Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Италияда туристерге ерсі әдеті үшін 260 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Италияда туристерге ерсі әдеті үшін 260 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Танымал курорттарда туристер жағажайдан жақсы орынды алдын ала иеленіп қалуға жиі тырысады: кешкісін қолшатыр, сүлгі немесе орындық қалдырып кетіп, таңертең қайта оралады. Италияда мұндай әдетпен күресуді ұйғарды. Енді қоғамдық жағажайда орынды осылай "брондағаны" үшін мүлкінен айырылып, 500 еуроға дейін айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Travel Express Daily басылымына сілтеме жасап.

Не нәрсеге тыйым салынған?

Италия билігі келесі күні жақсы орынға ие болу үшін тегін жағажайларға түнде заттарын тастап кететін туристерге қарсы шара қолдануды жөн көрді.

Орынды "брондаудың" мұндай тәсілі үшін 500 еуроға дейін (шамамен 268 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Қалдырылған қолшатырлар, орындықтар, шезлонгтар мен өзге де заттар жинап алынады. Тәркіленген мүлікті қайтару оңай емес: ол үшін бюрократиялық процедуралардан өту қажет болуы мүмкін.

Заттар жағажайлардан жиналып жатыр

Тексеру шаралары Италияның түрлі жағалау аймақтарында жүргізіліп жатыр.

Мәселен, Неаполь маңындағы Торре-дель-Грекодағы Лагетто жағажайында жағалау күзеті мен полиция қызметкерлері 40-қа жуық қолшатырды, орындық пен үстелді жинап алды. Liverpool Echo басылымының мәліметінше, кейбір заттар ол жерде екі күннен астам уақыт тұрған болуы мүмкін.

Шілде айында Кастеллабатада жүргізілген тексеріс кезінде 200-ге жуық қолшатыр, шезлонг, орындық пен басқа да бұйымдар тәркіленді. Соның нәтижесінде жағажайдың 3000 шаршы метрден астам аумағы қайтадан барлық демалушы үшін қолжетімді болды.

Осыған ұқсас тексерулер Сицилияда және Италияның басқа да жағалау аудандарында өтті. Кампомаринода 170-ке жуық қалдырылған зат жиналып, жағажайдың 10 000 шаршы метрден астам аумағы босатылды.

Жаңа ережелер не үшін енгізілді?

Саяхат жөніндегі сарапшы Грациано Гальярди Италиядағы тегін жағажайлар қоғамдық аумаққа жататынын түсіндірді. Сондықтан турист тек заттарын қалдыру арқылы учаскені алдын ала иелене алмайды.

"Туристер бұған қонақүйдегі шезлонгқа сүлгі тастап кетудің жағажайлық баламасы ретінде қарауы мүмкін. Айырмашылығы сол, Италияның тегін жағажайы - қоғамдық жер, сондықтан жабдықтарды түнге қалдыру жай ғана ұқыпсыздық емес, жерді рұқсатсыз иеленіп алу болып саналуы мүмкін", - деді ол.

Гальярдидің айтуынша, қолшатырды, орындықты немесе басқа заттарды түнге қалдырған адам іс жүзінде қоғамдық жағажайдың бір бөлігін иелеп, өзге демалушылардың бұл орынды пайдалануына кедергі келтіреді.

"Бұл айыппұлдар билікке қараусыз қалған сүлгілер ұнамағандықтан ғана енгізіліп отырған жоқ. Ережелер қоғамдық жағалау сызығына қолжетімділікті сақтау және адамдардың жағажайдың ең жақсы тұстарын бірнеше күн қатарынан заңсыз иемденуіне жол бермеу үшін жасалған", - деп атап өтті сарапшы.

Бұдан бөлек, қалдырылған заттар жағажайды тазалауға және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ қатты жел немесе ауа райы құбылған кезде қолшатырлар қауіп төндіруі ықтимал.

"Жабдықтар практикалық қиындықтар тудыруы да мүмкін. Құмда қалған орындықтар, үстелдер мен қолшатырлар жағажайды тазалауға, шұғыл қызметтердің өтуіне және таңғы қауіпсіздік тексерістерін жүргізуге кедергі келтіреді. Бекітілмеген қолшатыр түнде ауа райы бұзылса, қауіпті болуы мүмкін", - деді ол.

Сонымен қатар турист қысқа уақытқа жоқ болғаны үшін бірден айыппұл арқаламайды. Егер адам суға түсуге немесе су ішуге аз уақытқа кетсе, бұл заттарды таң атқанша қалдыру сияқты бұзушылық болып есептелмейді.

"Егер сіз жағажайда жүріп, теңізге сәл уақытқа кіріп кетсеңіз, бұл жағажайға орындық қалдырып, келесі таңға дейін қонақүйге қайтып кетумен бірдей емес", - деп ескертті сарапшы.

Туристер үшін ереже қарапайым: егер жағажайдан күні бойына кететін болсаңыз, барлық затыңызды өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Сонда, сарапшының айтуынша, ешқандай мәселе туындамайды.

Тағы оқыңыз: Кения туристер үшін жаңа ереже енгізеді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 12:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары