Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кейінгі жылдары елімізде әкімшілік сот төрелігін енгізу, конституциялық бақылау институтын күшейту, сот өндірісін цифрландыру сынды бірқатар маңызды реформа жүзеге асырылды. Оның ішінде әкімшілік әділет институтының орны – бөлек. Бұл институт мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста жеке және заңды тұлғаларды сот арқылы қорғауда үлкен бетбұрыс жасап, азаматтардың конституциялық құқықтарын жоғары деңгейде қамтамасыз етті.

Осы ретте әкімшілік әділетті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының басты белгілерінің бірі ретінде бағалауға болады. Аталған институт Мем­лекет басшысының бастамасымен 2021 жылы қолданысқа енді. Яғни Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) қабылданып, соның аясында мамандандырылған әкімшілік соттар жұмысын бастады. Бес жылға жуық уақыт ішінде әкімшілік әділет өзінің тиімді, әділ әрі қолжетімді жүйе екенін дәлелдеді.

Әкімшілік істерді қарау өте күрделі үдеріс десек те, сот ісін жүргізудің осы үлгісі өз нәти­жесін берді. Жария-құқықтық даулардағы барлық күмән-қай­шылықтың жеке және заңды тұл­ғалардың пайдасына шешілуі мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы үстемдігін жо­йып, сотта тараптарды толықтай теңестіреді. Ең қолайлысы – әкімшілік істерде соттар шешім шығарумен шектелмейді, оның орындалуын қадағалайды.

Шешім шығаруда азаматтар­дың пайдасына басымдық беріліп, заңдағы түсініксіз жағдайларда олардың мүддесін көздеу әкім­шілік әділет институтының басты ерекшелігі саналады. Сонымен қатар соттың белсенді рөлі, яғни тек дауды шешіп қана қоймай, қажетті дәлелдерді жинауға бел­сен­ді қатысуы өз кезегінде қо­ғам­­ның үшінші билікке деген сенімін нығайтады. Бұдан әрі нақ­тыласақ, сот өз бастамасы не­гізінде дәлелдемелер жи­нап, даудың мән-жайын зерт­тейді әрі талап арыздағы ресми қателіктерді түзетуге көмектеседі. Бұл ретте дәлелдеу ауыртпалығы мемлекеттік орган­дарға жүктеледі.

Ресми мәліметтер әкімшілік соттар жұмыс істеген алғашқы алты айда 4 161 іске шешім шы­ғар­ғанын, соның ішінде 822 әкім­шілік акт заңсыз деп танылып, күшін жойғанын растайды. Бұ­лардың арасында ең көп ша­ғым әкімдіктер мен әділет және салық органдарының актілеріне қатыс­ты. Сондай-ақ бірқатар лауа­зым­ды тұлғаға ақшалай өндіріп алу түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылған. Нақты дерекке жүгінсек, 2021 жылдың ІІ жарты жылдығы мен 2024 жылдың маусымы арасында әкімшілік соттарға 87,5 мыңға жуық талап қою түссе, соның 59 пайызы қанағаттандырылған. Ал былтырғы I жартыжылдықта әкімшілік әді­лет саласында талап қоюлар 7,3 пайыз­­ға көбейген. Азаматтар мен бизнестің пайдасына қабылданған шешімдердің 57,8 пайызы, орта­лық мемлекеттік органдарға қойылған талап қоюлардың 49 пайы­зы қанағаттандырылып, жер­гі­лікті атқарушы органдарға қатыс­ты көрсеткіш 66 пайызға жеткен.

Бұл – қоғамда жылдар бойы қалыптасқан «мемлекеттік органдар барлық уақытта жеңеді» дейтін қасаң көзқарасты жо­йып қана қойған жоқ, сонымен қа­тар әкімшілік органдар қыз­меткерлері мен өзге де лауазымды тұлғалардың қызмет тәр­тібін қатаң сақтауына түрткі болды. Өйт­кені бұ­рын мемлекеттік орган­дар­дың мықты ресурсы мен пәрме­нінен қаймыққан жеке және заңды тұл­ғалар өз құқықтарын сот ар­қылы қорғауға мүдделілік таныта бермейтін. ӘРПК халық­ты серпілтіп, нәтижесінде сотқа жү­гінетіндер саны артты. Мемлекеттік органдардың жұмысын бағалауда әкімшілік соттардың шешімдері назарға алынса, қызмет сапасы одан әрі артары анық.

Заңның өзгеруі – уақыт талабы. Соған сәйкес, ӘРПК жаңар­­тылды. Мысалы, Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне әкімшілік әді­лет, норма шығару және заң көме­гін ұйымдастыру мәселе­лері­­не енгізілген түзетулер мен толық­тырулар әкімшілік рәсім­дердің ашықтығын одан әрі арттыру мен іс жүргізу кепілдіктерін күшей­туді көздейді. Жаңа нормада әкім­шілік рәсім қатысушыларын өз ұстанымдарын әкімшілік орган не лауазымды адам шешім қабылдамай тұрып білдіру құқы­ғына ие. Сондай-ақ тыңдау жазбаша әрі ауызша түрде өткізіледі.

Тағы бір тиімді тұсы – әкім­шілік рәсім қатысушылары әкім­шілік іс материалдарымен іс қара­лу барысында да, одан кейін де та­ныса алады. Бұл норма адамның өз құқығын алдын ала әрі тиімді қорғауына мүмкіндік береді. Әкімшілік әділет саласын кеңейтуге оң әсер ететін жаңашылдықтың бірі – әкімшілік шешімдерге шағымдану тәртібіне қатысты өзгеріс. Нақтыласақ, әкiмшiлiк орган, лауазымды адам ӘРПК-да көрсетілген уақытта әкiмшiлiк актiнi қабылдамаса немесе соған әрекет жасамаса, онда осы мерзім өткен күн­нен бастап олар әкімшілік актіні қа­былдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Әкiмшiлiк органға құқықтарды қорғау тәртiбiн әкiмшiлiк актiнi қабылдау сатысында түсiндiру мiндетi жүктелді. 80-бап та өзгерді. Мысалы, ел заңдарына қайшы келмеген жағдайда ша­ғымдарды қарау және оны беру мерзіміне, әкімшілік актісіне шағымдану тәртібіне уәкілеттік берілді. Мұндай норма жеке немесе заңды тұлғаның тиісті түрде ақпарат ала алмау салдарынан өз құқықтарын жедел әрі тиімді қорғау мүмкіндігінен айырылып қалуына жол бермейді. Кодексте көзделген төлемді кейінге қалдыру, айыппұлды азайту не бөліп төлеу тетіктері істің нақты мән-жайын ескеріп, азаматтарға қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Бұған қоса кодекс 26-1-тараумен толықтырылды. Оған сәйкес дәлелдеу жүктемесінің ережелері нақтыланды. Мәселен, заңға тәуел­ді актілерге дауласу жағдайы туған­да оның заңдылығын дәлелдеу мін­де­тін актіні қабылдаған орган көте­реді. Осы ереже жеке және заң­ды тұлғалардың құқықтары мен заң­ды мүдделерін қорғауда белсенді рөл атқаратын әкімшілік сот төрелігінің қағидатымен үндеседі.

Жаңа тарау заңдылығына толығырақ тоқталып өтсек, 167-1-бап­та азамат немесе заңды тұл­ға заңға тәуелді норматив­тік құ­­қықтық актінің, оның ереже­лерінің заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгі­не алады. Егер заңға тәуелді норма­тивтік құқықтық актіні заң­сыз қабыл­даған құзырлы органдар мен лауазымды тұлғалар оны жоюға қандай да бір шара көрмеген жағдайда сотқа талапты прокурор қояды. Яғни заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің, оның ережелерінің заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен жүгінеді.

167-2-баппен айқындалғандай, заңға тәуелді нормативтік құқық­тық актінің, оның ережелерінің заңдылығына дау айту туралы әкімшілік істі сот бір ай ішінде қарайды. Сотқа жүгінушінің өз талабынан бас тартуы әкімшілік істі қарамауға негіз болмайды. Заңға тәуелді нормативтік құқық­тық актіні қабылдаған уәкілетті органның, лауазымды адамның талапты тануы да сот үшін мін­дет­ті емес. Соттың шешімі және оны орындау 167-3-баппен белгі­ленген. Сотта талап қоюдың негіз­сіздігі танылған жағдайда оны қанағаттандыру­дан бас тарту туралы шешім шығарылады.

Мемлекет басшысы әрдайым Үкімет пен заң шығарушы және әкімшілік органдарға, олардың лауазымды қызметкерлеріне «еститін мемлекетке» айналу қажеттігін ескертеді. Бүгінде ел Президентінің тапсырмасы нәтижесіз емес. Оған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің халықтық сипатқа ие болғаны дәлел. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын түсіндіру жұмыстары әкімшілік органның қызметін заң шеңберін­де атқарылуына, әкімшілік рәсім талаптарының сақталуына, сон­дай-ақ мемлекеттік органдармен қабыл­данған әкімшілік актілердің сапасына өзінің тиімді әсерін беріп жатыр.

Жалпы алғанда әкімшілік сот төрелігі мемлекеттегі құқықтық институттардың тұрақты және тең­герімді дамуының әрі заң үстем­дігінің кепілі саналады. Сондық­тан оның болашағы азаматтардың құқықтарын мемлекеттік орган­дардың озбыр әрекеттерінен қорғауды күшейтуімен, сот бақы­лауының аясын кеңейтуімен, процестерді цифрландырумен тіке­лей байланысты.

Мұрат ТУҒАНБАЕВ,

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары