Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

Дәстүрлі әншілер сайысы

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

Алматыда БАКАД бойымен жүру құны қымбаттайды

Инвестициялық әлеуеті артқан аймақ

Инвестициялық әлеуеті артқан аймақ

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл бағытта облыс қазір әлемнің 100-ден астам елімен жұмыс істеп отыр. Бұл қарым-қатынастар тек сауда-саттыққа ғана бағытталмаған, одан бөлек білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өндіріс, құрылыс саласында да кең қолдау тауып отыр. Аймақтың инвестициялық ахуалы, жалпы өңірдегі бизнестің дамуы туралы біз БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаевтан сұрап білдік.

Басқарма басшысы Ресейдің Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыс­тарымен шектесетін облыстың транзиттік әлеуеті жоғары екенін айтып, сондай-ақ шетелдік ин­вес­­торлар үшін қолайлы жағдай­лар жасалып жатқанын тілге тиек етті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттің ин­вестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвес­торлармен де тығыз байланыста жұмыс істеу керек», – деген болатын.

Ел Президентінің осы тап­сыр­масы Батыс Қазақстан облысында қарқынды жүзеге асып жатыр деп сенімді айтсақ болады. Тек биыл­дың өзінде БҚО әлемді аузына қаратқан алып мемлекеттер – Қы­тай мен Корея елдерімен қарым-қатынастың жаңа парағын ашып, іскерлік байланысты нығайтуда. 

Бұл халықаралық іскерлік бай­ланыстардың басы-қасында облыс әкімі Нариман Төреғалиев өзі жүр. Дәл қазір аймақ басшысы бастаған облыстың бір топ делегациясы корей елінде жүр. Бұл сапардың да мақсаты – Корея елі мен БҚО арасындағы іскерлік байланысты нығайту, өңірге инвестор тарту. Айтпақшы, корей инвестор­ларының БҚО-ға деген қызы­ғушы­лықтары өте жоғары. 

Делегация алдымен Қазақстан Республикасының Кореядағы ел­шілігінде кореялық бизнес өкіл­дерімен кездесу ұйымдас­тырды. Кездесуде облыс әкімі Нариман Төреғалиев екі ел арасындағы әріп­­тестікті кеңейтуге бағытталған мұндай алаңдардың маңызы зор екенін жеткізді.

«Біз бүгін Батыс Қазақстан облысынан арнайы делегациямен Корея Республикасына келдік. Инвестиция тарту – біздің негізгі мін­деттеріміздің бірі. Қазір Корея инвесторларымен бірнеше бағыт бойынша жұмыстар басталды. Біз осы сапар барысында ынтымақ­тастыққа қызығушылық танытқан компаниялармен нақты келіс­сөз­дер жүргізуді, өңірдің экономи­калық мүмкіндіктерін танысты­руды жоспарлап отырмыз», – деді аймақ басшысы сол кездесуде. 

«Іскерлік кездесуде Кореяның DL Co., Ltd. (DL GFRP), Daocle1, Flow & Buoyancy Hydroelectric Power Generation System, Manseung Energy, Global Defense / Defense Global Kazakhstan LLP секілді ірі компанияларымен өнеркәсіп, қай­та өңдеу, ауыл шаруашылығы, ден­саулық сақтау, экология, инвес­тиция салалары бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды», – деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Сапардың екінші күні Корея мен БҚО арасында медициналық байланысты нығайтуға бағыттал­ған құжатқа қол қойылды. 

Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облысының делегациясы Кван­дон­г университеті жанындағы Ха­лық­аралық Әулие Мария кли­ни­касында болып, бірлескен жоба­лар аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кездесу барысында аймақ бас­шысы Нариман Төреғалиұлы Корея Республикасының денсау­лық сақтау саласындағы озық тә­жірибесін Батыс Қазақстан облы­сы­на енгізу – өңір үшін маңызды қадам екенін жеткізді. Квандонг университеті жанындағы Халық­аралық Әулие Мария клиника­сымен серіктестік өзара сенімге негізделген жаңа мүмкіндіктер екенін атап өтті. 

Қазір Батыс Қазақстан облы­сы­нан нейрохирург, травматолог, невропатолог, онколог, медбике және медициналық ұйым басшы­ларын қамтитын тоғыз маман ат­алған клиникада тағылымдамадан өтуде. Бұл – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нақты нәти­же­лерін көрсететін маңызды бағыт. Маман даярлығын күшейту өңір тұрғындарына көрсетілетін меди­циналық қызмет сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Квандонг университеті жанындағы Халық­аралық Әулие Мария клиникасы, Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігі және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау саласындағы ын­ты­мақтастық жөнінде халықара­лық меморандумға қол қойды.

Мұндай халықаралық құжаттар аймақтың дамуы үшін орасан маң­ызға ие. Әсіресе, Корея, Қытай секілді алып мемлекеттермен іс­кер­лік байланыстардың берері көп. 

«Жалпы, өңірге инвестиция тарту – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсыр­масы. Батыс Қазақстан облысы үшін ең ірі инвестициялық жоба­ларды жүзеге асырып отырған үш елді атап өте аламын. Олар – Қы­тай, Корея және Ресей мемлекеті. Біз биыл Қытай елімен ірі кәсіп­керлік байланысқа қол жеткіздік. Өздеріңіз білесіздер, жақында іссапармен Қытай елінде болдық. Қытайдың Нанкин қаласында Ба­тыс Қазақстан облысының «Ақ­жайық» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік кор­порациясының инвестиция және сауда өкілдігі ресми түрде аш­ылды. Бұл орталық енді Қытай­дан БҚО-ға инвестор тарту мәсе­лесімен тұрақты түрде айналы­сатын болады. Елімізде өңірлік деңгейде ашылған алғашқы шет­ел­дік инвестициялық өкілдік Ор­та­лық Азия-Қытай ынтымақ­тастық орталығы ғимаратында орналасқан. Жаңа құрылым Ақ­жайық өңірі мен Қытай кәсіпкер­лері арасында тікелей іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік бер­еді. Біз өз кезегімізде, БҚО-на ивестор тарту үшін қолайлы жағ­дай жасауды жал­ғастыра бере­міз», – деп атап өтті облыстық Кәсіпкерлік және индус­триялық-инновациялық даму басқарма­сының басшысы Нұржан Өтепбаев.

Иә, басқарма басшысының айтып отырғаны – Батыс Қазақ­стан облысы мен Қытай арасын­дағы 134 млрд теңгеге жасалған ірі 14 жоба туралы келісім.

Облыс әкімі Нариман Төре­ғалиев бастаған батысқазақстандық топтың қазан айындағы Қытайға сапары өте нәтижелі болған еді. Мем­лекет басшысының тап­сы­рмасына сәйкес, екі ел арасындағы кәсіпкерлік байланыс нығайып келеді. Көрші мемлекеттің инвес­торлары энергетика, ауыл шаруа­шылығы, денсаулық сақтау сынды бірқатар маңызды салаға жалпы құны 134 миллиард теңгеден астам қаржы салуға ниетті. Бұл бағытта екі жақты нақты келісім бар. Енді санаулы уақыттан кейін облыста екі зауыттың құрылысы басталады деп күтіліп отыр. Оған қажетті құ­рал-жабдық тиелген контейнер­лердің алғашқы легі Қытайдың Вэйфан қаласынан Ақжайыққа кел­ген еді. Зауытқа қажетті қон­дырғылардың алғашқы партиясын арту рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төре­ғалиев бастаған делегация арнайы қатысқан болатын. 

«Жоспарға сәйкес, арнайы ин­дус­триялық аймақта алдымен қуаты 34 мегаватт болатын газ электр стансасы салынады. Жоба кейінгі өндіріс орындарын тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге ба­ғытталған. Сонымен қатар мұнай катализаторларын қайта өңдеу зауытының құрылысы басталады. Облыста жоспарланған 14 жоба­ның бәрін бір консорциум атқара­ды. Құрамындағы бірнеше ком­па­н­ия энергетика саласын ғана емес, агротехника, мұнай, құрылыс, ден­саулық сақтау салаларын да ин­вестициялайды деп күтіліп отыр», – дейді облыстық Кәсіп­керлік және индустриялық-ин­нова­циялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев.

Қытайлық VEGA Power ком­паниясының бас директоры Гэ Цзянь Ақжайықтағы жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын, алғашқы кезеңде 30 миллион АҚШ доллары көлемінде инвести­ция салынатынын айтқан еді. Жоба толық жүзеге асқанда 10-нан астам өнім түрі шығарылады деп күтіліп отыр. 

Нұржан Өтепбаевтың айтуын­ша, инвесторлар өңірде тіркеліп, салық түсімі жергілікті бюджетке бағытталуға тиіс. Жергілікті кадр­лар жұмысқа орналасты­рылады, болашақ мамандарды оқыту ин­вес­тор қаражаты есебінен жүргі­зіледі.

Батыс Қазақстан облысы жал­пы Қазақстан үшін ең маңызды стратегиялық көлік торабы болып саналады. Себебі біздің өңір арқы­лы республикалық маңызы бар алты автомобиль жолы өтеді. Олар БҚО-ны Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстырып қана қоймайды. Осы жолдар арқылы Ресейге шығады, оның ар жағында Еуропа елдеріне өтеді. 

«Ресей мен Қазақстан арасын­дағы сауда айналымы мен іскерлік байланыстар бұрыннан бар. Жыл­ына Ресейден Қазақстанға кіретін көлік құралдарының 40,4 пайызы, ал Қазақстаннан Ресейге тауар таситын жүк көліктерінің 63,5 пайы­зы Батыс Қазақстан арқылы өтеді. Облыстың транзиттік әлеуеті өте жоғары екенін үнемі айтып жүрміз. Бұл бізге өңірде тауар ай­на­лымын жақсартуға мол мүмкін­дік береді. Батыс Қазақстан облы­сы­ның сыртқы сауда айналымы 2024 жылы 8,0 млрд АҚШ доллар­ын құрады, бұл 2023 жылмен сал­ыс­тырғанда 2,1%-ға ұлғайып отыр. Ал экспорт құны 6,9 млрд АҚШ долларына жетті», – дейді Н.Өтепбаев.

2022-2024 жылдары аралығын­да БҚО-да 769 шетелдік компания тіркелген. Басқарма басшысының сөзінше, өңірде тіркелетін шетел­дік компанияларға қойылатын талап бар. Олар бірінші кезекте жергілікті мамандарды жұмыспен қамтуға міндетті, екіншіден, салық төлемдерін де сол тіркелген өңірге төлейді. Егер қандайда бір маман­дарды оқыту керек болса, оны да инвестор өз қаражатына жүзеге асырады.

Облыста жүзеге асып отырған Қарашығанақ жобасы жалпы еліміздегі ең ірі халықаралық жоба болып саналады. Қарашығанақ кен орнында өндірілетін газбен мұнай экспортқа кетеді. 

«Біз өз кезегімізде әкімшілік кедергілерді болдырмаудың амал­ын жасап жатырмыз. Инвесторлар цифрлық платформалар арқылы онлайн тікеле алады, лицензияны да онлайн ала алады. Егер қандай да бір кеңес керек болса инвест-штабта барлық сала мамандарынан тұратын штаб құрылды. Олар сол жерден өздеріне қажетті кеңесті тегін ала алады. Прокуратурамен бірлескен жол картасы бар. Олар заңды жағын қарап, қадағалап отырады», – дейді Кәсіпкерлік және индустриялық-инновация­лық даму басқармасының басшы­сы Нұржан Өтепбаев.

Инвестициялық жобалар – жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі көзі әрі халықты жұмыспен қамтудың жолы. Мемлекеттік ин­вестициялардың тиімділігін арт­тыру үшін жобаларды сапалы жос­парлау, оларды уақытылы жүзе­ге асыру маңызды. 

Батыс Қазақстан облысы – ин­вес­торлар үшін тиімді өңір. Аймақ­тың инвестициялық ахуалы да жыл­­дан жылға артып келеді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықты азай­тып, өңірдің экономикасына да пайда әкеледі деп күтілуде.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 06:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

29 Қараша 2025 20:57see111

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

29 Қараша 2025 23:22see111

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

29 Қараша 2025 21:18see110

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

29 Қараша 2025 12:09see107

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

29 Қараша 2025 15:14see107

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

29 Қараша 2025 14:55see105

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

29 Қараша 2025 23:22see105

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

30 Қараша 2025 18:05see104

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

30 Қараша 2025 03:20see103

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

30 Қараша 2025 18:48see103

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

29 Қараша 2025 19:14see103

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

29 Қараша 2025 13:09see102

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

29 Қараша 2025 14:39see102

Дәстүрлі әншілер сайысы

29 Қараша 2025 12:44see102

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

29 Қараша 2025 10:09see101

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

29 Қараша 2025 10:08see101

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

29 Қараша 2025 14:06see101

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

29 Қараша 2025 18:03see100

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

30 Қараша 2025 18:49see100

Алматыда БАКАД бойымен жүру құны қымбаттайды

29 Қараша 2025 13:54see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары