Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu
Халыққа жылу беретін жұмысшыларға да қамқорлық керек

Халыққа жылу беретін жұмысшыларға да қамқорлық керек

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қостанай облыстық ЖСДП филиалы Қарабалық ауданындағы КМК «Жылу» мекемесінің жұмысшыларымен алдағы Құрылтай сайлауынаүгіт-насихат кездесуін өткізді, - Aikyn.kz ЖСДП Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Филиал белсенділері еңбек ұжымына ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, партияның әлеуметтік әділеттілік, еңбек адамының құқықтарын қорғау және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұстанымдарына тоқталды.

 Жиын барысында Қостанай облыстық ЖСДП филиалының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Дамир Жақанов сөз сөйлеп, Құрылтай сайлауының маңыздылығына тоқталды. Ол азаматтарды сайлау науқанына белсенді қатысуға және өз таңдауларын жасауға шақырды:

«Бүгін сіздермен кездесуіміздің өзіндік мәні бар. Себебі сіздер ауданның тіршілігін қамтамасыз етіп отырсыздар. Қыстың қақаған аязында халықтың үйіне жылу жетуі үшін сіздер күн сайын жауапкершілікпен еңбек етесіздер. Бірақ бір сәт ойланып көрейік: халыққа жылу беріп жүрген жұмысшылардың өзіне кім жылу береді? Олардың еңбегін кім қорғайды? Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – тек халыққа қызмет көрсету емес. Әлеуметтік мемлекет ең алдымен еңбек етіп жүрген адамның жағдайына қамқор болуы керек. Жұмысшының еңбегі лайықты бағаланып, жалақысы жеткілікті, еңбек жағдайы қауіпсіз болуы тиіс. Бізге халықты тек қызмет көрсететін күш ретінде емес, өз еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар ретінде бағалайтын саясат қажет. ЖСДП үшін қарапайым адамның мүддесі - саясаттың басты мәселесі. Сондықтан Құрылтай сайлауында өздеріңіздің және отбастарыңыздың болашағына әсер ететін таңдауды жасаңыздар»,-дейді филиал төрағасы.

Алдағы уақытта филиал мұндай кездесулерді жалғастырып, партияның сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға түсіндіру және азаматтардың ұсыныстарын жинақтау жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:42
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 23:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары