Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
ІІМ интернет алаяқтардың жаңа әдісін әшкереледі

ІІМ интернет алаяқтардың жаңа әдісін әшкереледі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алғаш қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз болып көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты ескертулеріне ұқсайды. Хабарламада курьердің сәлемдемені жеткізе алмағаны және жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін сілтеме арқылы өту қажет екені көрсетіледі.

— Алайда көрсетілген сілтеме пайдаланушыны логистикалық компаниялардың ресми сайттарына ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурстарға бағыттайды. Мұндай сайттарда азаматтардан жеке мәліметтерін (аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін аз көлемде төлем жасау талап етіледі. Аталған мәліметтерді енгізіп, төлем жасағаннан кейін қаскөйлер азаматтардың құпия және банк деректеріне қол жеткізеді. Бұл қаржылық шығындарға ғана емес, дербес деректердің кейіннен заңсыз мақсатта пайдаланылуына әкелуі мүмкін, — дейді тәртіп сақшылары.

Осыған байланысты азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

— егер сіз ешқандай жеткізіп беруді күтпесеңіз, күмәнді хабарламадағы сілтемелерге өтпеңіз;

— сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз — алаяқтық ресурстар көбіне бір-екі таңбамен ғана ерекшеленеді;

— күмәнді сайттарға жеке және банк деректерін енгізбеңіз;

— жеткізіп беру мәртебесін тек ресми сайттар мен қосымшалар арқылы тексеріңіз;

— күмәнді хабарламаларды елемей, бұғаттаңыз.

Ведомство атап өткендей, цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау — қаржылық шығындар мен жеке деректердің таралуынан қорғанудың ең тиімді жолы.

Осыған дейін алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланғаны анықталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 16:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары