Қытайда гуманоид роботтардың марафонына 70 тен астам команда дайындалып жатыр
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жарыстың мақсаты — гуманоид машиналарды нақты жағдайларда сынау.
Гуманоид роботтар Қытайдағы екінші жартылай марафонға қатысуға дайындалып жатыр.
Бейжің қаласында 70-тен астам команда түнгі сынақ жүгіруіне қатысып, ресми старт алдында E-Town даму аймағында роботтарын толық 21 шақырымдық қашықтыққа шығарды.
Сынақ барысында ресми жарыстың негізгі элементтері — маршрут бойынша бағдарлау, жабдықтарды үйлестіру және төтенше жағдайларға әрекет ету пысықталды. Ұйымдастырушылар негізгі жарысты 19 сәуірге жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда командалардың шамамен 40%-ы толық автономды навигацияны қолданады. Қытай электроника институты өкілі Лян Лянның айтуынша, бұл роботтар үшін тапсырманы едәуір күрделендіреді.
Биыл жаңа номинациялар енгізілді, соның ішінде төзімділік пен мәреге жеткені үшін берілетін марапаттар бар. Бұл мақсаттың өзі оңай емес: өткен жылғы алғашқы жарыста стартқа шыққан 21 роботтың тек алтауы ғана мәреге жеткен.
Көптеген команда үшін бұл шара тек жарыс емес, тәжірибе алаңы болды. Қытай ауыл шаруашылығы университеті өкілі Ян Кэчанның айтуынша, олардың роботы сол күні сағат 13:00-де ғана құрастырылып, бірден жарысқа қосылған. Оның пікірінше, қашықтықты толық еңсеру — өз алдына үлкен жетістік.
Жарыс барысында қиындықтар да кездесті: кейбір роботтардың буындары қызып кетіп, аккумулятор ауыстыру кезінде салқындатуға тура келген. Дегенмен, алгоритмдерді жетілдіру арқылы нәтижені жақсартуға болады.
Басқа роботтар да қиындықтарға тап болды. Genisom AI компаниясының өкілі Сюй Бо олардың 1,3 метрлік роботы қозғалтқыштардың қызып кетуі мен батареяның тез таусылуы сияқты мәселелерге ұшырағанын айтты.
Өткен жылмен салыстырғанда жарысқа қызығушылық айтарлықтай артқан: командалар саны шамамен бес есе көбейген.
Айта кетелік Қытайда гуманоид роботтар электромобиль құрастыру желісінде жұмыс істей бастады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 01:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















