның ең жоғары жылдамдығы секундына 10 метрге жетіп, адам спринтерлерінің шегіне жақындады.

— Бұл қытайлық гуманоид роботтардың динамикалық сипаттамаларындағы маңызды серпіліс, — деді Beijing Humanoid Robot Innovation Center техникалық директоры Тан Цзянь. 

Оның айтуынша, 21 шақырымдық жарыс роботтардың көру жүйесі, интеллектуалды тану қабілеті, аккумулятор қуаты мен динамикалық тепе-теңдігін үлкен сынақтан өткізеді.

Өткен жылмен салыстырғанда мәреге жеткен роботтардың нәтижелері айтарлықтай жақсарған.

Автономды тұрақтылық, жүрісінің бірқалыптылығы және алгоритмдік сенімділігі едәуір дамыған.

Гуманоид роботтардың әр қадамының артында Қытайдың негізгі компоненттер өндірісінен бастап интеллектуалды жүйелер мен кешенді интеграцияға дейінгі барлық тізбектегі жетістіктері тұр.

Гуманоид роботтар жасанды интеллект, дәл машина жасау, материалтану және басқа да салалардың тоғысқан өнімі ретінде жаңа сапалы өндіргіш күштердің маңызды элементі саналады. Қазіргі таңда Қытай гуманоид роботтар индустриясында әлемдік негізгі күшке айналып, даму деңгейі бойынша алғашқы қатардан берік орын алды.

2025 жылғы мәліметтерге сәйкес, әлемдегі гуманоид роботтарды орнату көлемінің 80 пайыздан астамы Қытайдың үлесіне тиесілі. Қытай Халық Республикасының Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылға қарай адам тәрізді роботтарды шығаратын Қытай кәсіпорындарының саны 140-тан асып, 330-дан астам робот үлгісі шығарылды 

Ірі тілдік модельдер мен виртуалды-реалды оқытудың біріктірілген технологияларының арқасында қытайлық роботтар алдын ала жазылған бағдарламаларға тәуелділіктен арылып, қозғалыс логикасын өз бетінше меңгеріп, нақты уақытта шешім қабылдай бастады.

Unitree Robotics және UBTECH сияқты компаниялар әзірлеген роботтар бүгінде артқа сальто жасау, 720 градусқа айналу секілді күрделі қозғалыстарды орындай алады. Қозғалыстың тұрақтылығы мен бірқалыптылығы саланың озық деңгейіне жеткен.

Қытай электроника қауымдастығы басқарма төрайымы Сюй Сяолань бұған дейін қытайлық гуманоид роботтар күрделі технологиялық мәселелерді шешу кезеңінен өтіп, индустрия көшбасшысына айналғанын айтқан болатын. Оның пікірінше, ендігі міндет — саланы дамыту мен инновациялық экожүйені жетілдіруді күшейту. Бұл Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде жаңа сапалы өндіргіш күштердің негізгі қозғаушысына айналмақ.

Бейжіңдегі адамдар мен роботтар арасындағы жартылай марафоннан бастап Көктем мерекесіне арналған гала-концерттегі өнер көрсетуге дейін, зауыттардағы дәл операциялардан шетелдік нарықтағы сұранысқа дейін қытайлық гуманоид роботтар «аренадағы жарыс» кезеңінен «үйлерде қолдану» және «зауыттарда жұмыс істеу» кезеңіне жылдам өтіп жатыр.

Тан Цзянь технологиялардың жетілуіне қарай гуманоид роботтар өндіріс пен күнделікті өмірге терең интеграцияланып, өңдеу өнеркәсібінің тиімділігін арттыруда, қоғамдық қызметтерді жаңғыртуда және ерекше жағдайларда жұмыс атқаруда маңызды рөл атқаратынын айтты.

2026 жыл салада «гуманоид роботтарды жаппай өндіру мен коммерцияландырудың алғашқы жылы» ретінде қарастырылып отыр. Жақында жарияланған салалық баяндамаларға сәйкес, 2026 жылдың екінші жартысында әлемдік гуманоид роботтар индустриясы коммерцияландырудың шешуші кезеңіне өтеді. Қытайлық компаниялар коммерциялық қолдану бағыттарын белсенді айқындап, өндірістік қуатты арттыруда. Сарапшылар 2026 жылы өндіріс көлемі айтарлықтай өседі деп күтеді.

Айта кетелік Бейжіңде гуманоидты робот жартылай марафонда адамнан жылдам жүгіргені туралы жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 23:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары