Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақмола облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті: қозғалыс қайта жанданды

ЮНЕСКО ның жаңа бас директоры болып Халед әл Анани тағайындалды

Баламалы дереккөздер ресми статистикаға енгізілді

Цифрландыру және ЖИ енгізу ұлт дамуын лайықты деңгейде қамтамасыз етеді Мәулен Әшімбаев

Алматыдағы кардиологиялық орталық жүрек ауыстыруды жүргізу құқығына ие болды

БҚО да ірі мұнай газ кен орындары жаңғыртылуда

Әлемнің үздік спортшылары Қазақстанда бас қосатын маңызды турнирлер өтеді министр

Қазақстандық төлем карталары шетелде жиі қолданылып жатыр

2026 жылғы діни күндер кестесі инфографика

Ауыл бапкерлеріне қолдау көрсетіледі. Live

Ақорда Қазақстан президентінің АҚШ қа сапары туралы бейнеролик жариялады

Қымбат несиелер дәуірі: банктер қалай маржаны да, клиенттерді де сақтап отыр

Елімізде білім беру жүйесіне ChatGPT Edu платформасы енгізіледі

Құлсарыда балалы әйелді көлік қағып кеткен

Агроөнеркәсіп кооперативі Рepsico компаниясымен келісімшарт жасасты

Фонограммаға тыйым салатын заң мәжіліске қайтарылды

Бразилия мен Қазақстан алтын сатып алуда алда келеді

Саяси мәдениетті нығайту негізі

Петропавлда қазақ полицейді иттер деп атап, қорқытқан азамат сотталды

Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір түкпірінен жиналған жанкүйерлері Барселона әуежайында қарсы алды

Инвестиция дәуірі: әлемдік трендтер мен Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

Инвестиция дәуірі: әлемдік трендтер мен Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Инвестиция тарихы: Вавилоннан XXI ғасырға дейін
Инвестицияның түбі ертеден бастау алады. Зерттеулерге қарағанда б.з.д. XVIII ғасырда Вавилон өркениетінде көпестер өз тауарын керуенмен жіберіп, жолда жоғалтса, шығынды бірлесіп көтерген. Сол кезең инвестиция мен сақтандырудың алғашқы формасы саналады.

Фото: Kazinform

Бұрынғы заманда инвестиция негізінен ауыл шаруашылығына бағытталған. Мысалы, бидай егу кезінде шаруа айналасындағы адамдардан жылу жинап, науқан соңында өнімді бөлісетін. XV-XVIII ғасырларда алтын мен күміс негізгі капитал ретінде есептелсе, индустриялық революция өнеркәсіп пен теміржол саласына қаражат салуды үйретті. Орта ғасырларда Еуропада байлар сауда жүйесіне ақша салып, монархтарға қарыз берген болса, қазір бұл міндетті көбіне инвестициялық компаниялар атқарады.

Ал «акция» ұғымы алғаш 1602 жылы Нидерландыда пайда болып, голландиялық Ост-Үнді компаниясы әлемдегі алғашқы акционерлік қоғамды құрды. Кез келген адам оның үлесін сатып алған, бұл қазіргі қор биржасының негізін қалаған. XVIII ғасырда Англияда тіркелген «South Sea Bubble» қаржылық дағдарысы әлемдегі алғашқы инвестициялық бумдардың бірі болды.

XX ғасырда банк дәуірі басталып, тікелей шетелдік инвестициялар кең тарады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін америкалық және еуропалық компаниялар басқа елдерде зауыт ашып, жаһандық инвестицияның жаңа кезеңін бастаған. XXI ғасырда олар экономиканың барлық бағытында шешуші рөлге ие болды.

Бүгінде әлемдегі ең ірі инвестор Уоррен Баффет 11 жасында алғашқы акциясын сатып алып, қазір 200 млрд доллардан астам активі бар Berkshire Hathaway компаниясын басқарып отыр. Ол инвестицияны «сабыр мен сенім өнері» деп сипаттайды.

Нарықтағы көшбасшылар мен жаңа бағыттар

Деректерге сүйенсек, өткен жылы Visual Capitalist сараптамасы бойынша инвестиция ең көп алатын да, беретін де мемлекет – АҚШ болды.

Фото: Kazinform

Елдің алған инвестициясы 388 млрд долларды құраса, өзге елдердің экономикасына салған қаржысы 404 млрд доллар болған. Одан кейінгі орындарда Жапония, Қытай, Германия және Нидерланд тұр.

Фото: Kazinform

Сондай-ақ инвестиция тарту жағынан алдыңғы қатарда Сауд Арабиясы бар. 2023 жылы мұнда құны 1 трлн доллар болатын Mirror Line жобасы басталды.

Фото: Kazinform

Ұзындығы 120 шаршы шақырым болатын жоба аясында шөл үстінде айнадай жылтыр, көмірқышқыл газынан азат, толықтай жаңартылатын энергиядан қуат алатын, ұшатын көліктері бар қала салынады.

Одан кейінгі ірі жобалар қатарында Франциядағы ITER ядролық синтез реакторы мен TEN-T Network – Еуропалық көлік инфрақұрылымын дамыту желісі бар.

Инвестиция саласында белгілі бір теория бар: капитал қай жерде жоғары табыс бар, соған ағылады. Бұл процесс шетелден тікелей инвестиция тарту арқылы жүзеге асады. Мұнда акциялар, облигациялар, орталық және коммерциялық банктер, корпорациялар мен жеке инвесторлар – негізгі қатысушылар.

Фото: Kazinform

Осы ретте Qazaqstan Investment Corporation директорлар кеңесінің мүшесі Марсия Фавале инвестициядағы басым бағыттарды атап өтті. Оның айтуынша, ірі инвестициялар негізінен «ақылды логистикаға» бағытталып отыр.

– Қай салаға қаржы салуға болады? Бүгінде инвесторлардың басты сұрағы осы. Соңғы жаһандық тұрақсыздық, қақтығыстар, тасымалдаудағы кедергілер, пандемия маңызды сабақ үйретті. Жеткізу жүйесінде тұрақтылық қажет, – дейді Фавале.

Сарапшының айтуынша, денсаулық сақтау мен цифрлық технологиялар – ең инвестициялық тартымды сала.

– Бұл салаларда инвестиция көлемі артып келеді. Биотехнологиялар белсенді дамуда, себебі адамдар ұзақ әрі сапалы өмір сүруді қалайды, – дейді ол.

Марсия Фавале энергия үнемдеу мен жасанды интеллектінің рөліне де тоқталды.

– Интеллектуалды өндіріс, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергетика, әсіресе аккумуляторлық жүйелер мен энергияны сақтау бағыттарына қызығушылық артып отыр. Жасанды интеллект қазіргі таңда барлық жерде бар. Компьютердің өзі жасанды интеллекттің элементтерін қамтиды. Сондықтан цифрлық инфрақұрылым экономиканы әртараптандыруға және құнды өнімдер өндіруге мүмкіндік береді, – дейді сарапшы.

Сондай-ақ ол «ақылды туризмді» де келешегі зор бағыт ретінде атады.

– Инвестиция үшін маңызды бағыттардың бірі – «ақылды туризм». Тұрақты даму, мәдениет және технологияны біріктіретін мінсіз үлгі – осы сала. Дегенмен көп елдер бұл бағытқа нақты қаржы құймай отыр, – дейді маман.

Қазақстан да «жасыл» технологияға қаржы салуы мүмкін

Марсия Фаваленің пайымынша, кез келген мемлекет ең алдымен өз артықшылығын нақты ұсына білу керек.

– Инвестиция тарту үшін айқын ұсыныс керек, яғни сіздің бәсекелік артықшылығыңыздың неде екенін көрсету қажет. Мысалы, экономикасы шикізатқа тәуелді елдер әрдайым пайдалы қазбаларға ғана сүйене алмайтынын түсінеді, олардың қоры шектеулі. Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыстағы басқа елдерді қараңыздар, олар шикізат экспортын жалғастыра отырып, жаңартылатын энергия көздері мен «жасыл» технологияларға қомақты қаржы салып жатыр. Дәл осындай үрдіс Қазақстанда да болуы мүмкін, – дейді Фавале.

Сарапшының пікірінше, экономиканы әртараптандыру елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, оның халықаралық имиджін де күшейтеді.

Фото: Kazinform

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында инвестиция тарту саясатына жаңа көзқарас қажет екенін айтты.

– Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір алдымызда тұрған міндет басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту, – дейді Мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар инвестиция саясатын нақты мақсаттармен байланыстыру қажеттігін атап өтті.

– Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарау керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы керек, – дейді Президент.

Елімізге тартылған инвестиция көлемі – 400 млрд доллар

Жалпы, Қазақстанға тәуелсіздік алғаннан бері 400 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Соңғы 10 жылда біздің экономикаға ең көп ақша құйған мемлекеттер: Нидерланды – 64,8 млрд, АҚШ – 31,1 млрд, Швейцария – 22,2 млрд, Ресей – 17,3 млрд, Қытай – 13,7 млрд доллар.

Фото: Kazinform

Бұған дейін ең ірі жобалар шикізат секторында шоғырланған еді. Олар – Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз кен орындары. Алайда соңғы жылдары елдің экономикалық саясаты өңдеу саласына, өндірістік және технологиялық бағыттарға инвестиция тартуға бет бұрып келеді.

Фото: Kazinform

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов тарқатты.

– Үкімет алдына бірнеше нақты талап қойды. Біріншіден, біз шикізаттық экономикадан өңдеу және тауар шығару экономикасына көшуіміз керек. Бұл бағытта нақты, өнім беретін жобалар қажет, – дейді комитет төрағасы.

Спикер Үкімет қабылдаған жаңа шешімге де тоқталды.

– Үкімет шешіміне сәйкес, «Бәйтерек» инвестиция тарту компаниясына айналады. Холдинг құрамындағы ұйымдар капитализация көлемін арттырып, экономикада тұрақты жұмыс орындарын қалыптастырып, нақты тауар өндіретін жобаларды жүзеге асырады, – дейді ол.

Сонымен қатар комитет төрағасы шетелдік инвесторлар кейбір бюрократиялық және инфрақұрылымдық қиындықтарға тап болып жатқанын жасырмады.

– Инвесторлардың шағымын жиі талдаймыз. Көп жағдайда әкімдіктермен бірге жер таңдалып, зауыт салу процесі басталғанымен, инфрақұрылым дайын болмай қалады. Энергетика, су, жол мәселелерінде қиындықтар кездеседі. Мұндай жағдайда өз қаражатымен келген инвестор үшін жағдай тартымсыз болып кетеді, – дейді ол.

Алайда бұл проблемаларды шешу үшін инвестициялық штаб құрылған.

– Инвестициялық орталықтың тиімді жұмысының арқасында 80 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі жобалар қайта іске қосылды. Бұл – нақты нәтиже. Біз енді бұл тәжірибені әрі қарай шыңдауымыз керек, – дейді Ғабидолла Оспанқұлов.

Жобалардың көбі өңдеу саласына бағытталған

Қазақстанда соңғы жылдары инвестицияның басым бөлігі өңдеу саласына бағытталып отыр. Оспанқұловтың айтуынша, бұл – ел экономикасын әртараптандыруға және қосымша құн тізбегін өз ішінде ұлғайтуға бағытталған саясаттың нәтижесі.

– Соңғы 4 жылда өңдеу саласындағы көрсеткіш 16 пайыздан 26 пайызға дейін артты. Мысалы, машина жасау саласы жолға қойылып келеді. Солтүстік Қазақстан облысында Германияның Glass компаниясы ауыл шаруашылық техникасын шығара бастады. Ал Сарань қаласында қоғамдық көлік – автобус пен шиналар, тұрмыстық техника өндірісі жолға қойылды. Оңтүстік Кореяның KIA зауыты толық циклмен жұмыс істеп тұр, – дейді ол.

Фото: Kazinform

Оспанқұловтың ойынша, қазір басым бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу.

– Мысалы, бидайдың терең өңдеуіне Қытайдың ірі компаниялары тартылды. Олар зауыттардың құрылысн бастап кетті. Бұл жобалар жүзеге асқанда бидайымыз тек шикізат ретінде сыртқа шықпай, ел ішінде өңделіп, 200-ден астам дайын өнім түрі шығарылады. Сол сияқты Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынып жатыр, келесі жылы іске қосылады. Нәтижесінде 260-тан астам өнім түрі өндіріледі. Одан бөлек, көмірді терең өңдеу жобасы да басталды. Көмірден полиэтилен сияқты өнім шығару жоспарда бар. Мұның бәрі қосымша экономикалық құн қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Фото: Kazinform

Инвесторлар ел таңдағанда ең алдымен логистика мен нарыққа қолжетімділікті бағалайды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның географиялық орналасуы – маңызды артықшылық.

– Әр инвестор үшін логистика шешуші рөл атқарады. Қазақстан тоғыз жолдың торабында тұр, Еуропа мен Азияны байланыстырып жатыр. Ел аумағынан 13 халықаралық дәліз өтеді, соның ең ірісі – Транскаспий халықаралық көлік дәлізі.

Біз тасымал уақытын бір күнге дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл Азия мен Еуропа нарықтарына тез әрі арзан шығуға мүмкіндік береді. Орта Азиядағы географиялық орналасуымыз да ерекше: ұшақпен Еуропаға да, Азияға да, Араб елдеріне де 6 сағатта жетуге болады. Ал теміржол бағыттары арқылы Пәкістан, Үндістан және Шығыс Африка елдерімен сауда байланысын күшейте аламыз, – дейді Ғабидолла Оспанқұлов.

Ірі келісімдер мен жаңа жобалар

Комитет төрағасының айтуынша, әрбір шетелдік сапар барысында нақты инвестициялық жобаларға қол қойылады.

– Мысалы, Қытайға барған сапарда бірнеше ірі келісім жасалды. АҚШ-пен ынтымақтастықта IT саласын дамыту, дизельдік локомотивтер шығару жобасы іске асып жатыр. Бұл бастамаға шамамен 300 миллион доллар инвестиция бөлінді. Сондай-ақ АҚШ-тың PepsiCкомпаниясы Алматыда жаңа зауыт салып жатыр. Өндіріс іске қосылған соң өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылады. Бұдан бөлек, сирек кездесетін металдарды өндіру және оларды терең өңдеу бағытында америкалық технологиялар қолданылатын бірлескен жобалар қолға алынды, – деді ол.

Терең өңдеуде қай елдің тәжірибесіне сүйенеміз?

Спикердің сөзінше, Қазақстан даму бағытын айқындауда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесіне сүйеніп отыр.

– Байқайтын болсаңыздар, дүкен сөрелеріндегі тауарлардың көбінде Made in Vietnam, Made in Malaysia деген жазулар бар. Бұл елдер өз нарығын трансұлттық компанияларға ашып, бренд өнімдерді өз аумағында шығару арқылы экономикаларын күшейтті. Қытай да дәл осындай жолмен дамыды, шетелдік инвесторларды тарта отырып, өндірісті өз ішінде орналастырды. Біз де осы тәжірибені негізге ала отырып, Big Four консалтинг компанияларына аналитика тапсырысын бердік. Соның нәтижесінде 8 негізгі тауар позициясын анықтадық, – дейді Оспанқұлов.

Оның айтуынша, былтырғы үш бағыт – бидайды, жүгеріні және көмірді терең өңдеу бойынша нәтиже бар.

– Бізге негізгі қызығушылық танытып отырған елдер – Оңтүстік Корея, Малайзия және Вьетнам. Бұл мемлекеттер арнайы экономикалық аймақтарды тиімді дамытып, сол арқылы өндірісті жандандыра білді. Қазір біз де сол тәжірибеге сүйеніп, халықаралық компанияларды арнайы экономикалық аймақтарда тауар өндіруге тартуға күш салып жатырмыз, – дейді комитет төрағасы. 

2060 жылға қарай Қазақстан көміртексіз экономикаға көшеді

Әлемде «Таза энергия» мен «көміртексіз болашақ» идеясы тек экологиялық емес, экономикалық трендке айналды.

Фото: Kazinform

Халықаралық жаңартылған энергия агенттігінің дерегінше, өткен жылы баламалы қуат көздерінің өндірістік шығыны мұнай мен газдан арзан болды. Мәселен, Германияда күн панельдерін орнатқан үй шаруашылықтары жылына электр энергиясына кететін шығындарын 25-30% қысқартқан.

Мұндай жобалар инвестор үшін де тиімді. Себебі жаңартылған энергия көздері бастапқыда көп қаржы талап еткенімен, ұзақмерзімде энергия өндірісінің өзіндік құнын 70-90 пайызға дейін азайта алады.

Еліміз де бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Ел 2060 жылға қарай көміртексіз экономикаға көшуді көздеп, осы мақсатта 610 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Қазақстанда жасыл технологиялар бағыты бойынша нақты жобалар іске асып жатыр.

Фото: Kazinform

Соның бірі – Қытайдың Chengdu Sepmem Energy Co. Ltd компаниясының инвестициялық бастамасы.

– Бұл – біздің шетелдегі алғашқы жобамыз. Синьцзянь провинциясы Қазақстанға жақын, климаттық және географиялық жағдайы ұқсас. Сондықтан зауытты осында салуды жөн көрдік. Қазақстанның экологиясын жақсартуға үлес қосамыз. Бұрын қолданылып келген солярка мен дизельдің орнына сұйытылған газ қолдану – экологиялық әрі экономикалық тұрғыдан тиімді. Бағасы арзан, қыста қатпайды. Бірінші кезеңде 300 млн юань инвестиция саламыз. Бес өңірде бес зауыт салу жоспарланып отыр. Әр зауыт жылына 60-100 мың тонна өнім шығарады, – дейді Chengdu Sepmem Energy Co. Ltd компаниясының президенті СНХ Чжан Цзинтао.

Chengdu Sepmem Energy қазір Ұлытау облысымен меморандумға қол қойған. Сондай-ақ Жамбыл, Қостанай, Ақтау және Жетісу облыстарымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Жасыл экономика саласындағы тағы бір маңызды бағыт – өндірістік және техногендік қалдықтарды өңдеу. Бұл бағытта Қазақстанға Иранның Fakoor Sanat Tehran Engineering Co. компаниясы инвестиция салмақ.

Фото: Kazinform

Инвестиция шамамен 150 миллион долларды құрайды. Компанияның бас директоры Мохаммад Вахид Шейхзаде Наджжардың пікірінше, жоба елдегі көмірқышқыл газының көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

– Қазақстан – Иран үшін сенімді серіктес. Елде өндірістік және техногендік қалдықтардың көлемі үлкен. Біз осы қалдықтарды қайта өңдеу арқылы экологиялық және экономикалық тиімділікке қол жеткізгіміз келеді.

Темір мен мыс қалдықтарын қайта өңдеу СО₂ көлемін азайтады және шикізатты тиімді айналымға енгізеді. Бұл – халықаралық тәжірибеге сай жасыл өндіріс үлгісі, – дейді Fakoor Sanat Tehran Engineering Co. бас директоры Мохаммад Вахид Шейхзаде Наджжар.

Компания темір қалдықтарын өңдеу бойынша «Кармет» кәсіпорнымен алдын ала келісімге келген. Ал мыс қалдықтарын қайта өңдеу жобасы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесе жүзеге аспақ.

Қазақстанның инвестициялық бағыты жаһандық назарда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тағы сапары және бүгінгі С5+1 форматындағы кездесу – соның дәлелі. Бұл форматтағы диалог екінші рет өтіп отыр.

Фото: Kazinform

АҚШ тарапы Орталық Азияны, соның ішінде Қазақстанды, сирек жер металдары мен аккумуляторлық материалдарға бай, Қытай мен Ресейге тәуелділікті азайта алатын аймақ ретінде қарастырады.

Ал Қазақстан өз кезегінде инвесторлардан тек шикізатты өндіру емес, оны өңдеп, дайын өнім шығару бағытын ұстануды талап етеді. Бұл – елдің инвестициялық саясатының жаңа кезеңі.

Халықаралық сарапшылар да Қазақстанның әлеуетін жоғары бағалап отыр. The Diplomat басылымының жазуынша, аймақтағы ең ауқымды мүмкіндіктер дәл Қазақстанда шоғырланған.

– Қазақстанның дамуы мен экономикалық өсімін белсенді түрде қолдап келемін. Менің ойымша, алдағы жиырма жылда Қазақстан әлемдегі ең серпінді және ең тартымды инвестициялық бағыттардың біріне айналады, – дейді инвестиция саласының сарапшысы Марсия Фавале.

Еске сала кетейік, Швейцариялық компания Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне $700 млн-нан астам инвестиция салмақ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 01:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақмола облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті: қозғалыс қайта жанданды

06 Қараша 2025 22:32see195

ЮНЕСКО ның жаңа бас директоры болып Халед әл Анани тағайындалды

07 Қараша 2025 00:17see188

Баламалы дереккөздер ресми статистикаға енгізілді

06 Қараша 2025 17:15see175

Цифрландыру және ЖИ енгізу ұлт дамуын лайықты деңгейде қамтамасыз етеді Мәулен Әшімбаев

06 Қараша 2025 13:30see159

Алматыдағы кардиологиялық орталық жүрек ауыстыруды жүргізу құқығына ие болды

06 Қараша 2025 18:25see133

БҚО да ірі мұнай газ кен орындары жаңғыртылуда

06 Қараша 2025 22:24see124

Әлемнің үздік спортшылары Қазақстанда бас қосатын маңызды турнирлер өтеді министр

06 Қараша 2025 23:10see122

Қазақстандық төлем карталары шетелде жиі қолданылып жатыр

06 Қараша 2025 21:37see118

2026 жылғы діни күндер кестесі инфографика

06 Қараша 2025 22:49see117

Ауыл бапкерлеріне қолдау көрсетіледі. Live

06 Қараша 2025 17:15see117

Ақорда Қазақстан президентінің АҚШ қа сапары туралы бейнеролик жариялады

07 Қараша 2025 13:49see117

Қымбат несиелер дәуірі: банктер қалай маржаны да, клиенттерді де сақтап отыр

06 Қараша 2025 17:06see114

Елімізде білім беру жүйесіне ChatGPT Edu платформасы енгізіледі

07 Қараша 2025 14:21see113

Құлсарыда балалы әйелді көлік қағып кеткен

06 Қараша 2025 11:14see113

Агроөнеркәсіп кооперативі Рepsico компаниясымен келісімшарт жасасты

07 Қараша 2025 19:15see113

Фонограммаға тыйым салатын заң мәжіліске қайтарылды

06 Қараша 2025 21:49see112

Бразилия мен Қазақстан алтын сатып алуда алда келеді

06 Қараша 2025 15:09see111

Саяси мәдениетті нығайту негізі

06 Қараша 2025 08:36see110

Петропавлда қазақ полицейді иттер деп атап, қорқытқан азамат сотталды

07 Қараша 2025 13:15see110

Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір түкпірінен жиналған жанкүйерлері Барселона әуежайында қарсы алды

06 Қараша 2025 13:48see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары