Хромтауда балалар алаңының жанында дәрет сындырғандар тұрғындардан кешірім сұрады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Хромтауда балалар алаңының жанында дәрет сындырған ер адамдар тұрғындардан кешірім сұрады.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орында екі азаматтың табиғи қажеттілігін өтеп жатқан бейнежазбасы анықтаған.
Хромтау аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары аталған азаматтардың жеке басын анықтады.
"Азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді", - дейді полицейлер.
Олар өз қателіктерін түсініп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдіріп, тұрғындардан кешірім сұрады.
Аталған азаматтарға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 10:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















