Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?

Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Соңғы жылдары Қазақстанның қызметтер экспорты мен импорты тұрақты өсім көрсеткенімен, сыртқы сауда теңгеріміндегі теріс айырма толық жойылған жоқ. Ел экономикасында қызмет көрсету саласы кеңейіп жатқанымен, күрделі және жоғары білікті қызмет түрлері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Фото: e-cis.info

2024 жылдың қорытындысында қызмет экспорты 11,8 млрд долларға жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты (5,9 млрд доллар). Ал импорт осы кезеңде 8 млрд доллардан 13 млрд долларға дейін өсті. Соның нәтижесінде халықаралық қызметтер балансының тапшылығы минус 2,1 млрд доллардан минус 1,2 млрд долларға дейін қысқарды. Бұл сыртқы сауда ағындарының біртіндеп теңесіп келе жатқанын көрсетеді.

Алайда, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша теріс үрдіс қайта байқалды. Қызметтер балансының тапшылығы 1 млрд долларға жетіп, өткен жылғы минус 870,5 млн доллармен салыстырғанда ұлғайды. Экспорт 4,8% өсіп, 9,2 млрд долларды құраса, импорт 5,8% артып, 10,2 млрд долларға жетті. Бұл ішкі нарықтың шетелдік қызметтерге сұранысы отандық ұсыныстан жылдамырақ өсіп отырғанын аңғартады.

Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады

Қызмет экспортының негізгі драйвері бұрынғысынша көлік саласы болып отыр. Оның көлемі 4,2 млрд долларға жетіп, 4,4% өсті. Соның ішінде жүк тасымалы 3,3 млрд долларды құрап, 3,9% артты. Ал жолаушылар тасымалы ең жоғары өсімді көрсетіп, 15,7%-ға ұлғайып, 238,7 млн долларға жетті. Көлік қызметтері бойынша оң сальдо 1,7 млрд долларды құрады.

Сапарлар сегментінде де өсім байқалды. Экспорт 12,9% артып, 2,2 млрд доллар болды. Оның ішінде жеке сапарлар 2 млрд долларды құрап, 13,2% өсті. Дегенмен импорт көлемі әлі де жоғары – 3 млрд доллар. Соның нәтижесінде теріс сальдо минус 1,1 млрд доллардан минус 819,8 млн долларға дейін қысқарды.

Жоғары технологиялы қызметтер сегменті де қарқынды дамып келеді. Телекоммуникациялық, компьютерлік және ақпараттық қызметтер экспорты 20,6% өсіп, 719,3 млн долларға жетті. Оның ішінде компьютерлік қызметтер 553,3 млн долларды құрады (+16,3%). Ақпараттық қызметтер сегменті 5,6 есеге өсіп, 65,9 млн долларға жетті. Импорт та 20,5% артып, 515 млн долларды құрады. Нәтижесінде бұл сектордағы оң сальдо 204,2 млн долларға дейін ұлғайды.

Сонымен қатар бірқатар бағытта кері динамика тіркелді. Қаржылық қызметтер экспорты 20,4%, жөндеу және техникалық қызмет көрсету 24,4%, ал құрылыс қызметтері 34,1% төмендеді. Импорт ішінде ең жоғары өсім құрылыс секторында байқалып, 66%-ға артып, 450,4 млн долларға жетті.

Көлеңкелі көлік импортына шектеу бола ма?

Жалпы алғанда, оң сальдо негізінен көлік қызметтері есебінен қалыптасып отыр. Оған қоса IT және телекоммуникация салалары үлес қосып отыр. Ал негізгі тапшылық сапарлар мен өзге іскерлік қызметтерге тиесілі. Өзге іскерлік қызметтер сегментінде теріс сальдо минус 1,3 млрд долларға дейін ұлғайды, себебі импорт 12%, ал экспорт небәрі 6% өсті. Бұдан бөлек, құрылыс қызметтері (минус 419,2 млн доллар) мен зияткерлік меншік үшін төлемдер (минус 309,2 млн доллар) де қысым көрсетіп отыр.

Географиялық тұрғыда да айқын тәуелділік байқалады. Жеке сапарлар бойынша ең үлкен қаржы ағымы Түркия мен БАӘ бағытында тіркеліп, тиісінше минус 421,2 млн және минус 347,9 млн долларды құрады. Сондай-ақ Қырғызстанмен де теріс баланс бар – минус 203,8 млн доллар. Ал Ресей (111,1 млн доллар), Өзбекстан (152,7 млн доллар) және Қытай (147,5 млн доллар) бойынша оң сальдо қалыптасқан.

Жоғары технологиялы қызметтерде де сыртқы тәуелділік сақталып отыр. Қазақстан телекоммуникация және IT қызметтері бойынша жалпы профицитке ие болғанымен, Ресей, АҚШ және Ұлыбританиядан импорт көлемі жоғары. Консалтинг, басқару, жарнама және инженерлік қызметтерде де осы елдер мен Ирландияға тәуелділік байқалады.

Қорытындылай келгенде, Қазақстанның халықаралық қызметтер нарығындағы ахуалы екіжақты сипатқа ие. Бір жағынан, көлік пен IT салаларында экспорттық әлеует артып келеді. Екінші жағынан, күрделі қызмет түрлері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр. Орта мерзімде жағдайды жақсартудың негізгі жолы – ішкі құзыреттілікті дамыту, отандық қызмет сапасын арттыру және импортты алмастыру болмақ.

Импортты азайтуға мүмкіндік мол

Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп

Қоғам • Бүгін, 10:28

Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 10:12

Қазақстанда қымыз өндірісі артты

Өндіріс • Бүгін, 10:05

Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер ұлттық бұйымдар жасаумен айналысады

Дәстүр • Бүгін, 09:52

Жетісу облысында әкесін ұрып-соққан екі жігіт ұсталды

Заң • Бүгін, 09:47

Еліміздің қай өңірлерінде жол жабық?

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:19

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 11:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары