Индер ауданында екі жылдан бері ұялы байланыс мұнарасы іске қосылмай тұр
Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ынтымақ ауылында орнатылған байланыс мұнарасына қарамастан, тұрғындар әлі күнге дейін сапалы мобильді интернетті пайдалана алмай отыр.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, тұрақты байланыс пен интернеттің жоқтығы көптен бері үлкен проблемаға айналған.
— Екі жыл болды мына мұнараның қалқиып тұрғанына. Ауылға ауадай қажет, интернет желісі жоқтықтан көп мүмкіндіктен айрылып отырмыз,-дейді ынтымақтықтар.
Аталған жобаның тапсырыс берушісі "КарТел" ЖШС болса, мердігері "Аврора Сервис" ЖШС-і. Ауылдағы ұялы байланыс сапасын жақсарту үшін мұнарасын орнатуға жер телімі беріліп, орнатылған. Енді аталған нысанды пайдалануға беру үшін электр энергиясымен қамтамасыз ету қалған.

Тұрғындардың өтінішіне берілген ресми жауапта «Атырау-Жарық» ЖШС тарапынан бірқатар ескертпелер жасалғаны, содан кейін техникалық шарттар дайындалып, ағаш бағаналар бетон бағаналарға ауыстырылғаны айтылған. Соған қарамастан, нысан әлі күнге дейін қосылмаған.
Ресми жауапта мәселе бақылауда екені, қажетті жұмыстар бір ай ішінде атқарылып, мұнара 1 тамызда іске қосылатыны хабарланған.
Алайда ауыл тұрғындары соңғы екі жылда мұндай уәделерді бірнеше рет естігенін айтып, интернеттің көрсетілген мерзімде іске қосылатынына күмән келтіруде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Фото автордікі
Кеше, 19:49
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 03:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















