Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Көкке көз тіккен күн

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Пайымы биік преамбула

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Телеаудитория талғамы жаңарды

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Кәсіби судья сот төрелігіне деген сенімнің негізі

Кәсіби судья сот төрелігіне деген сенімнің негізі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан Республикасы су­дья­ларының IX съезінде 2024 жылғы 4 қазанда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділ сот мемле­кеттің берік тірегі екенін, ал сот жүйесі беделді әрі бейтарап болуға тиіс екенін атап өтті. Президент тәуелсіз әрі кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру ісіндегі Жоғары Сот Кеңесінің айрықша рөлін атап өтіп, сот кадрларын іріктеуге және олардың біліктілігін арттыруға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына назар аударды.

Аталған басымдықтар Кеңес қызметінің стратегиялық бағдар­ларын айқындайды. Оларды іске асыру судьялар корпусын даярлау мен кәсіби дамытудың заманауи жүйесінсіз мүмкін емес.

Бүгінде біліктілікті арттыру судьяның кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуының ажырамас бөлігі ре­тінде қарастырылады. Оның мақсаты – үнемі өзгеріп отыратын заңнама мен сот практикасы жағдайында білімді уақытылы жаңартып отыру, практикалық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ заңды, уәжді және әділ сот ше­шімдерін қабылдау үшін қажетті кәсіби әрі әдептік құзыреттерді дамыту. Мұндай жүйе заңнаманың біркелкі қолданылуына, сот би­лігінің тәуелсіздігін нығайтуға және қоғамның сотқа деген сені­мін арттыруға ықпал етеді.

Дәл осы себепті Жоғары Сот Кеңесі қызметінің негізгі бағы­тының бірі ретінде судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің бі­лік­тілігін арттыруды қоса алғанда, сот білімінің заманауи жүйесін дамыту айқындалды.

Осы жұмыстың маңызды кезеңінің бірі – 2024 жылы Сот төрелігі академиясының Кеңес қарамағына берілуі болды. Бұл шешім судья кадрларын даярлау және олардың кәсіби дамуын қам­тамасыз ету бағытындағы жұ­мысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

Осы жұмыстың заңды жалғасы ретінде 2025-2027 жылдарға ар­нал­ған Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

Бұл құжат білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының шең­берінен әлдеқайда ауқымды мәнге ие. Ол Жоғары Сот Кеңесінің кадр саясатын іске асырудың жаңа тәсілдерін айқындайды. Алғаш рет сот білімі судьяның кәсіби қалып­тасуының барлық кезеңдерін – кадр резервін қалыптастырудан бастап, қызметтегі судьялар мен сот төрағаларының құзыреттерін үздіксіз жетілдіруге дейін қамти­тын біртұтас әрі үздіксіз кәсіби сү­йемелдеу жүйесі ретінде қарас­тырылды.

Тұжырымдама сот білімі сала­сындағы кейінгі барлық жаңғырту жұмыстарын өзара сабақтас жү­йеге біріктірді. Судьялардың бі­лік­тілігін арттырудың дара­лан­дырылған бағдарламалары, ре­фе­рендиат институты, сот төра­ғаларын қайта даярлау және қо­сымша білім беру жүйесін дамыту – барлығы қазіргі заманғы судья­лар корпусын қалыптас­тыруға бағытталған бірыңғай стратегия­ның өзара байланысты құрамдас бөліктеріне айналды.

Халықаралық тәжірибе мұндай тәсілдің тиімділігін дәлелдеп отыр. Францияда Ұлттық магис­тратура мектебі судьяның бүкіл кәсіби қызметі барысында оның кәсіби дамуын қамтамасыз етіп, заңнама мен сот практикасының өзгерістеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын тұрақты түрде жаңартып отырады. Нидерландта оқыту жүйесі судьялардың маман­дануы мен кәсіби қажеттіліктерін ескеретін жеке білім беру траек­ториялары негізінде ұйымдас­тырылған. Ал Сингапур Сот кол­леджі үздіксіз білім алуды судья кәсібінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, құқық мәсе­лелерімен қатар сот әдебі, көш­басшылық, сот әкімшілігі және заманауи технологияларды қол­дану бағыттарына ерекше көңіл бөледі.

Осыған ұқсас тәсілдер сот­тарды басқару саласындағы халықаралық институттардың ұсынымдарында да көрініс тапқан. Олар үздіксіз оқытуды сот төре­лігінің сапасын қамтамасыз ететін маңызды кепілдіктердің бірі ретінде бағалайды. Қазақстан бұл қағидаттарды ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктеріне бейімдей отырып, кезең-кезеңімен енгізіп келеді.

Қазіргі сот төрелігі судьяға осы­дан он жыл бұрынғыға қара­ғанда әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Заңнама үнемі жаңар­тылып, жаңа құқықтық инсти­туттар қалыптасуда, цифрлық технологиялар мен жасанды ин­теллектіні қолдану аясы кеңеюде, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарының ықпалы артып келеді. Сонымен қатар қоғам сот шешімдерінің жоғары сапасын, сот практика­сының біркелкілігін, сот акті­лерінің нанымды уәжделуін және сот жүйесінің ашықтығын күтеді.

Осындай жағдайда судьяның кәсібилігі үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Сондықтан Жоғары Сот Кеңесі сот білімін біліктілікті кезең-кезеңімен арттыру құралы ретінде емес, судьяны бүкіл кәсіби қызметі барысында сүйемелдейтін жүйелі кәсіби даму тетігі ретінде қарастырады.

Бұл модельді іс жүзінде іске асыру қосымша кәсіптік білім беру жүйесін реформалаудан басталды.

Алғашқы шешімдердің бірі ретінде біліктілікті арттырудың дараландырылған бағдарламалары енгізілді. 2025 жылы Сот төрелігі академиясында алғаш рет судья­лардың біліктілігін арттырудың дәстүрлі «жалпыланған» бағдар­ламаларынан дараландырылған оқыту бағдарламаларына кезең-кезеңімен көшу басталды. Жаңа тәсіл оқу бағдарламаларын судья­лардың нақты тақырыптар бо­йынша білім қажеттіліктеріне қарай қалыптастыруды, сондай-ақ тиісті саладағы жоғары білікті дәріс берушілерді тартуды көз­дейді.

Бұл міндетті іске асыру әрбір судьяның біліміндегі жеке олқылықтардың орнын толық­тыруға бағытталған оқыту жүйесін қалыптастыруға және соның нә­ти­жесінде біліктілікті арттыру курс­тарын ұйымдастырудың сапа­лық тұрғыдан жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да судьяларды оқытуды одан әрі дараландыру бағыты сақталатын болады.

Тағы бір маңызды бағыт – 2025 жылы аудандық және оған теңес­тірілген соттардың төраға­ларын қайта даярлау бағдар­ламаларының жаңа форматта қайта іске қосылуы болды.

Қазіргі заманғы сот төрағасы – тәжірибелі судья ғана емес, со­ны­мен қатар сот қызметін ұйым­дастыруға, ұжым жұмысы­ның тиімділігіне және кәсіби ортаны қалыптастыруға жауапты басшы. Әлемдік тәжірибе сот жүйесінің табысты жұмыс істеуі көбіне сот менеджментінің сапа­сына байла­нысты екенін көрсе­теді. Сондық­тан сот бас­шыларын даярлау бағдарлама­ларына стра­тегия­лық басқару, көшбасшылық, өзгеріс­терді басқару, тиімді ком­му­ни­кация және цифрлық транс­фор­­мация мәселелері енгізіледі.

Бұл тәсілдер алғаш рет Сот төрелігі академиясында да іске асырылды. Қайта даярлаудың жаңа бағдарламалары сот төра­ғаларының басқарушылық құзы­реттерін дамытуға бағыт­талған. Бұл оларға сот ұжымдары­ның жұмысын тиімді ұйымдас­тыруға және судьялардың өз­де­рі­нің басты міндеті – әділ сот төрелігін жүзеге асыруға толық­қанды ден қоюына қолайлы жағ­дай жасауға мүмкіндік береді.

2025 жылы Сот төрелігі ака­демиясында алғаш рет референ­диат институты іске қосылды. Бұл – сот жүйесінің кадр резервін қалыптастыруға бағытталған, су­дьялыққа әлеуетті кандидат­тарды даярлаудың жаңа бағдар­ламасы. Референдиат курстары үміткер­лерді судья лауазымына орналасуға арналған біліктілік емтиханына жан-жақты дайын­дауға бағыт­талған.

Бағдарлама құқықтың негізгі салаларын және сот ісін жүргізудің барлық басты түрлерін қамтиды: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу. Оқу барысында тыңдаушылар өзекті сот прак­тикасын зерделейді, нақты құқық­тық жағдаяттарды талдайды және құқықтық талдау жасау дағ­дыларын жетілдіреді.

Бағдарламаның айрықша ерекшелігі – оқу үдерісіне Жо­ғарғы Сот пен жергілікті соттар­дың судьяларының, Жоғары Сот Кеңесі мүшелерінің, Сот тө­ре­лігі академиясының профес­сорлық-оқытушылық құрамының, жетек­ші ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлердің тартылуы. Мұндай оқыту форматы кәсіби тәжіри­бенің сабақтастығын қамтамасыз етіп, болашақ судьялыққа канди­даттарға сот қызметінің озық стандарттарын тікелей меңгеруге мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру жүйесін заң қоғамдастығының өкілдері үшін кеңейту де маңызды ба­ғыттың біріне айналды.

Жоғары Сот Кеңесі сот төрелігінің сапасы көп жағдайда сот процесіне қатысушылардың барлығының жалпы кәсіби мә­дениетінің деңгейіне байланысты деген ұстанымды басшылыққа алады. Осыған байланысты Сот төрелігі академиясы адвокаттарға, нотариустарға, заң консуль­тант­тарына, корпоративтік заңгерлерге және заң қоғамдастығының өзге де өкілдеріне арналған білім беру бағдарламаларының аясын едәуір кеңейтті. Мұндай формат кәсіби диалогтың дамуына және заң­наманың біркелкі қолданылуына ықпал етеді.

Сот төрелігі академиясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар сот білімін дамытудың бірыңғай стратегиясының өзара сабақтас элементтері болып табы­лады. Конституция мен заңдарда өзіне жүктелген кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді орындай отырып, Жоғары Сот Кеңесі сот жүйесінің мемлекеттік кадр саясатының аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде сот білімін дамы­тудың стратегия­лық бағыттарын айқындайды.

Жүргізіліп жатқан барлық жаңғырту жұмыстарының түпкі мақсаты – азаматтардың құқық­тары мен заңды мүдделерін қорғау. Сондықтан судьялардың кәсіби дамуына салынған инвестиция – бұл сот төрелігінің сапасына, қоғамның сот билігіне деген сеніміне және заң үстемдігінің нығаюына салынған инвестиция. Сотқа деген сенім құқықтық мем­лекеттің кемелденуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып қала береді және Әділетті Қазақстанды одан әрі құрудың негізгі ал­ғы­шартының бірі болып табылады.

Дмитрий МАЛАХОВ, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 06:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see125

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see121

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see120

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see120

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see119

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see118

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see117

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see117

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see117

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see117

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see116

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see115

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see115

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see115

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see114

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see114

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see113

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see113

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see112

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

18 Тамыз 2026 13:12see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары