Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Канада АҚШ тан қауіптене бастады

Канада АҚШ тан қауіптене бастады

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Пентагонның Венесуэла басшысының қолына кісен салып, өз жерінен алып кетуі канадалықтарды алаңдатып қойды. АҚШ-тың іргесінде жатқан халықтың көкейінде «Гренландиядан кейін, келесі Канада болмай ма?» деген күдік пайда болды. 

Оттава президент Трамптың «Канада АҚШ-тың 51-штаты болуға қатысты сөзі дақпырт емес екеніне көз жеткізе бастаған тәрізді. Ендігі мәселе – Құрама Штаттар расымен өз төңірегін жаулауды жалғастыра ма, әлде бұл тек сес көрсету ме? Сарапшылар не дейді? 

Қазірге дейін президент Трамп кімге шүйлікпеді. Даниядан бөлек, назары Мексика, Куба және Колумбияға ауған еді. Ал АҚШ-тың Канадаға қатысты ұстанымы қандай? 

Канада Венесуэла мен Гренландиядан кейін Президент Трамптың келесі нысанына айналмаймыз ба деп қауіптене бастады. Сондықтан Оттава бес қаруын сайлауға білек сыбана кірісті. Әскерилердің жалақысын көбейтіп, жойғыш ұшақтары мен сүңгуір қайықтарын жаңартпақ. Бұл мақсатқа ондаған млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр. Сөйтіп әскери бюджетін ЖІӨ-нің 2 пайызына дейін жеткізбек. Алайда сарапшылар: «Бұл шаралар қорғаныс мәселесін әп-сәтте шешпейді», - дейді. Өйткені Канада жер көлемі бойынша әлемде екінші орында тұр. Ал әскер қатарындағы сарбаздары саны 100 мыңға да жетпейді. 

Уэсли Уорк, Канада Үкіметінің қауіпсіздік пен шекара мәселелері бойынша сарапшысы:

- АҚШ-тың Канадаға қыр көрсетіп отырғаны айдан анық. Алайда Оттавадағы көп шенеунік бұған әлі сенгісі келмейді. Құрама Штаттардың Венесуэла мен Гренландияға қатысты кейінгі шешімдері Канада үшін соңғы ескерту іспепті. 

Вашингтон Оттаваны экономикалық қыспаққа алып, әлсіретуі мүмкін. Өйткені биыл екі ел арасындағы еркін сауда жөніндегі келісім қайта қаралуға тиіс. Блумберг басылымының дерегі бойынша, қазір Канада экспортының 70 пайызы АҚШ нарығына бағытталған. Бұл тауарлардың 85 пайызы баж салығынан босатылған. Бір есептен келісімнің бұзылуы солтүстік америкалық елдің экономикасының өсу қарқынын тежейді.

Филипп Лагассе, Карлтон университетінің доценті:

- Канада экономикалық қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кішірейе берсе, егемендігін жоғалту қаупі де соншалықты арта түседі. Өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылса, Канада қағаз жүзінде ғана тәуелсіз ел болып қалады.

Осы ретте Канада Қытай секілді елдермен алыс-берісті күшейтуды көздеп отыр. Сәуірде премьер-министрі Марк Карни Бейжіңге мемлекеттік сапармен барады.  2018 жылы Канада Huawei Technologies компаниясының жетекшісін қамауға алғаннан кейін Қытаймен арасы суып кеткен болатын. Алайда Құрама Штаттармен кикілжіңнен соң Оттаваға Бейжіңмен қарым-қатынасын қалпына келтіруден басқа амалы қалмаған сыңайлы. Өйткені Қытай – Канаданың АҚШ-тан кейінгі екінші сауда серіктесі саналады. Екі ел арасындағы сауда-саттық -  86 млрд доллар. Премьер-министр Карни алдағы уақытта бұл нарықты екі есе ұлғайтуға ниетті. «Бұл бетбұрыс АҚШ-қа экономикалық тәуелділіктен арылтуға сеп болады», - дейді Канада үкімет басшысы.  

Венесуэла мұнайының әлемдік нарыққа шығуы Канаданың саудасын жүргізбей қойды. Оның энергетикалық шикізаты америкалық WTI маркалы мұнайдан барреліне 8 доллар 50  центке арзан сатылған. Бұрын баға айырмасы әрі кетсе 6 доллар болатын. 

Канада – әлемдегі күкірт мөлшері жоғары, ауыр қара алтынның ең ірі өндірушісі саналады. Құрамы Венесуэланікімен бірдей. Кейінгі жылдары оңтүстік америкалық елде өндірістің тоқырауға ұшырауы Оттава үшін тиімді болатын. Енді Венесуэла мұнайы әлемдік нарыққа қайта шығып, бәсеке күшейді. Канаданың қор нарығында дүрбелең туды. Елдегі мұнай компанияларының құнды қағаздары үш жарым пайызға дейін құлдырады. Айта кетейік, Венесуэла мұнайын АҚШ саудалайды. Одан түскен қаржыны Каракас Америка өнімдерін сатып алуға жұмсайды.

Канада мен АҚШ көрші ғана емес, НАТО аясында одақтас елдер. Алайда Дания да альянстың бір мүшесі. Десе де бұл президент Трампқа өзге елге тиесілі, яғни Гренландияға көз салуына кедергі емес. Ақ үй басшысы аралды сатып алуға ниетті. Оның айтуына қарағанда, Гренландия да АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Өйткені аралдың айналасы Ресей мен Қытайдың әскери кемелеріне толы. Сондықтан Дания билігіне ойлануға 20 күн уақыт берді. Келісе алмаса, әскери күш қолдануға даяр тұр. Яғни солтүстік атлантикалық ұйымның қатарында болу Канада үшін қауіпсіздікке кепіл бола алмайтыны анық. Ал Дания билігі Құрама Штаттар Гренландияны тізеге салып, қарудың күшімен бағындырса, НАТО сол  сәтте-ақ күйрейді деп отыр. Корольдіктің премьер-министрі Метте Фредериксен шекараны әскери күш қолдану арқылы өзгерту – халықаралық құқық принциптеріне қайшы деп мәлімдеді.

Президент Трамп былтыр Ақ үйге орала сала, Канада АҚШ-тың 51-штатына айналуы керек дегенді айтты. Тіпті тарифтерді жойып, қорғаймыз деп уәдені үйіп-төккені де бар. «Бұл – Америка басшысы серіктестікке емес, үстемдік етуге ұмтылып отырғанын көрсетсе керек», - дейді сарапшылар. Алайда Канада халқы Құрама Штаттардың 51 штаты болуға үзілді-кесілді қарсы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары