Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Химиялық соғыс: Экологтер Атырау облысы Су Арнасы мекемесін неге сотқа берді

Химиялық соғыс: Экологтер Атырау облысы Су Арнасы мекемесін неге сотқа берді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мәселенің мән жайын сот отырысында өңірге белгілі эколог Галина Чернова тарқатып айтты. Оның сөзінше, Атырау мұнай өңдеу зауыты қаланың сол мен оң жағалауын қатар күкіртсутекпен улауы мүмкін емес. Бұл физикалық тұрғыдан ақылға сыйымсыз. Өйткені, желдің бағыты әртүрлі болады. Бұрын Атырауда жел бағыты оңтүстік шығыстан соқса, қазір көбіне жел бағыты шығыс, оңтүстік-шығыстан болып жүр. Экологтер бұл мәселенің түп-тамырын зерттеуге 3 жыл бұрын кіріскен.

— Зерттеу барысында біз Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлек, қаланы күкіртсутекпен қатты уландырып отырған негізгі көздердің бірі «Квадрат» буландыру алаңы екенін анықтадық. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, жылына 500 ретке дейін күкіртсутек шығарындысы осы алаңнан болған. Қала аумағында орналасқан алты станция осы көрсеткіштерді тіркеген. Бұдан бөлек, демеушілік арқылы орнатылған 20 станцияда да күкіртсутектің жоғары концентрациялары үнемі тіркеліп отырған, яғни, қаланы күкіртсутекпен тұмшалап отырған аса қауіпті нақты ошақ бар, — деді «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі Галина Чернова.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Шағымданушы топ «Квадрат» булану алаңында сарқынды суды жинаудан бастап оларды төгуге дейінгі барлық кезеңде бақылау жоқ, сынама алынбайды, мониторинг те жүргізілмейді деп отыр.

— «Атырау облысы Су Арнасы» компаниясы қабылдайтын лас суға экологиялық мониторинг жүргізуге міндетті. Алайда оң жағалауда орналасқан бұл алаңда экологиялық мониторинг мүлде жүргізілмейді. Бұдан бөлек, 2016 жылдан бастап санитариялық нормалар мен стандарттардың барлығы алынып тасталған. Бұрын бұл тоғанға арналған қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттары мен шекті рұқсат етілген төгінділер нормативтері болған. Бірақ 2016 жылдан бері бұл талаптардың барлығы жойылған. Нәтижесінде бүгін біз бақылаусыз, сарқынды су төгілетін, санитариялық талаптарға сай келмейтін орынмен бетпе-бет отырмыз. Бұл жерге тек қаланың тұрмыстық кәріз сулары ғана емес, өндірістік кәсіпорындардың да қалдықтары төгіледі, — деді Галина Чернова.

Сот отырысында Галина Чернова коммуналдық кәсіпорынның басшысы Мейірім Қалауи айтқан деректерді жария етті. «Атырау облысы Су Арнасы» компаниясы 300-ден астам мекемеден сарқынды суды қабылдайды деген мәлімет бар. Олардың ішінде түрлі кәсіпкерлік объектіден лас суды төгетін ассенизаторлар да бар.

Фото: Видеодан скрин

— Олардың бұған рұқсат құжаттары да, заңды мәртебесі де жоқ. Біз қалалық кәріз жүйесіне де, халықтың оны пайдалануына да қарсы емеспіз. Бірақ біз жүздеген коммерциялық ұйым мен өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарын бақылаусыз түрде осы алаңға төгуге болмайды деп есептейміз. Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесі тұтынушыларының тізімін сұраттық. Тек жеке кәсіпкерлер мен ЖШС-тердің өзі 498 болып шықты. Ал өндірістік қалдықтар төгетін кәсіпорындар саны — 33. Оның 13-і тікелей мұнай өнімдері мен өндірістік ағындыларды төгеді екен. Бұған тоқтау болу керек, — деді «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі.

Ал сот отырысында «Атырау облысы Су Арнасы» КМК экологі Гүлнұр Қадырова экологтердің уәжімен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, «Квадрат» булану алаңы орналасқан аймаққа жақын, қала іргесінде Мұнай құбыр басқармасы, West Dala компаниясының қауіпті қалдықтарды қабылдайтын нүктесі, Каспий Құбыр Консорциумының өндірістік нысаны, 1977 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан қоқыс полигоны бар.

Фото: Видеодан скрин

— Санитарлық ережелерге сәйкес полигонның пайдалану мерзімі 25–30 жылдан аспау керек, яғни, бұл нысан бүгінде үшінші-төртінші пайдалану мерзіміне өтіп кеткен. Полигонда қалдықтарды өртеуге арналған екі инсинератор бар, оларда биологиялық қалдықтар жағылады. Кеше мен «Квадрат» булану алаңына «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының ақпаратына көз жеткізу үшін барып келдім. Экологтердің видеосы мамыр айында түсірілген. «Павлодар өзен порты» мекемесі «Квадрат» булану алаңын рекультивациядан өткізіп жатыр. Олардың өкілдерімен сөйлесіп, бәрін бейнетаспаға түсірдім. Ол жерде жиналып қалған лай жоқ. Жағымсыз иіс сезілмейді. Газ құрамын бақылайтын құрылғымен өлшедік. Онда күкіртсутек немесе басқа да зиянды заттар шекті мөлшерден аспаған. Қазір біз кәріз суын төгетін орынға қатысты басқа жұмыстар жүргізіп жатырмыз, яғни, қаланың сол жағалауда орналасқан кәріз тазалау стациясының құрылысы басталады, — деді Гүлнұр Қадырова.

Арызданушы тараптың адвокаты соттан «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесінің «Квадрат» булану алаңына сарқынды суды төгуге мүмкіндік беретін нормативтерсіз пайдалану жөніндегі әрекетін заңсыз деп тануды, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорынды және Атырау облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасын құрамында мұнай өнімдері бар сарқынды суды және регламентсіз ағынды суды «Квадрат» булану алаңына төгуге жол бермеуді міндеттеуді сұрады.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Кезекті сот отырысынан кейін «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесіне тақырып төңірегінде туындаған сұрақтарымызды қойдық. Қазір «Квадрат» булану алаңы коммуналдық кәсіпорынның балансында емес.

— Атырау қаласының оң жағалау бөлігінде орналасқан «Квадрат» булану алаңы, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы қалалық бөлімі» ММ балансында. Бүгінде қаланың оң жағалау бөлігінде канализациялық тазарту құрылыстарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны 18 млрд теңгені құрайды, пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Аталған жобаның мердігері — «Павлодар өзен порты» АҚ. Сонымен қатар, 2025 жылдың сәуір айында булану алаңында рекультивация жұмыстары басталған еді, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылды. Оң жағалаудағы ТҚҚ (КОС) ағынды суларды тазалау химиялық қоспасыз, тұндыру әдісімен жүзеге асырылады. Қоқыс — бұтақтар, жапырақтар және т. б. — торлар арқылы шығарылады. Әрі қарай, бастапқы тұндырғышта құм мен тұнба тұндырылады. Алынған тұнба жүйелі түрде жойылады. Тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулардан өзге, соның ішінде биологиялық немесе өндірістік қалдықтарды қабылдауға рұқсат етілмейді. Арнайы бекітілген кестеге сәйкес, мекеме тарапынан мамандар апта сайын ауа сынамасын алып, төгіліп жатқан ағынды суларға тексеру жұмыстарын жүргізу арқылы тұрақты мониторинг жүргізіп отырады, — деді мекеменің экологі Гүлнұр Қадырова.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

«Атырау облысы Су Арнасы» мекемесі берген мәліметке сүйенсек, тоқсан сайын жер асты суларын бақылау мақсатында сынама алу жұмыстары жүргізіледі.

— Жазда аптап ыстық пен желдің әсерінен полигон аумағында өрт жиі болады. Барлығын ескерсек, жағымсыз иістің «Квадрат» булану алаңынан шығуы екіталай деп есептеймін, себебі аталған нысан қала аумағынан едәуір қашықтықта орналасқан, — деді Гүлнұр Қадырова.

«Қазгидромет» РМК ресми ақпаратына сүйенсек, соңғы бес жылда жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Атырау қаласында атмосфералық ауаның ластану деңгейі алаңдатарлық күйде қалып отыр. Атап айтқанда, 2023 және 2024 жылдары ауа сапасының ластану деңгейі «көтеріңкі» деп бағаланған. Ал 2025 жылы «өте жоғары» деңгейге дейін күрт нашарлаған. Ауа сапасына жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша, шекті жол берілетін шоғырланудың (ШЖШ) ең жоғары бір реттік артуы көбіне төмендегі ластаушы заттар бойынша тіркелген. Ең көп жағдай азот диоксидіне тиесілі — 29 008 рет. Сондай-ақ күкіртсутек бойынша 10 355, озон бойынша 664, көміртегі оксиді бойынша 170 жағдай анықталған.

Жуықта Атырауда ауа құрамында күкіртсутек шекті мөлшерден 36 есе асып кеткенін жазған едік.

Одан кейін экологтер Атырау мұнай өңдеу зауытына күкіртсутек деңгейінің артуына байланысты тексеріс жүргізетінін хабарладық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 22:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары