Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Жоғары білімнің жасырын құны: Студент шәкіртақысын қайда жұмсайды?

Жоғары білімнің жасырын құны: Студент шәкіртақысын қайда жұмсайды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жатақхана бұйырмаса ше?

Жыл сайын елімізде 50 мыңнан аса абитуриент арман қуып, мегаполистерге аяқ басады. Алайда бұл қалалардағы өмір сүру динамикасына бәрінің ілесе күн көруі екіталай. Көпшілігі қаржылық қиындықтарға тап болатыны жасырын емес. Осы орайда Астана мен Алматыдағы бағаны бақылап, студенттерге қай шаһар тиімді екенін саралап көрдік.

Кейінгі екі жылдың бедерінде пәтер жалдау құны Алматыда орта есеппен 23%-ға, елордада 18%-ға шарықтаған. Қазір Krisha.kz және OLX платформаларында Алматыдағы бір бөлмелі пәтерді жалдау құны 180-300 мың теңгенің айналасында, ал Астанада 150-250 мың теңге аралығында құбылып тұр. Мұндай жағдайда студенттер үшін ең қолжетімді нұсқа – жатақхана. Студенттер үйінің айлық ақысы 15-40 мың теңге шамасында.

«Астанада жатақхана бұйырмаса, оқуды жалғастыру екіталай болар еді. Коммуналдық төлемді қоса есептегенде, пәтер ақысы біз алатын айлық шәкіртақыдан әлдеқайда асып түседі», дейді Astana IT University-дің 2-курс студенті Әлия.

Кофе мен такси тағы бар...

Әлбетте, баспана мәселесі – шығынның жарты бөлігі ғана. Одан басқа тамақ, қоғамдық көлік, телефон операторы ақысы да өмір сүру базасы. Айтпасқа болмас, студенттік шақтың қызығы мен шыжығы – ойын-сауық кештері де бар. Әрине, бұл әр жастың қызығушылығы мен мінез-құлық ерекшелігіне, қала мәдениетіне қарай бейімделеді.

Мәселен, Алматыда кофехана жастардың ең жиі бас қосатын ортасы. Бұған студенттер айына орта есеппен 6-10 мың теңге көлемінде (егер тек 5-8 шыны кофе ішсе) жаратады. Достарымен кездесуге басқа да орындарға барады. Ал Астанада бұл шығынның орнын қыстыгүнгі такси басады. Арқаның сақылдаған сары аязында термометр бағамы  -30°C-тан асқан кезде автобус күтіп тоңбас үшін студенттердің амалсыз такси қызметіне жүгінетіні заңдылық.

Студент шәкіртақысын қайда жұмсайды? (жатақханада тұратындардың орташа бюджеті)

Сараласақ, жатақхана ақысын қосқандағы жалпы шығын: Астанада 120-200 мың теңге көлемінде болса, Алматыда 150-250 мың теңгеге жетеді. Демек шәкіртақы студенттің негізгі қажеттілігін толық жабуға жетпейді. Көпшілігі ата-ананың көмегіне не қосымша табысқа тәуелді.

«Алматыда тек пәтер жалдау ғана емес, күнделікті өмір сүрудің өзі айтарлықтай қымбатқа түседі»,  деп ағынан жарылды ҚазҰУ-дың 3-курс студенті Әли.

Алматы – қымбат қала

Экономистердің пайымдауынша, Алматыдағы қымбатшылық тек абсолютті баға деңгейімен өлшенбейді. Мұндағы мейрамхана, кофехана мен ойын-сауық орындарының көптігі, сондай-ақ «lifestyle» брендтерінің белсенділігі студент шығынын байқатпай арттырады. Ал Астанада негізгі қаржы үш арнаға кетеді: тұрғын үй, ауа райының қолайсыздығынан туындайтын шығындар мен енді ғана қалыптасып келе жатқан инфрақұрылым.

Дегенмен, қос шаһарға да ортақ бас ауыртатын дүние бар – ол жыл санап өсіп жатқан баспана бағасы мен жатақханадағы орын тапшылығы. Статистикаға сүйенсек, кейінгі үш жыл ішінде студенттік үй-жайдағы орын саны небәрі 12%-ға өскен. Ал дәл осы аралықта жоғары оқу орындарына түскен студент қатары 31%-ға артқан. Бұл сәйкессіздік мәселенің қаншалықты ушығып тұрғанын аңғартады.

Сарапшылардың пікірінше, студенттік инфрақұрылымды дамыту мәселесі қазіргі жоғары білім реформасының ең өзекті әрі кезек күттірмейтін тақырыбына айналуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, сапалы білімге ұмтылған талай жастың арманы қаражаттың құрсауында қала бермек.

ТҮЙІН. Бүгінде Алматы немесе Астананы таңдау – жай ғана қала таңдау емес, алдағы төрт жылғы бюджетіңді жоспарлау, қаржылық мүмкіндік пен шектеулерге байыппен қарау деген сөз. Әрине, мамандықтың беделі мен үлкен қала беретін мүмкіндіктер өте маңызды. Бірақ жатақханадан орын ала алмай қалу немесе қымбат пәтерді жалдауға шаманың келмеуі – жастардың жоғары білімді толық аяқтамай тастап кетуіне басты себептің бірі болып отыр.

Қарақат АЛМАНАТҚЫЗЫ,

AITU Цифрлық журналистика факультетінің

2-курс студенті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 17:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары