Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Алтынның бәсі артып келеді

Алтынның бәсі артып келеді

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әлем банктері доллар жинау дағдысынан бас тартып, резервтерді әртараптандыруды жалғастырып жатыр. Орта­лық банктер 2026 жылы 900 тонна­ға жуық алтын сатып алады деген болжам бар. Демек, ақша нарығындағы тәуекелдерді бағалау алтынның пайдасына шешілетін түрі бар. Сарап­шы­лардың пікірінше, инвестор үшін басты мәселе – алтын­ның құнында емес, қандай макро­экономикалық режім басым болатынында.

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Алтын бағасы күннен күнге өсіп жатыр. Былтыр жылдың аяғында бір грамм алтынның құны 73 мың тең­ге­ге жетті. Ал 1 желтоқсандағы бағасы 68 мың теңге болған еді.

Ұлттық банк 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге және жекелеген банктік емес айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 438,4 кг болатын 8,3 мың өлшемді құйма алтын сатқанын хабарлаған еді.

Әлемдік банктер өткен жылдың аяғында 2026 жылға арналған болжамдарын жаңартқан-тын. Сонда алтын бір унция үшін 4–5 мың долларға дейін қымбаттай беретіні айтылған.

Қаржы сарапшысы Әнуар Үшбаевтың айтуынша, алдағы бес жылда күнделікті қажеттіліктен ауысқан қаржыны алтынмен сақтаған дұрыс. Қазір алтынды акциялар, облигациялар, қорлар арқылы сатуға болады әрі олар барлық брокерге қолжетімді. Алтын мен күмістің бағасы Нью-Йорктегі Comex биржасында рекордтық деңгейге жетті. Егер 2025 жылдың басынан бергі баға динамикасына көз жүгіртер болсақ, алтын бір унция үшін 1 мың доллардан астам сомаға қымбаттады әрі бұрынғысынша қорғаныс активі ретінде жоғары сұранысқа ие бағалы тас ретінде қала берді. Сарапшылар бұл өсімді жаһандық экономикалық белгісіздікпен, әлемдік экономикадағы ақша-кредит саясатының жұмсаруын күтуімен байланыстырады.

Желтоқсан айында Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council, WGC), британдық Bullion Vault онлайн платформасы мен канадалық Visual Capitalist медиафирмасы алтын туралы есеп-қисабын ұсынды. Үш талдамалық орталық та алтынды сенімді инвестиция құралы болып қала беретінін, көптеген мемлекет бұл бағалы металды рекордтық қарқынмен жинақтап отырғанын жария етті.

Кейінгі мәліметтерге сүйене отырып, WGC мемлекеттердің орталық банктері 53 тонна алтын жинап, 2025 жылдың басынан бастап айлық рекордты жаңартқанын мәлімдеді. Ал Нью-Йорктің Comex биржасы жыл аяғында алтын фьючерстерінің бағасы еселеп өскенін хабарлады.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Ал Visual Capitalist онлайн басылымы­ның мәліметтеріне сенсек, әлем елдерінің арасында Форт-Нокс пен Нью-Йорктің Федералдық резервінде 8 133,5 тонна алтын жинаған АҚШ көш бастап тұр әрі бұл көлем ондаған жылдар бойы өзгерген жоқ.

Екінші орынды 3 351,6 тонна бағалы металымен Германия иеленіпті. Үшіншісі – 2,8 тонна алтыны бар Халықаралық валюта қоры (ХВҚ). Төртінші орынды 2 451, 9 тонна қымбат металы бар Италия алса, одан кейінгі орында Франция тұр. Олардың ізін ала Ресей мен Қытай, әрі қарай Жапония орналасқан. Бұл елдердің бәрі алтын жинау жағынан алғашқы ондықтың қатарына енген.

Қазақстан да қалыспайды

Былтырғы жаздың басында біздің елдегі алтын қоры 30,8 млрд долларға, яғни елдегі барлық алтын-валюта қор­ла­­­ры­ның 58,7 пайызына бағаланды. Бұл көр­сеткішімен Қазақстан әлемде 20-орын­ды иеленеді.

«Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің құрылымы Ұлттық банк­тің стратегиясы мен халықаралық үрдіс­теріне сай тұрақты түрде өзгеріп отырады», дейді Finprom.kz.

Мысалы, 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі елдегі алтынның резервтегі үлесі 15 пайыздан кем, кейде тіпті 10 пайыз­дан төмен болған. Одан әрі алтын үлесі біртіндеп өсе бастады. 2022 жыл­ғы маусымға қарай ол рекордтық 70 пайыз­ға жетті. Осыдан кейін Ұлттық банк алтын сату және ЕАВ-дағы активтердің үлес салмағын ұлғайту мәселесіне бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде 2024 жылдың соңына қарай үлестер іс жүзінде теңестірілді. Қазір алтынның пайдасына қарай біршама артықшылықтарды байқауға болады.

Алтын туралы ақпарат беретін Tra­ding Economics порталында біздің елге қа­тысты қызық мәлімет жарияла­нып­­ты. 2025 жылдың үшінші тоқсанында Қа­зақ­станның алтын қоры екінші тоқсан­дағы 306,16 тоннадан 324,37 тоннаға дейін өскен.

Дүниежүзілік алтын кеңесі алтын бағасына қатысты үш нұсқаны қарас­тырып отыр. Алғашқысы – «аздап құбы­лу» сценариі. WGC бағалауы бойын­ша, нарық қатысушылары АҚШ-та экономикалық өсімнің баяу­лауы мүмкін екендігін алға тартады. Интеллект (ИИ) имитациясы қор нарықтарына бағыттал­ған қысым күшейе түсетінін болжайды. Демек, тұтынушылық белсенділік төмендеп, экономиканың дамуы тежелуі мүмкін. Базалық мөлшерлемелердің төмендеуі, доллардың әлсіреуі алтын­ның пайдасына қарай шешіледі. Бұл сценарийде WGC алтын бағасы 2026 жылы өткен жылмен салыстыр­ғанда 5–15 пайыз­­ға өсуі мүмкін деп болжайды.

Екінші сценарий – оптимистік болжам. WGC әлдеқайда экстремалды сцена­рийді бөліп көрсетеді. Сауда шиеле­нісі, шешілмеген өңірлік қақты­ғыс­тар немесе жаңа геосаяси ошақтар жаһан­дық сенімге нұқсан келтіріп, тәуе­келге бармауды күшейтеді. Мұндай жағдайда кәсіпорындар инвестицияларды, ал үй шаруашылықтары шығыс­тарды қысқартуы мүмкін. Бұл кері байла­ныс­тың пайда болуына әкеледі, ол эконо­микалық өсуді одан әрі әлсіретеді. WGC мұны «рок ілмегі» деп атады. Мұндай жағдай АҚШ ФРЖ-сы мөлшерлемелерді агрессивті түрде азайтуға, кірістіліктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл өз кезе­гінде инвесторларды алтын алуға итер­мелейді. Алтын үшін күрес одан са­йын күшейіп, бағалы металдың баға­сы 15–30 пайызға өсіп кетуі әбден мүм­кін. Бұл болжамдағы негізгі фактор метал­дың қауіпсіз актив ретінде тартым­ды­лығына және инвесторлардың жоға­ры сұранысына кері әсер ете алмайды.

Үшінші сценарий – «Рефляцияны қайтару» болжамы. WGC-дің үшін­ші ықтимал нұсқасы Дональд Трамп әкім­шілігінің фискалдық және эконо­микалық саясатының табысты болуын болжайды. Мұндай «рефляцияны қайтару» сценарийінде инфляция қайтадан өседі, бұл ФРЖ-ны мөлшерлемелерді төмендетуін тоқтатуға немесе керісінше, оларды арттыруға мәжбүрлейді.

Неғұрлым жоғары пайыздық мөл­шерлемелер мен АҚШ долларының нығаюы барлық нарықта тәуекелге бейім­діліктің өсуіне әкелуі мүмкін, бұл алтынның тартымдылығын төмендетеді. WGC бағалауы бойынша, мұндай сценарий кезінде алтынның бағасы келесі жылы 5–20 пайызға көтерілуі мүмкін.

Орталық банктер тарапынан алтын­ға сұраныстың бәсі төмендеген емес, Дамушы нарықтардың резервтері бұрын­ғысынша дамыған елдердің жинақта­рынан артта қалып отыр.

2026 жылға арналған алтын бағасының WGC үш болжамы да экономикалық белгісіздікке, нарықтың ағымдағы және әлеуетті тұрақсыздығына байланыс­ты екенін байқауға болады. Орталық банк­тердің кен өндіру мен алтын балқы­туды сатып алуы оған қосымша қол­дау көрсетуі мүмкін. Белгілі бір сцена­рийлердегі мұндай сатып алулар мен шектеулер жағдайдың нашарлау тәуе­келін де көтереді. Тұтастай алған­да, алтынның әртараптандыру және күйзелістерден қорғау құралы ретіндегі рөлі өзгеріссіз қалып отыр.

Қаржы сарапшысы Ерлан Ибрагимнің айтуынша, алтын инфляцияға жұтыл­май­тын бағалы ақша. Базалық мөлшер­леме жоғары болса да банктердің тұрақ­ты­лығы мен теңгенің қуатына деген сенім аз. Теңгенің девальвациясы эволю­циялық жолды бастаса, алтын доллармен қатар өсіп жатыр. Сарапшы айтып өткендей, алтын сатып алу үшін қаржы­лық сауаттылықтың түк те қажеті жоқ. Акция­лар, облигациялардың құнын болжау үшін сауатты түйсік керек. Ал алтын мыңдаған жылдар бойы құнын жоғалт­пайтын ең сенімді актив. «Алтын ұзақмер­зімді перспективада сатып алу қабіле­тін сақтайды. Теңге әлсіреген кезде оның ұлттық валютадағы бағасы автоматты түрде өседі» дейді сарапшы. 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 11:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see117

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

08 Шілде 2026 22:14see116

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see115

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see115

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see113

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

09 Шілде 2026 08:18see111

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

09 Шілде 2026 11:59see110

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

08 Шілде 2026 22:41see108

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

09 Шілде 2026 10:12see108

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see108

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see107

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

09 Шілде 2026 00:22see106

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

09 Шілде 2026 08:16see106

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see106

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see105

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

09 Шілде 2026 10:31see105

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see105

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see104

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

10 Шілде 2026 10:42see104

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары