Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Иісі өкпеге тұрып қалды қазақстандық әйел Алматыға баратын әйелдер вагонындағы жағдайға шағымданды

Иісі өкпеге тұрып қалды қазақстандық әйел Алматыға баратын әйелдер вагонындағы жағдайға шағымданды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ақтөбе - Алматы бағытындағы №24 пойыздың жолаушысы жол жүру кезіндегі қолайсыз жағдайлар туралы айтып берді. Оның сөзінше, әйелдер вагонында екі тәулік бойы солярканың иісі мүңкіп тұрған, ал қосулы тұрған кондиционердің кесірінен жолаушылар тоңып қалған, - деп хабарлайды Tengri Travel.

"Жүрегіміз айнып, иіс сіңіп қалды"

Қазақстандық әйел өз оқиғасын әлеуметтік желіде бөлісті. Ол 26 тамызда Ақтөбеден басқа жолаушылармен бірге пойызға отырған. Оның айтуынша, Алматыға дейінгі шамамен екі күндік жол өте жайсыз өткен.

Жолаушының айтуынша, мәселе Ақтөбеден пойызға отырған бойда басталған. Вагонда қолқаны қабатын солярка иісі сезілген, ал жолсеріктің әрекеті жағдайды одан сайын ушықтырған.

"Бұл өте ауыр екі күн болды: бүкіл вагонда солярка иісі мүңкіп тұрды. Бұл иісті азайту үшін жолсерік кондиционерді қосып қойды, соның кесірінен тоңып қалдық. Бізді не жылы киім, не көрпе құтқара алмады", - деп бөлісті жазба авторы.

Қазақстандық әйел әйелдер вагонының жағдайына шағымданды. Скриншот: Threads

Кішкене болса да жылынып, жағымсыз иістен аулақ болу үшін жолаушылар көрші вагондарда отыруға мәжбүр болған. Олардың байқауынша, онда бәрі дұрыс болған. Жолаушы әйел жолсеріктің жұмыс чаты арқылы әріптестерімен байланысуға тырысқанын, бірақ жауап ала алмағанын айтты. Балама ретінде пойыз қызметкері әйелдерге вагондар арасындағы өтпе жолда түнеуді ұсынған, өйткені ол жер жылырақ әрі жанармай иісі жоқ болып шыққан.

"Тіпті сіріңке де жақтық", - дейді жолаушы.

Жарияланым авторы мұндай жағдайлар жай ғана қолайсыздық тудырып қоймай, денсаулыққа да қауіп төндіретінін баса айтты.

"Ойлап қарасаңыз, бұл иістен улануға болады. Ол өкпеге сіңіп қалды, жүрегіміз айныды. Тұтас пойызда бір ғана әйелдер вагоны бар. Тек әйелдер, бойжеткендер мен қыздар бара жатқан вагонда қалыпты жағдай жасауға болмас па еді?", - делінген жазбада.

Жазба желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды.

"Ол жерде солярка қайдан жүргені қызық", "Айтпақшы, әйелдер вагонында әрқашан бір иіс, не көмірдің иісі шығып тұрады. Ол әдетте ең соңында болады, сондықтан басқа вагондарда мұндай иіс жоқ", "Сұмдық-ай", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Тасымалдаушы не дейді?

Жағдайға байланысты пікір алу үшін біз "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на жүгіндік. Компания жолаушының Ақтөбе - Алматы бағытындағы №24 пойыздағы жағдайға байланысты пойыз бригадасына шағымданғанын растады.

Пойыз бастығының мәліметінше, бригада жолаушының өтінішіне жедел жауап беріп, тиісті шаралар қабылдаған.

"Пойыз бастығының ақпараты бойынша, пойыз бригадасы өтінішке жедел әрекет етіп, жайлы жол жүруді қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолданды және келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушыдан кешірім сұрады. Айта кетейік, вагон белгіленген талаптарға сәйкес жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден және жөндеуден өткен болатын", - деп хабарлады тасымалдаушы.

Сонымен қатар, тасымалдаушы берген түсініктемеде иістің шығуына нақты не себеп болғаны, сондай-ақ жол жүру кезінде пойыз бригадасы тарапынан қандай шаралар қабылданғаны нақтыланбаған.

Пойызда сапасыз қызметке тап болсаңыз, не істеу керек?

Егер вагондағы жағдай нормаларға сәйкес келмесе (суық, жат иістер, жабдықтардың бұзылуы), жолаушылар оларды сол жерде түзетуді талап ете алады немесе бақылаушы органдарға шағым жолдай алады.

Бірыңғай анықтама қызметі: 1433 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін). Көлік министрлігінің Ситуациялық орталығы: мессенджерлер арқылы +7 700 098 35 35 нөмірі бойынша.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Тамыз 2026 16:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see122

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары