Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Өскелең ұрпаққа өнеге

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

Германия, Канада және АҚШ халықаралық хакерлер желісін жойды

Германия, Канада және АҚШ халықаралық хакерлер желісін жойды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Халықаралық операция нәтижесінде әлемдегі ең ірі екі бот желісі толықтай істен шығарылды.

Операцияның аяқталғаны туралы билік жұма күні хабарлады. Оған Германия, АҚШ және Канада елдерінің киберқылмысқа қарсы күрес мамандары қатысты. Бірлескен әрекеттердің арқасында тергеу деректері бойынша интернеттегі ірі шабуылдар сериясына қатысы бар Aisuru және Kimwolf желілерінің қызметі тоқтатылды.

Неміс полициясы, прокуратура және киберқылмысқа қарсы бөлімшелер өкілдері бұл желілер ауқымы мен шабуыл жасау мүмкіндігіне байланысты ІТ-инфрақұрылымға «елеулі қауіп төндіргенін» мәлімдеді.

Ботнет дегеніміз — зиянды бағдарламамен жұқтырылған компьютерлер немесе басқа да қосылған құрылғылардан құралған және оператор тарапынан жасырын басқарылатын желі.

Мұндай желілер кибершабуыл жасау, деректерді ұрлау, бопсалау және өзге де қылмыстық әрекеттер үшін қолданылады. Көп жағдайда құрылғы иелері өз техникаларының қылмыстық инфрақұрылымның бір бөлігіне айналғанын білмейді.

Тергеу мәліметінше, Aisuru ботнеті бірнеше миллион бұзылған құрылғыны қамтыған — үйдегі маршрутизаторлардан бастап веб-камераларға дейін. Ал Aisuru-мен байланысты Kimwolf желісі негізінен вирус жұққан Android TV құрылғыларынан тұрған. Екі желінің де ауқымы миллиондаған құрылғыға жетіп, оларды әлемдегі ең қуатты кибершабуыл құралдарының біріне айналдырған.

Тергеу барысында ботнеттердің «қызмет көрсетуден бас тарту» (DDoS) түріндегі таратылған шабуыл жасау үшін пайдаланылғаны анықталды. Мұндай шабуыл кезінде қаскөйлер белгілі бір нысанға орасан көп трафик жіберіп, оны шамадан тыс жүктеп, істен шығарады. Операцияға қатысқан АҚШ Әділет министрлігі Aisuru мен Kimwolf «рекордтық шабуыл» жасағанын, соның салдарынан әлем бойынша түрлі сервистер мен компаниялардың жұмысы бұзылғанын мәлімдеді.

Вирус қонған құрылғылар іс жүзінде қылмыскерлердің құралына айналған: ботнет операторлары оларға қолжетімділікті басқа киберқылмыскерлерге сатып отырған. Бұл тапсырыспен шабуыл ұйымдастыруға және нақты орындаушыларды жасыруға мүмкіндік берген.

АҚШ билігінің деректеріне сәйкес, зардап шеккендер жиі бопсалауға ұшыраған. Кей жағдайларда келтірілген шығын ондаған мың долларға жеткен.

Германия мен Канада құқық қорғау органдары ботнеттерді басқарған екі күдіктіні анықтаған.

Олардың аты-жөні жария етілмегенімен, билік оларға қатаң заңдық жауапкершілік қарастырылатынын мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр, әрі бұл желілерді басқаруға басқа да тұлғалардың қатысы болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.

Сарапшылардың пікірінше, Aisuru мен Kimwolf-тың жойылуы соңғы жылдардағы киберқылмысқа қарсы күрестегі халықаралық қауымдастықтың ең ірі жетістіктерінің бірі болды. Бұл желілердің ауқымы мен маңызды инфрақұрылымдарға зиян келтіру мүмкіндігі мемлекеттер, бизнес және жеке пайдаланушылар үшін үлкен қауіп төндірген.

Аталған операция киберқылмыспен күресте шекараға бағынбайтын қауіптерге қарсы халықаралық ынтымақтастықтың шешуші рөл атқаратынын тағы бір рет көрсетті. 

Айта кетелік хакерлер Instagram-ның 17,5 миллион қолданушысының деректерін ұрлаған еді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 08:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see127

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see120

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Өскелең ұрпаққа өнеге

22 Қыркүйек 2026 03:29see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары