Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Human Capital Forum 2026: Halyk Bank қаржы секторындағы ең үздік жұмыс беруші атанды

Human Capital Forum 2026: Halyk Bank қаржы секторындағы ең үздік жұмыс беруші атанды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астанада Human Capital Forum 2026 – адам капиталын дамыту мен персоналды басқарудың заманауи тәсілдеріне арналған Қазақстандағы ең ірі HR-форум өтті. Форумда 9 айға жуық уақыт бойы жүргізілген ірі HR зерттеудің нәтижесі таныстырылды. Түрлі сала бойынша зерттеуге қатысқан 100 компанияның ішінен үздік деп танылғандар қатарында Halyk Bank те бар. Halyk Bank қаржы және бизнес қызметтері секторы бойынша «Ең үздік жұмыс беруші» атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Биылғы форумның тақырыбы – «Факт күші. Деректен – іске». Ауқымды жиын аясында елде алғаш рет Paryz Bridge HR-зерттеуінің нәтижелері таныстырылды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі HR зерттеулердің бірі. Зерттеуге елдің барлық өңірінен және экономиканың түрлі салаларынан 45 мыңнан астам қызметкер қатысты.

Форумға қатысушылар еңбек нарығының даму процестері, білікті мамандардың тапшылығы, жасанды интеллектінің ықпалы, корпоративтік мәдениет, қызметкерлердің жұмысқа ынтасы мен ұйымға адалдығы, сондай-ақ адам капиталын басқарудың жаңа тәсілдерін талқылады.

Жұмыс берушілер одағы президиумы басшысының орынбасары Ұлан Тәжібаев форумда ең үздік жұмыс берушілер анықталғаны және олардың қандай әдістеме бойынша бағаланғанын түсіндірді. Яғни, «үздік жұмыс беруші» деген кім және ол қандай талаптарға сай болуы керек деген мәселелер қарастырылды.

– Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ең алдымен өз қызметкерлерінің жағдайына мән беретін жұмыс беруші үздік деп танылады. Бұл жай ғана пікір емес, нақты кәсіби өлшемдерге негізделген бағалау. Біз HR саласындағы кәсіби көрсеткіштерді негізге алдық. Атап айтқанда, жұмыс орнының ұйымдастырылуы, еңбекақының өсуі, үздік қызметкерлердің жалақысының көтерілуі, сыйақы беру жүйесі, компанияның кадрлық саясаты сияқты мәселелер бағаланды, - деп нақтылады Ұлан Тәжібаев.

Зерттеуге 100-ге жуық компания қатысқан. Солардың арасынан суырылып шығып, үздік атанғандар форум аясында марапатталды. Зерттеу барысында әр компанияның әлеуметтік тұрақтылығын бақылау басты назарға алынған. Бұл туралы «Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясы президиумы басшысының орынбасары Тимур Нақыпбеков айтты.

– Әр жұмыс беруші өз қызметкерлеріне Еңбек кодексіне сәйкес барлық қажетті жағдайды жасауы тиіс. Яғни заң талаптарын сақтап, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар заңда көзделген минималды талаптардан бөлек, қызметкерлер үшін қандай қосымша әлеуметтік мүмкіндіктер жасалып жатқаны да бағаланды. Өйткені мұның бәрі жұмысшылардың еңбекке деген ынтасына және ұйымдағы әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер етеді, - деді ол.

Halyk Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Нариман Мукушев панельдік дискуссияға қатысып, HR саласына қатысты және зерттеуге қатысты пікірін айтты.

– Ең алдымен, осындай ауқымды әрі жан-жақты зерттеудің жүргізілгені ерекше әсер қалдырды. Бұл – өте уақытылы бастама деп ойлаймын. Экраннан көрсетілген көптеген дерек біздің компания ішінде жасап жүрген талдауымыз бен талқылауларымызды тағы бір мәрте растағандай болды. HR командамызбен бірігіп осындай мәселелерді талдап, өзара талқылап отырамыз.

Мұнда айтылған мәселелер тек IT немесе банк секторына емес, барлық салаға ортақ деп есептеймін. Сондықтан бүгін көрсетілген деректер біздің ішкі талдауларымыздың дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал мұндай нәтижелерді бүкіл ел көлеміндегі зерттеу нәтижесінде көру тіпті ерекше. Бұл біздің талдау жұмыстарын дұрыс бағытта жүргізіп келе жатқанымызды көрсетеді, - деп атап өтті Нариман Мукушев.

Halyk Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Нариман Мукушев корпоративтік мәдениетті дамыту және кадр тұрақтылығын арттыру бағытындағы жетістіктері үшін берілген марапатқа қатысты пікір білдірді.

– Бұл марапат – бір айдың немесе бір жылдың емес, соңғы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде атқарылған жұмыстың нәтижесі. Осы уақыт ішінде біз адам капиталына ерекше мән беріп, қызметкерлермен жұмысты жетілдіруге тұрақты көңіл бөлдік. Корпоративтік ахуалды жақсартуға, қызметкерлердің кәсіби құзыретін арттыруға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Бүгінгі жетістік – сол жүйелі еңбектің нақты нәтижесі, - деді ол.

Нариман Мукушевтің айтуынша, компаниядағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде қызметкерлердің жұмыстан кету деңгейі 13 пайызға дейін төмендеген. Бұл ретте ол қызметкерлерді ынталандыру, басшылық пен ұжым арасындағы сенім және лайықты еңбекақы төлеудің маңызын ерекше атап өтті.

– Біздегі кадр тұрақсыздығы нарықтағы орташа көрсеткіштен сәл төмен. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 13 пайызды құрайды. Оның үстіне кейінгі екі жылда жұмыстан кету деңгейі біртіндеп азайып келеді.

Зерттеу нәтижесінде де көрсетілгендей, жастар арасында кадр ауысымы жоғары болады. Себебі жас мамандар көбіне қазіргі заманауи мүмкіндіктерге, қазіргі жағдайға және өздерінің жеке басымдықтарына көбірек мән береді.

Сондықтан біз тек жастармен ғана емес, барлық қызметкермен бірнеше бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз.

Біріншісі – ынталандыру. Әр қызметкер өз еңбегінің нәтижесін көріп, оның бағаланатынын сезінуі керек.

Екіншісі – тікелей басшының рөлі. Егер қызметкер өзінің тікелей жетекшісіне сенбесе, оған иланбаса, ұйым қаншалықты мықты болғанымен, тиімді жұмыс істеу қиын.

Үшіншісі – басшының кәсіби біліктілігі. Қызметкерлер жетекшісіне тек басқарушылық қабілеті үшін ғана емес, өз ісінің нағыз маманы ретінде де сенуі қажет. Басшы өзінің кәсіби құзыретін нақты ісімен дәлелдеуі керек, - деп нақтылады ол.

Сондай-ақ ол жасанды интеллектіні жұмыс үдерістеріне кеңінен енгізу алдағы уақытта әрбір маман үшін міндетті дағдыға айналатынын атап өтті.

– Жасанды интеллект адамдардың орнын баспайды. Бірақ ЖИ технологияларын тиімді меңгерген мамандар ЖИ-ді қолдана алмайтын қызметкерлерге қарағанда еңбек нарығында әлдеқайда бәсекеге қабілетті болады, – деді Нариман Мукушев.

Форум қорытындысы көрсеткендей, бүгінгі еңбек нарығында үздік жұмыс берушіні айқындайтын негізгі факторлар – қызметкерлердің жағдайына көңіл бөлу, корпоративтік мәдениетті дамыту, әділетті еңбек жағдайын қалыптастыру және жаңа технологияларды тиімді пайдалану. Сарапшылардың пікірінше, адам капиталына жүйелі инвестиция салған ұйымдар ғана бәсекеге қабілеттілігін сақтап, еңбек нарығындағы өзгерістерге оңай бейімделе алады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 22:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары