Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Испанияда климатқа бейімделген баспана тұрғызылады

Испанияда климатқа бейімделген баспана тұрғызылады

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Испания билігі жаңа жылдан бастап ұлттық деңгейдегі климаттық баспаналар желісін құруды қолға алмақ.

Жоба 2026 жылдың жазына дейін жүзеге асуға тиіс. Халықаралық қауымдастық Мадридтің бұл бастамасын Еуропа бойынша климатқа бейімделудің ең маңызды қадамы деп бағалаған. Бірақ реформаны уақытша амал, климаттық қатерлерді түбегейлі шешпейді деп, сынға алған саяси күштер де бар. 

2025 жылдың жаз айлары Испания тарихындағы ең қатты ыстық маусым ретінде есте қалды. Орташа ауа температурасы бұрынғы рекордты қайта жаңартып, әдеттегі нормадан +4,6 °C жоғары болды. Аптап ыстықтан 3832 адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артық. Биыл орман өрттерімен күрес те күрделі өтті. Ресми мәлімет бойынша Испанияда  жарты миллион гектарға жуық аумақ өртеніп кеткен. Бұл кейінгі 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осындай қиындықтарды есепке алған Испания билігі климаттық саясаттың жаңа кезеңін жариялап, келесі жылдың жаз маусымына дейін ұлттық деңгейдегі климаттық баспаналар желісін құрамыз деп жариялады.

Педро Санчес, Испанияның премьер-министрі:

- Бұл ең алдымен қарттарды, балаларды  және денсаулығы әлсіз азаматтарды қорғауға арналған. Үкімет аптап ыстыққа жиі ұшырайтын өңірлердің тиісті инфрақұрылымына қаржы құяды. Бұл саяси есеп емес, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нақты шешім. Енді парламенттің қолдауын күтеміз.

Климаттық баспана дегеніміз — табиғи апат немесе құбылмалы  ауа райы кезінде тұрғындарды уақытша қабылдайтын арнайы бейімделген қоғамдық кеңістік. Кітапхана, мәдениет үйлері, спорт кешендері, әкімшілік ғимараттар, мектептер мен әлеуметтік орталықтар климаттық баспана бола алады. Олар арнайы талаптарға сай қайта жабдықталып,  әлеуметтік қызметкерлердің бақылауына беріледі.  Бұған дейін де климаттық баспана жобасы Мадрид және Барселона қалаларында жүзеге асқан, енді келесі  жылдан бастап Испанияның барлық қауіпті аймақтарында қолданылады.

Хесус Комино, дәрігер:

- Маңыздысы — бұл баспаналар тек төтенше жағдайда ғана емес, аптап ыстық күндері тегін әрі қолжетімді. Яғни  үйінде салқындатқышы жоқ немесе ыстыққа шыдамсыз тұрғындар осында келіп жан сақтай алады. Мұндай инфрақұрылым болашақта Еуропаның оңтүстігінде жаппай ашылуы  мүмкін.

Морисоль Боргуэньо, Барселона қаласының тұрғыны:

- Испанияда тастан соғылған үйлер өте көп. Салқындатқыш көмектеспейді, оның үстіне күндіз-түні қосып қоя алмайсың, электр қуаты қымбат. Сондықтан мұндай жобаны ұлттың деңгейде жасау  өте орынды.

Франция, Италия, Германия және Канадада мұндай орындар бұрыннан бар. Сарапшылар климаттық баспаналарды жаһандық жылыну жағдайында адам өмірін қорғаудың жаңа әлеуметтік стандарты деп санайды. Алайда кейбір саяси партиялар Испания билігінің бұл бастамасын сынап жатыр. Олардың пікірінше, климаттық баспаналар аптап ыстықтан уақытша ғана қорғайды, ал қалалардағы қапырыққа бетон ғимараттардың көптігі, жасыл желектің аздығы және энергия тұтынудың артуы себеп. Оның үстіне жобаны қаржыландыру көлемі мен оны өңірлерге бөлу тәртібі әлі нақтыланбаған. 

Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 18:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары